18.05.2021
  268


Автор: Қадыр Мырза Әли

Мұң

Ойыншық еді лайық,
Шығарды Омар быт-шытын.
Осыған қатты мұңайып,
Таянып отыр шықшытын.
Қорлығың сенің өтті деп,
Енді оны жақсы көрмейді-ау.
Ойрандағаның жетті деп,
Ойыншық әкеп бермейді-ау!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу