Өлеңдер ✍️

  19.05.2021
  277


Автор: Қадыр Мырза Әли

Қасиетсіз қамқорлық

Күнбағарға Бұлт айтты:
— Білмеймін мен балтайтты!
Тасбауыр жан демегін,
Қашан да әзір көмегім!
Күн көзінен сарғайып
Кетесің ғой,
Қорғайық!—
Жапты сөйтіп күн көзін,
Қамқоршымын деді өзін.
Айлап аспан ашылмай,
Жауды жаңбыр басылмай...
Сәуле болмай жан бағар,
Піспей қалды Күнбағар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу