18.05.2021
  179


Автор: Кәмел Жүністегі

ЖЫЛ ОН ЕКІ АЙ АМАЛДАРЫ

16-22 наурыз – Бес қонақ. Бес күн бұлың, кейде боран болады.


27-28 наурыз – Құс қанаты. Қалықтап қар жауады. Халық бұл ырымды «Қардың басын қар алар, ханның басын хан алар» деседі. Осы қармен бірге жыл құсы ілесе келеді. Кей жылдары жаңбырға да ұласады.


4-5 сәуір – От амалы. Қыстың бір күндік соңғы бораны.


Мұнан кейін қыс малға отты біржолата береді.


18-19 сәуір – Қызыр қамшысы. Аспанда алғаш рет най- зағай ойнап, жаңбыр жауады. (Кей жылдары бір күндік суық та түседі) Отау-отау боп көкте жүзген жаздың бұлты шығады. 28-29 сәуір – Бүршік жарған. Бір күндік суық. Тобылғы,


қараған бүршігін жарады.


9 мамыр – Қызыл жұмыртқа. Бір күндік салқын. Осы күні адал құстар қаз-үйрек жұмыртқасын жарып, қызыл-шақа ба- лапанын шығарады.


17-24 мамыр – Құралай. Осы жаңбырмен қоса киік лағын өргізеді.


29-31 мамыр – Үркердің батуы. Үркер шалшыққа батса, яғни осы күндері жаңбыр болса, жаз жаңбырлы болады де- ген ырым бар. Осыдан бір аптадан кейін шілденің ыстығы басталады. Ол 40 күнге созылмақ.


15-17 сарша – Үркердің толғағы. Арқаның табиғаты бұзылмай тұрғанда бұл шамада аптаға созылған жаңбыр болған. Шілденің аптабынан кейінгі осы жауынды халық асыға күткен.


14-15 тамыз – Таразының тууы. Халық арасында «Таразы туа таң суыр» деген мәтел бар. Күз нышаны алғашқы суық білінеді. Бұлт қоюлана түседі.


21-22 қыркүйек – Сүмбіле жұлдызының тууы. Ел ара-сын- да «Сүмбіле туа су суыр» деген мәтел бар. Қабағын түйген күз жаңбырлатып өтеді.


4-5 қазан – Боқырау деп аталады. Алғашқы суық бой көрсетіп, боққа қырау тұрады.


 


14-19 қазан – Ақыраптың алты күні деп аталады. Бұл күндері қазақ жұлдызшылары тезектің өте майда күлін сағат сайын ұшырып отырып, желдің бағытын, күшін, бұлттың жоғары-төмендігін, алғашқы ұшқын қардың жобасын бай- қап, қыстың алты айындағы ауа райын болжаған.


18-19 қараша – Қараша қаздың қайтуы. Жаңбыр соңы көктайғаққа ұласады.


4-5 ақпан (М.Әуезов желтоқсанды ақпан айы дейді) – Қырбастың қызылы. Алғашқы аяз, Кей жылдары аяз күрт көтеріліп, 30-35 жетеді.


17-22-ХІІ ай – Теке бұрқыл. Арқаның атақты бораны. Осы шамада арқар мен киік жұптасады.


1-2 қаңтар – Күн таласы. Күн бойы көтереді дейді ел.


Жапалақтап қар жауады (Кейде жаңбыр да сіркірейді).


17-27 қаңтар – Сары аяз. Қыс шілдесі деп те аталады.


Аяздың шарықтау шегі.


3-5 Үт – Үркер ауған. Тас төбеге шарықтап шыққан үркер жұлдызы төбеден сәл батысқа қарай сырғиды. Осыдан кейін Арқада 30 градустан асар аяз болмайды. Бұл күндер бірер күндік борасын жүріп өтеді.


5-7 наурыз – Толқыма. Алғашқы жылымық, Үркер жамбасқа түсер.


17-19 наурыз – Май боран. Бес қонақтың бір күні. Босаға жұлдызының тууына орай Босаға басы деп те аталады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу