Өлеңдер ✍️

  18.05.2021
  289


Автор: Қадыр Мырза Әли

Қанденнің қаһары

Күпті болып көп етке,
Жата бермей бүк түсіп,
Жазығы жоқ Төбетке
Үрді Қанден мықтысып:
— Аф! Аф!— деді,— Аф!— деді,
Қанден бе ол өйтпесе!—
Байлаулымын, қап!— деді,—
Көрсетер ем, әйтпесе!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу