Өлеңдер ✍️

  18.05.2021
  199


Автор: Қадыр Мырза Әли

Калош пен Ботинка

Көшедегі қою сазды, балшықты
Өте алмайсың секіріп те, аттап та.
Калош кешіп лайсаңды, шалшықты,
Ботинканы тигізбеді батпаққа.
Ботинка айтты үйге жетіп алғасын:
— Таза затты лас затқа қоса ма?!
Енді еденді былғайды ғой ласың,
Қал осында!
Сенің орның — босаға!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу