Өлеңдер ✍️

  19.05.2021
  322


Автор: Қадыр Мырза Әли

«Қарбыз»

Шашсыз жүр деп басқалар,
Алдырып ем шашымды.
Құрдасымның оспадар
Қылығына ашындым.
— Піскен бе деп «қарбызың»?—
Шықпай қойды қасымнан.
— Піскен бе деп «қарбызың»?—
ІІІерте берді басымнан.
Әзер жетті төзімім
Зорлығына істеген.
Меніңше, сол өзінің
«Қарбызы» әлі піспеген!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу