Өлеңдер ✍️

  19.05.2021
  297


Автор: Қадыр Мырза Әли

Өшіргіш пен Қарындаш

— Кемшілікті сүймеймін,
Ешкімге бас имеймін!
Бұрысыңды өшірем,
Дұрысыңа тимеймін!—
Деді Өшіргіш досына,—
Сен не дейсің осыма?!
— Бұрысты, рас, сүймейсің,
Дұрысқа, рас, тимейсің.
Сол дұрысты бірақта
Мақтауды да білмейсің!—
Деді сонда Қарындаш,
Ойлансаңдар, бұл да рас!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу