Өлеңдер ✍️

  18.05.2021
  195


Автор: Қадыр Мырза Әли

Түлкінің «сыны»

Бір ой келіп Түлкіге,
Кітап алды қолына.
Қалғып-мүлгіп ілкіде,
Қарады әрбір жолына.
Деп оқыды: «Кепке анық,
Түлкі — айлакер, Түлкі — ойлы!»
Осыған ол мақтанып:
«Жақсы кітап!»—деп қойды.
Тағы оқыды: «Сол Түлкі
Тауық ұрлап жепті ғой!»—
Сонда Түлкі іренжіп:
«Мылжың кітап!»— депті ғой.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу