Өлеңдер ✍️

  19.05.2021
  172


Автор: Қадыр Мырза Әли

Бұлақ

Ойында жоқ құрдым кезбек, қаңғымақ,
Ойында жоқ кірпік ілмек, қалғымақ.
Қайдасың деп жасыл жайлау, жасыл бақ,
Ағады кеп, ағады кеп бал бұлақ.
Аялдау жоқ, кідіру жоқ далада,
Ағады кеп жан-жағына қарамай,
Атасының тапсырмасын асығыс
Орындауға бара жатқан баладай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу