18.05.2021
  411


Автор: Кәмел Жүністегі

ҚАЗАҚТЫҢ ЖЫЛ ОН ЕКІ АЙЫ

Қазақша календарымыздағы ай аттары күні бүгін сәл-пәл елінің тарихына көңіл бөлген азаматтар арасында пікір та- лас туғызып келеді. Әркім өзінше білгенін ортаға салғанның сөкеттігі жоқ, айыптаудан аулақпыз.


1954 жылғы орысша-қазақша сөздікте профессор Н.Сау- ранбаев декабрді – ақпан, январьды – қаңтар депті. Міне, бұл жұрт құлағына кіретін сөз.


Қазақ календарын зерттеушілер арасынан Н.А. Куфтин мен Шоқан Уәлихановты ерекше атауға болады. Бұл мәселені Радлов та қарастырған. Міне бұл зерттеушілер тізбелерінде ай аттарының әр түрлілігі және айлардың ретті орналасуы әртүрлі екені көзге түседі. Куфтинде отамалы ай аты тіпті жоқ, ал Шоқан ол айды мартқа тақса, Радлов май айында әкелген. Зерттеушілердің бірінде ай атының болып, бірінде болмауының өзі біздің ұланғайыр даламызда халқымыздың ай аттарын әртүрлі атай бергендігін күн райының амалы- на қарай айлардың орысша атауларының болғандығының дәлелі. Қазақ есептеушілері бұл аттардың бәрін де білген. Біздіңше отамалы айы Наурыздан кейінгі екінші ай. Ай атының өзі айтып тұрғандай от яғни, шығар көктің амалы. Тоңы жаңа жібіп жатқан далада көктің шыға қоюы да оңай іс емес, осы айдағы қарасуықта қысып көктің қаулап кетуіне жібермей тұрады.


Сол сияқты қыркүйек айы да зерттеушілер еңбектерінде


әртүрлі орын алып жүр. Куфтин мен М. Искаков сентябрь айы десе, В.Родлов октябрь айына балайды. Бұл өзі қыр- күйегі, яғни қырда (Арқа жерінде) күйек алу, күйек байлау туралы болып отырған ұғым.


Балқаш көлінің оңтүстік жағасындағы азғантай ғана жер болмаса Алтайдан Еділге дейін созылған ұлы даланың ауа райының құбылысы бірдей деуге болады. Қазақ айға ат таққанда көңілге келгенін қоя бермей ауа райының құ-


 


былысына, ерекшелгіне, тұрмыстық деңгейіне қарап атап, ретінде дұрыс қадағалаған. Соны біз бүлдіріп алып жүр- мейік. Біз естіп көңілге түйген ай аттары және олардың реті мынадай:



  1. Наурыз – март – Жаңа жыл. Көне түркі аты ұмтылған. Мүмкін шуақ /Ұзынсары / болар.

  2. Отамалы /апрель/ – сәуір – көкті әлі суық жібермей тұрған шақ. Қарасуықтың кезі. Тырбиған көкке мал аузы жаңа іліге бастаған мезгіл. Қараөзек деп те атайды.

  3. Көкек /май/ – мамыр – Көкек шақырған, көк молай- ған тұс. Мамыр деп те атаған. Жер бәйшешекке толып ма- мырлаған кез.

  4. Шілде /июнь/ – ыстық аса көтерілген уақыт. Үркер көрінбейді.

  5. Сарша /июль/ – маусым. Бұл айда жасыл желекті өңір құбақан тарта бастайды. Сарғажал белгі көрініс береді. Айдың соңғы шамаласында егін саржағал тартады.

  6. Тамыз /август/ – Далада жидек, тауда қарақат піскен,


тамылжыған шақ. Қуырған ыстық қайтып, өте берген жазды көңіл де қимай, тыраулар шырқ айнала ұшқан тырналарға елегзи берген түс.



  1. Қыркүйек /сентябрь/ – Түн суии, яғни үркер көтеріле, Таразының таң сууы, түннің салқын тартуымен ұласып, арамза болмақ үшін ел қошқарға 90 күн күйек байлаған.

  2. Қазан /октябрь/ – Қоңыр күздің сіңген шағы, Кәрі- құртан малды тауысып, қыстың қара қазанның қамын еске алған шақ. Кейде Бозқырау, боқырау деп те атайды. Алғашқы қырау.

  3. Қараша /ноябрь/ – Атының өзі айтып тұр. Жер әлі қараша, яғни тұна бастаған аппақ қар жоқ. Бірақ биік шоқ талдың көлеңке түбінде ептеген қар болуы мүмкін.


«Қарашадан қар қалса, жұт болады» деген «қараша – қауыс, кәрі құртаң тауыс» дейді.


Ол қысқа салар малыңды ретте, қысқа шыдамасын сой- ып ал дегені. Бұл айды Желтоқсан деп атайды. Себебі үш айдың басын шалған (тоқсан, тап тоқсан күн болмаса да) күздің желді суықтарына байланысты.


 



  1. Ақпан (декабрь) – Қарашаның қара жері көрінбейді. Әлемді әппақ ұлпа басады. Төбе, таулар, ай-дала жұмырт- қадай біркелкі. Қыстың қысқа күнін ел ат адымындай ғана деген. Ақпанды ат адымындай деген сөздің мәні осы.

  2. Қаңтар – Қар әбден бекіген. Ұсақ мал қаңтарылып (өз бетімен жайыла алмай) қолға қараған шақ. Жылқы да бір жерге тебінге түскен. Қыстың қысқа күні қарға адым ұзаған шақ, яғни ақпандағы ат адымындай күнге қарға адымындай уақыт қосылады деген сөз.

  3. Үт – басқаша аты сақталмаған. «Үт – малыңды күт»,


«Үт келді – жұт келді» деседі. Мал ерекше күтімді керек етеді. Қар әбден қатқан. Мал ари бастаған. Оның үстіне Арқа жеріне тап осы айда (1953) мұз қатады. Жұт жылдары ерекше қалың қар жауып, жер бетін екі-үш елі мұз басады. Жылқы тебіннен қалып, жұт басталады. Үт-жұт дейтіні содан. Үт сөзінің түп мәнін осы күнгі көпшілік біле бермейді. Сондықтан біздің ай атауларын жасаушыларымыз жұртшылық сұрауынан қашып, көне сөз, көне ай атын еске алғысы келмейтін сияқты. Бұл айда терезеден түскен сәуле ерекше бір ақшыл реңге боя- лады да, сол сәуледе тап-таза үйдің өзінде ұп-ұсақ зәредей тозаң жүреді. Міне осы көріністі қазақ үт деп атаған. Атауының өзі сүтке ұқсас соған үңілген бала қиялды да әрі қарай сүйрей  жөнелетін көрініс.


Жазба календары болмаса да жыл он екі айды өзінше


зерттеп, зердесіне түйген қазақ он екі ай ішіндегі әр түрлі амалдарды атадан балаға мирас қып үйретіп, сабақтай бер- ген. Жыл басы Наурызды ел асыға күткен. Қиыншылығы көп қыстан малды аман алып шығамын ба деп қардың тез кетерін не кетпесін білмеген.


Осы күнгі календарь бойынша 14 март күні қыс бойы ат- тылы кісіні көтеріп кететін қар бетінде жатқан құмалақ өз салмағымен батса, жаз тез шығады деген. «Қардың басын қар алар» деген қазақ. Бұл есебі 26-28 мартқа келген. Ол күндері жапалақтап қар жауып, іле еріп, не жаңбыр сіркіреген. Бұл қарды ел құс қанаты деп атаған. Наурызда (осы күнгіше 14 мартта) жаз жұлдызы туған.


Отамалының ызғырық қара суығы өте жәйсіз. Осы ай-дың 4-5 шамасында күн кенет бұзылады. Кейде әжептәуір боран да болады. Сол себепті «Сәуір болмай-тәуір болмас» деген.


 


Сәуірдің тууы 14 апрельге келеді. Алғаш рет күн күр-кірейді. Бөлек-бөлек жаз бұлты шығады. Онан соң бір-екі күнгі жылылық күн 17-19 апрель күндері Қыдыр қамшысы аталған жаңбырмен, не суықпен ауысады. Отамалының 25-27 күндері тобылғы жарғанның қара суығы өтеді.Тобылғы бүршіктейді.


Мамыр-көкек айының 8-9 шамасында күн сәл суытады. Мұны ел «Қызыл жұмыртқа» деп атаған. Бұл күнді адал құс жұмыртқасын жарып, балапан шығарған. Көкек айныың 17-


25 шамасында өтетін Құралайды да ырым еткен. Құралай- дың жаңбырлы болуы егін-шөптің молдығының көрінісі деп те есептеген.


Құралайдың жаңбырынан бір апта кейін, Үркер жерге кіріп, 40 күн шілде басталады. Бұл шілде айы. Шілденің ап- тап ыстығынан кейін Сарша айның 15-17 шамасында туатын Үркер бір-екі күндік желпіп өткен жаңбырмен тынысты бір кеңітіп тастап отырған. Мұны ел «Үркер толғағы» деп атай- ды.


Қыркүйек айында Сүмбіленің суы жүрмек «Сүмбіленің суы жүріп пе екен» деп сұрған қазақ. Сүмбіле жаңбырлы бо- лып өткен жердің көдесінен түбі көк, малға от болады деп жылқыны қыста сол жерге тебіндеткен. Сол айдың 17-19 аралығында болатын салқын да есепке алынып отырған.


Сүмбіле туа су суыса,Таразы туып таң суыған. Қыркүйек айының 20-21 шамасында салқын да белгілі болған.


Қазанның 3-5 шамасындағы суық бозқырау, не боқырау, не қыс амалы деп аталған. Бұл суықта алғаш рет көкті үсік шалып, су бетіне мұз қаймақ тұрады. Осы айдың 20-нан 25-і шамасындағы қардың көрінуін Ұшқын деп атаған.


Қыс ұзаққа созылатын жылдары қарашаның қары 4-5 – інде түсіп, жатып қалады. Осы айдың 17-19 шамасында қай жылы болмасын жылымық болып, кейде жаңбыр жауатынын есепшілер күні бұрын ел құлағына салып отырған.


«Ақпан ақырып келеді» дейді ел. Осы айдың 5-7 ша- масында аяз көтеріліп, 30 градусқа дейін жетеді. Мұны Арқа елі Қызыл, Қырбас өлген Қызыл деп те атайды. Айдың 15-20 шамасында атақты Теке бұрқыл бораны соғып өтеді. Теке бұрқылдан соң айдан асаға созылған Сары аяз – Қыс шілдесі өтеді.


 


Қаңтар айының 3-5 шамасы кейде қатты аязды, не жа- палақтап жауған қарлы, жұт жылдары жаңбырлы боп ке- леді. (Күн таласы) 1978 жылы 2-3 январь күні қатты жаңбыр болды. Қыстың ең қиын айы. «Күн көзі қыраулы, қыс күніне мәлім жоқ» деген қазақ. Осы айдың 29-30 шамасында Үркер тас төбеге шығады. Бұл сары аяздың бітуінің белгісі Сол күндері күн де сәл жылып, белгі береді. Үт айының 3-5 шамасында күн бұзылып, бұрқасын болады. Мұны ел


«Үркердің ауысуы» – деп атаған. Бұл Саршадағы «Үркердің тууынан» тура 6 айдан кейінгі құбылыс. Онан кейін аяз өрлей алмайды.


Біздің уақытымызда ұлы даланың табиғи тепе-теңдігі Аралдың тартылуына байланысты күрт өзгерді, жаз бойы бойына жылу жинап, қыс бойы соның шапағатын иен далаға беріп,аязын жұмсартқан Арал жоқ. Сол себепті қазіргі аяздан март айында да 30 градус төмен болмай жүр. Үт айының 15- 17 шамасында жылымық боп, кейде жаңбыр жауып кетеді. Осының ақыры 21-23 шамасында болып өтетін Бөрі сырғақ атты борасынға ұласады. Бұл Боранда ит-құс жұпталып, қаншығы жерік болады.


Наурыз айының 5-8 Үркер жамбасқа түсіп, осы ша-мадағы


жылымық бір-екі күндік қармен ауысып, мүйіз-кигіз болып тұрып, осы айдың орта тұсындағы борасынға ұласады. Жыл он екі айдың амалдарын мал шаруашы-лығымен, тұрмысымен байланыстырған ел келер күннің жауын-шашынын,бұрқасын боранын көңілге түйіп есептеп, жұлдызға қарап шамалап отырған.


Сырлы аспанның сырына қаныға білген ата-бабаң.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу