👈 қаріп өлшемі 👉

  18.05.2021
  96


Автор: Кәмел Жүністегі

Наурыз мерекесі ұлттық танымымызға тән болса

Бастауын Айса пайғамбардың туған күні дегеннен алатын Европаша жаңа жыл мерекесін тойлаудың қалып-тасқан үлгісі бар. Ол безендірілген шыршаның, аяз ата-ның, қар қызының болуы дегендей. Күнбатыстың бұл рәсімі жастардың санасы- на батыстың салтын ұялатып, дүниетанымымыздағы ұлттық кейіптен алыстатып, ұлттық тәлімге аса үлес қоса қоймайтыны анық. Осыған байланысты шығыс еліне тән, әсіресе өзіміз жеке меншіктегідей наурызды қарсы алудың көңілге қонар рәсімін ойластырған жөн. Ол европаша жаңа жылды қарсы алу рәсімінен кем болмауға тиіс. Біз ойластырған наурызды қарсы алу рәсімі қандай көрініс беретініне тоқталайық.


Биіктігі бір метрге жуық, жалпақтығы үстелдің бетіндей тұғырға түйенің бейнесі шөгерілген. Бұл қазақ ұғымында қасиетті жануар. Ол ғасырлар бойы қазақ көшін сүйреп келген ұлы түліктің символы. Макет мүмкіндігінше ірі, өркештерінде, балағында, басында желбіреген шудасы бол- ғаны дұрыс. Түйе әбзелдері ақық тастармен безендіріліп, көз тартып тұрса құба құп.


Қос өркештің арасынан өткізіліп, бір ұшы жер тіреген бақан да безендірілген. Шөгерілген түйенің тұғырдан өркеш ұшына дейінгі биіктігі бір метрден кем болмаса ғана көрікті болады. Сол өркеш аралығынан өткізілген бақанның аша ба- сына кішірек шаңырақ кигізілген. Ша-ңырақ күлдіреуіштеріне дейін боялған. Шаңырақтан жо-ғары мәңгіліктің көрінісіндей темірқазық, жетіқарақшы орналасқан.


Шаңырақтан он екі түрлі-түсті бау (уық) түсірілген. Ол баулар түйе шөккен тұғырды айналған шеңберге айнала бекітілген. Міне, осы бауларға мүшел жылдардағы жыл он екі хайуанаттың қуыршақ бейнелері бекітілген.


Тұғырдың төменгі жағына кішірек дөңгелек орнатып, бақанның жерге қараған ұшын соның ұңғысынан өткізіп қоюға болады. Сол дөңгелекшені еппен айналдырып шаңы- рақты бүкіл он екі хайуанаттарымен шырқ айналдырып тұрса он екі мүшелдік цикл әлемді айналып тұрғандай көрініс береді.


Наурыздың туу мезгілі «Құс қанаты» атты жапалақтап жауған қармен тұспа тұс келеді. Сол себепті залда жауған қар, сіркіреген жаңбыр көріністері де жасалғаны дұрыс. Ме- реке басталар тұста Қызыр атамен қатар тартылған сым арқылы әлденеше құс макеті ұшырылып, жылмен бірге кел- ген қаздың қаңқылдаған үні естіледі.


Бұл күні ұлттық тағамның, ұлт киімдерінің, ат әбзел- дерінің де көрмесін ұйымдастырып, той ән мерекесімен жалғасуға тиіс.


Жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеп, еліміздің іргесін берік еткіміз келсе жыл он екі айдың қай мезгілінде де өтетін мереке мейрамдарға ұлттық рең беруді мықтап қолға алған жөн дер едім. Тіпті бұл жөнінде Президент жанында арнаулы комиссия жұмыс істесе артықшылығы болмас еді.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы