18.05.2021
  240


Автор: Қадыр Мырза Әли

Қуын-ай

Бар еді досымда
Кішкене ала доп,
Біздің үй қасына
Ойнайтын ала кеп.
Сол допты досымнан
Қиылып сұрадым.
Ол менің қасыма
Жақындап бір адым:
— Бар ғой доп дүкенде,
Сатып ап жаңасын,
Маған бер, сөйткенде
Мұны сен аласың!—
Деп қойды,
Көзімше
Кепкесін жапырып.
Мені бір
Өзінше
Кетпекші қатырып!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу