18.05.2021
  343


Автор: Кәмел Жүністегі

Ұлттық музыканың тағдыры нешік?

Ұлттық музыканың бүгінгі халі, оны қорғау керектігі жөнінде бүгінде аз айтылып жүрген жоқ. Осы жөнінде тер төгіп жүргендер жетерлік, әсіресе соның бірі Е.Тө- леутайтегінің пікірі ұлттық музыканың сүйер жанашыр қауымның көңілінен шыққаны даусыз. Әлемнің қай елі, қай ұлты болмасын жаһандану деген аждаһадан құтылу үшін жанталасып жатқандай. Бейғам біз. Тіпті жұта бер деп отырғандаймыз. Ешкім ештеңе оқымайтын заманда (ауылда болсын, қалада болсын талай-талай үйлерден ырымға газет, не журнал таппайсың), жұрттың бәрі сайқымазақ әндер мен жалаңаш қатындарды көрсететін тележәшікке телмірген за- манда ұрпақтың жүрегіне ұлттық сезімді үрлейтін, жүрегің билеп, санасына «мен қазақпын» дейтін сезімді, намысты орнататын жалғыз-ақ тетік қалды. Ол қазақтың ғасырлардың сынынан өткен ән-күйі ғана. Біржан салдың, Ақанның, Үкілі Ыбырайдың, Мұхиттың, Абайдың әндері бойына сіңіп өспеген ұрпақ қазақ мемлекетінің көсегесін көгертеді деу әбестік,әпенділік.


Қазақтың музыка өнері жығылып тұрудан жазбай келеді.


Сонау «Целина, тың» деген тұста қазақты тарс-керең етіп, аудан-ауыл деген жерде қазақша ән айтуға тыйым түсіп, даланы орыстың «частушкалары» билеп кетіп еді. Бес-алты жыл өткізіп, сілкініп жастар тұрдық. Дайындалуға клубы- ның сахнасын бермесе де, коридорда бас қосып, сахнаға еріксіз шыққан күндер болған. Жұрт сілкінеді, даланы қайта қазақ әуені басқан шақ туған.


Енді тағы да жығылып жатырмыз. Ерлан айтқандай,


«кертартпа күштер» қазақтың ел болғанын қаламайтындар қазақ музыкасын «тобырлық музыка» алдында тізе бүк- тірді. Қазір біз өлген жоқпыз, астында жатып шайнасып жа- тырмыз. Бізді буындырушы «Қос жұлдыз», «Азия дауысы» сияқты қазақ өнеріне үш қайнаса сорпасы қосылмайтын, фонограммамен айтпаса әннің мәтінін білмейтін жанын да, рухын да ақшаға жалдаған әншісымақтар. Бізді әлі де сақтап тұрған қазақтың төл мәдениеті, өзіндік қалпының рухының лебі.


Қазір «жынды дауыс» деген шығыпты, дұрысы шынайы дауыс қой. Сонау өткен ғасырдың алпысыншы жылдары- ның орта шенінде Қарағандыға келген Жүсіпбек Елебеков


«жазғы театрда» концерт қойғаны есте. Ол кісі «адам-ның да- уысын бұзады» деп микрофонның өзін алдырып тастағанын көрдік. Ғажайып кең үн театрдың ішіне сыймай кернеп тұрды. Әнді Рабиға Есімжановадан әнді қазақтың өз мәнерімен ай- татын әншілер қайда? Жаңыл Қартабаева домбыраны шер- те отырып (қәзіргіше даңғырлатып емес) жиырма бесті айтқанда үлкендердің көзіне жас алып отырғанын көрдік. Сол үндер қандай қиын заман болса да жұртты серпілтті, ұрпақтың төл мәдениетімізге деген көкірегінің көзін ашты. Еркегі қиқаңдап, ұрғашысы селтең-деп адам ұқпайтын бірдеме айтып тұрған «жұлдыздардан» елдің күтері шама- лы. Құлаққа кірмейтін, жаныңды тебірентпейтін осы әндерді тыңдаған жұрт әуелде «мына бейшаралардың ісін-ай» деп күлетін еді. Жұрт әуелде мұны кездейсоқ уақиғаға балады, көрініп қалғысы келетіндердің әуресі деп бағалады. Күлудің соңы домбыраны түсінде көріп, жоқтап жылауға айналды. Әлі де ұлттық музыканың сарыны көкірегінен үзілмеген орта буын мен үлкендердің қабырғасы қайысты. Қайда барсаң Қорқыттың көрі дегендей ұзату, келін түсіру тағы-тағы тойлардың бәрі адам түсінбейтін, мәтіні сорақы әнге, есті тандыратын дүңкіл-дүңкіл «музыкаға» толды. Мұндай сорақы тойды тастап кетуге қазақ қасиетті санайтын дастарханды аттап кете алмай, жазықсыз той иесін қиып кете алмай дел- сал болған елдің көрген күні осы.


Халықтың көкірегінен шыққан дәстүрлі әндеріміздің жоғалып бара жатқанына ойын-тойға жалдамалы әншілерді шақыру да өз үлесін қосуда. Қай тойда болмасын халық бұрын жүздеген адам қосылып ән шырқап, іштегісін де төгіп, арман-қиялдың жетегіне де еріп мәз болушы еді. Халық әнді үйренетін, ән айту, ән тыңдау мәдениеті өсетін. Қәзір оның бірі жоқ. Жалдамалы әнші аты белгісіз біреудің өзі ғана түсінетін бірдемесін айтқан болады. Көңілсіз тыңдалған ән, көңілсіз жуат. Әйтеуір селкілдеген би бар. Оның да сөзі жат, әуені бөлек. Мүмкін балағаттап жатқан шығар, онда тағы ешкімнің жұмысы жоқ. Оу, қайда келдік біз сонда? Қытай та- рихшысы Сома Цянь жазғандай «апырақтаған, ардын- гүрдін, әлем-жәлем ән» бойынды еліктіріп әкетсе, онда халықтың


 


азғындыққа салынып, аласапыран күй кешкені» дегендей хал басқа келмесе игі.


Ел іші қаптап кеткен әншілердің «творчестволық», не ме- рейтойларына толы. Сол әншінінің домбыраны бір көрсетіп, көз тиетін баладай тығып тастап, әр жағы фонограммаға сүйенген балдыр-батпақ әнімен бітеді. Ақын да өзі болуы мүмкін. Атақты Қалтай Мұхаметжанұлының «жасымда өлең жаздым,соны бір көреген адам тыйды,қазақ әдебиетін «мен керемет ақынмын» деген өркөкірек біреуден құдай сақтады» дегенін естіген едік. Ең болмаса осыны да ескермейтін заманға дәл келдік.


Тележәшіктің көрсететіні қазақтың төл мәдениетін қыршынынан қиятын, жат дүниелер. Домбырамен ән айту деген атымен жоқ десе болады. Бұл, әрине, теледидардан беруге қажетті материалдың жоқтығынан емес, ізденуге ынтаның аздығынан, немесе Ерлан айтқандай керітартпа күштердің ықпалынан. Өткен жылы атақты Қақпан ақынның 80 жыл біреудің қолында тұрған домбырасын тауып алдық. Газетке жаздық, ал, теледидар үнсіз. Сонау Ақсораңның биігінен көне заманда мыс қорытқан пеш табылды, тағы да үнсіздік. Жаппай атылып кеткен Қыздарбек күйшінің шәкірттерінің күйлері, шығу тарихы қолда, ол туралы бірде бір жөні түзу хабар жүргізілген емес. Аспан әлемі, ондағы жұлдыздар орысшадан аударған атауымен қазақтың Үркері Бикеш (орысша Дева) атанып жүр. Осы Аспан әлемі туралы ең болмаса жарты сағаттық хабар ұйымдастырайық деген сөзіміз өтпей қойды.


Мектептердегі   ән-күй   сабағының   берілуі   де   көңілді


көншітпейді. Мектеп бітірген жастардың талайын ұлттық музыкадан, ұлттық мәдениеттің негізінен, ұлы далаға де- ген, сол ұлы даланы мекен еткен ата-бабасына деген сүйіспеншіліктен, бүгінгіше айтқанда патриотизмнен қалыс қалып жатыр десек те артық айтқандық емес. Қол көтеріп, машинамызға мінген үш жігіт тоғызыншы сыныпты бітіріп, техучилищеге түскеніне екі жыл болыпты. Сөз реті қазақ әндеріне ауысқанда білгеніміз Мәдидің атын естімепті, оның «Қаракесек» әнін есіне түсіре алмады. Біржан салдың болғанын да білмейді. Сонда, мектепте ән сабағында тоғыз жыл бойы не бітірген деген сауал көңілге тіреледі. Ән-күйдің


 


оқытушысы «ми-фа-соль»-ді үйреткеніне риза шығар. Бірақ ұлтқа керегі «ми-фа-соль» ғана емес, ұлтын сүю, мәдениетін ардақтау емес пе. Осы жерде, еріксізден, мектептегі ән саба- ғының ұстаздарын аттестациядан өткізу керек деген мәселе шығады. Анау Ақан сері, Біржан сал, Сегіз сері, Үкілі Ыбы- райды біле ме екен сол пенде. Білмесе оны сабағына кіргізе алмаса, мектепті айналып жүргенін немен ақтауға болады.


Аудандарда мәдениет бөлімдері, ауылдардың көбінде мәдениет үйлері бар. Олар ондай-мұндай шаралар өткізуден кенде емес. Концерттерде баршылық. Әттегенайы, сол кон- церттерде халық әндерінің орындалуы жоқ десе де бола- ды. Кейбір домбырамен ән орындаушылар бастықтарының халық әндерін айтуға қарсы екенін білдірген. Ұлы Абайдың мерей тойында сол мәдениет сарайында толып жүрген, айқай-ұйқай, діңгіл-діңгілмен жүрген әнші сымақтардың ішінен Абай әндерін орындайтын бір адам табылмағанын көзіміз көрген. Кәзір де табан асты бара қалып, сонда жүрген


«әншінің» біріне Біржанның бір әнін орындап бер деп қолқа салсаң оның домбырасының шегі үзілетініне күмән жоқ. Қазақтың кешегі өткен әншілерін көзге елестетіңішші. Қайсы бүйтіп жалтарар еді. Мәдениет саласында ән айтқан боп, күн көру үшін жүргендерден де құтылу қажеттігі кезек күттірмес мәселе болып туындап тұр. Мәселені қабырғасынан қойып, тікелей сараптама жүргізбесе бұл батпаққа ұлтты батырып тындыру халіне келдік.


Мына көрші Қытай көңіл көтеретін (развлекательный) ха- барлары үш есеге қысқартып, оның орнына ұлт мәдениетін насихаттайтын хабар жүргізуі керектігін айтып, шешім шығарды. Бір жарым миллиард халқы бар қытай өзін өстіп қорғап жатыр. Ал, дәстүрлі өнеріміздің көрген қағажауының шеті көрінбейді.


Осындай немқұрайдылығымыз төл мәдениетіміздің же- рінуге әкелгенінің куәсіміз. Қалаға жүретін таксист жігіт аты қазақ иесі орыс, неміс шата әндерді қосып берсін. Құлақ сар- сыды. Шырақ, қазақтың төл әндерін қоссайшы дегенімізге,


«ол сіздің заман, ендігі біздің заманға таласпаңыз» деп дүңк етті. Сүйегімізден өткен бұл қорлықты басқа таксистерге айтып едік, олар ол бейшараны мүйіздеп, ақыры аралары-


 


нан қуып тыңды. Одан не шықты, не ұттық? Талайлар жүр жөргегінен шошынып.


Енді бір жолы таксистің қойып отырған әнінің мәтінін естіп жанымыз шырқырады. «Әншіміз» бір «ақынның» сөзіне жазылған мәтінде әйеліне «ұрыссаң алдындамын, ұрсаң жаныңдамын» деп көйтіп тұр. Естігін келгені осы шығар, ал ендеше есті. Қай қазақтың қатыны байын сабапты? Отбасының беріктігін сақтаудың жолы осы болғаны ма?


Домбыраны өңгеріп біраз жүрген, не оншақты жыл ән ай- тып көрініп қалған біреулер шатып-бұтып ән шығар-ғансып жүр. Пәленше-екеуінің мерейтойына, пәлен қаланың пәлен жылдығына деген әндерден аяқ сүрінеді. Жүректі билеген сыр- лы сезімнен тумаған бұл ән қазақ музыкасының шаңырағына уық боп қадала қояр ма екен. Сонау жиырма екі жасымызда саяси айыппен Сібір айдалып, елді сағынып шығарған бірер ән де болушы еді, соны жұртқа ұсынуға бетіміз шыдамайды. Ал, қойыртпаққа толы мәтінінде мән жоқ, сазында сезім жоқ әнсымақтар қазақ музыкасын тұншықтырып барады. Осын- дайдан еріксіз ән мәтіндеріне цензура қою керек дейсің. Ән мәтіні Жазушылар Одағының талқысынан өтуі қажет дейді ел. Цензура ұлт өнерін тап-татпаудың кепілі болсын дейсің. Осы пікірдің де қателігі жоқ-ау, сірә.


Ерлан кей әншіні «Қызтеке» депті-ау. «Өгіз мүйізді сиыр-


да сүт болмайды, сиыр мүйізді өгізде күш болмайды» дейді қазақ. Қазақтың ащы әнімен әуен жарған, қоңыр үнімен жанынды тербеген өміршең әндеріне не жетсін. Тек осы- ны қорғау керек. Ол үшін ұлттық музыканы қорғау туралы заң керек. Ол заңның пәрменді орындалуын қадағалайтын механизмін де мықтап ойластырған дұрыс.


Бұл мәселе түбегейлі шешімін таппаса, ұлттық музыканың тағдыры құрдымға кетпек.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу