18.05.2021
  402


Автор: Кәмел Жүністегі

ЖҰЛДЫЗДЫ ӘЛЕМНІҢ ҚАЗАҚЫ ҰҒЫМЫ

Қазақ баспасөздеріндегі жұлдызды әлем атауларының ғасырлар бойы қалыптасқан қазақы ұғымнан аулақ жат- қанын айтпасқа лаж жоқ. Мәселе біреуді қаралауда емес, алған тәрбиеміздің, көзі ашқаннан бері санамызға сіңірілген ұғымның, Батыстың алдында орынсыз бас шұлғуымыздың әсерінен туған жағдайдың салдарында болып отыр. Бүгінде біз «ләббәйлап» әр сөзін бағып-қағып отырған батыс жұр- тының ғарыш туралы түсінігі Шығыс ілімінің арқасында туындағанын білсек те білмегендейміз.


Көшпелі жұрттың ғарыш туралы ілімге қосқан үлесі де ерекше.Көшпелі мал баққан тұрмыс әр айдың ерекшелігіне, онда туатын жұлдызға байланысты ауа райының құбылуына айрықша мән беріп, аспан шырақтарына көшпелі ел өміріне байланысты ат таққан. Міне, осыны ескерместен орысша ка- лендардан жұлдыз атауларын қазақша шала-пұла аудара салып, жосылтып жатқанымызға «жөн екен» деп айта ал- май отырмыз. Мәселе, ұлттық өнегемізді, өзіндік дүние та- нымымызды қалпына келтіріп, қазақ деген халықты өзіндік асқақ түсінігімен ХХІ ғасыр табалдырығынан әрі өткізіп, әрі құбылысқа, затқа деген өз ұғымымызды ұрпаққа сіңіруде бо- лып отыр.


Күн жолындағы он екі шоқ жұлдызға да қазақ өз ұғымына тән, көшпелі шаруашылыққа байланыстыра ат таққан екен. Қазақша газеттер наурызда туатын жұлдызды «тоқты»деп жүрсе, Ж.Баласағұни өз кітабында оны қазақ ұғымына тән ерекше сүйкімділікпен қозы деп атапты. (Қазақ тоқтым- ай демейді, қозым-ай дейді). Осы айда қазақтың назары- на айрықша түскен жұлдыз Босаға. Бұл жұлдыз шоғының осылай аталуы маңдайына жалғыз, қос босағада да екі- екіден тұрған бұл шоқ жұлдыздың кигізүй босағасын еске түсіруінде емес,оның туу бату шағының жыл маусымына дәл келуінде. Босаға жұлдызы жаз шыға «жаз кірді» деп туады да, қарашада «жаз кетті» деп батыс көкжиекке барып келер жазға дейін көрінбей кетеді. Төрт түлік малды қастерлеген көшпелі ел зеңгі бабаны да ұмытпай сәуір айындағы жұлдыз шоғын торпақ деп атапты.


Орыс календары келесі бір шоқ жұлдызды «Близнецы» дейді. Оны біз тікелей аударып «Егіздер» деп жүрміз. Кейде мұны « Босаға» деп шатастыру да кездесіп қалады. Қосақтап қой сауған қазақ бұл жұлдыз шоғын «Қосақ» деп атаған. Шы- нында да екі қатар айқаса орналасқан бұл жұлдыздар қой қосағын еске түсіреді. Соның жанындағы ромбынын еске түсіретін шоқ жұлдызды қойлы елдің «қотан,шетен» дегенін біз бүгін біле қояр ма екенбіз.


Қазақ ұғымынан алыс қалған бейшаралығымыздың бір көрінісі «үркердің» атауы. Орыс оны «Дева» десе, біз «Би- кеш» деп аударып жүрміз. Әйтеуір «Кәріқыз» демегенімізге тәуба. Кезінде Ж.Баласағұни «Бұғдайбашы» атаған жұлдыз шоғына көшпелі ел «Үркер» деп әдемі ат таға білген.


Табиғат құбылысында Үркердің орыны ерекше екенін халық жақсы пайымдаған. Құралайдың салқыны біткен соң бір жетіден кейін Үркер жерге кіреді де 40 күн көрінбей тұрады. Бұл шамамен 29-30 мамыр кезінде дәл тұс. Үркер жерге кіре 40 күн шілде басталады. Шілде айы осы. Біз бұл айға маусым деп өтірік ат тағып жүрміз. Халық арасында


«Үркер түсе жер қызады», «Үркер туа сорпа ас болады»,


«Үркер көтеріле шөп көтеріледі, бидай бас тартады» деген ұғым бар. Шілденің ыстығы жазда Үркердің жерге түсуімен басталса, қыс шілдесі сары аяздың бітуі Үркердің төбеден аууына дәл келеді. Үркердің табиғаттағы орынын анықтау ерекше зерттеуді қажет етеді. Тіпті Американың көне халқы Ацтектердің жыл басын Үркер тууынан бастауы тегін емес. Үркердің тууына байланысты «Лақ сүмбіле туды, лақ пісті» деген ұғым бар. Лақ сүмбілені кіші сүмбіле деп те атайды. Ол Үркер мен таразының арасындағы кішірек бір жұлдыз.


Аты адасып жүрген бір жұлдыз шоғы «Үш арқар». Оны қазақ тілді бір газетіміз «Сары шаян» деп бұрмалап жүр.


«Қосақ» пен «Үркердің» арасында бір «шаян» бар еді. Қазақ бір әлемге екі атау бермеген халық. Араб «Ақраб» деп, орыс «Скорпион» дегені үшін қазақтың «Үш арқар» атау- ын бұра салғанымыз ұлттық намысқа тимей ме. Ал сол «Үш арқардың» қозысының соңына түскен бір жарық жұлдызды ел «мергеннің шақпағы» дейтінін білсек болар еді.


Қазақ ұғымындағы қазан айындағы негізгі жұлдыз сүмбіле.


 


«Сүмбіле туа су суыр» дейді ел. «Сүмбіленің суы жүрді мек екен» деп сұрайды мал баққан қазақ. Сүмбіленің суы жүрген жер қыста жылқы малын тебінге салуға қолайлы деп есеп- телген.


Қарашада туған жұлдыз шоғын орыс «Стрелец» десе, Петр Первыйдың срелеці есімізден қалмайтынын біз бейбақ


«Мерген» деп жармасып жүрміз. Бұл жұлдыз шоғын Әл- фа- раби бабамыз «Қауыс» (Садақ) деп ашық көрсеткен. Жұлдыз шоғы садақша иіліп, жебесін тартып ақ тұр. Ал, біз болсақ жата қалып аспаннан мылтығын көздеген «стерелецті» іздеп әуреміз.


Желтоқсанда түн жарымда шығыс тұстан көрінетін жұлдыз шоғының да атауы мал баққан елге жат. Оны бар газетіміз орысша «Козерогтан» қазақшалап «Ешкімүйіз»,


«Тауешкі» деп ақ жатыр. Ешкіні «кебенек» деп қарғайтын қазақ кебенегіне шоқ жұлдызды қия қойды ма екен. Әрі соның сол атауы мал баққан қазақтың тұрмыс-тіршілігіне, ауа райына дұрыс келді ме екен деген ойдың ешкімнің сана- сына кірмегеніне қынжыласың.


Қазақ бұл жұлдыз шоғын «Қамбар» деп атаған. Бұлай атау қазақ малының қасиеттісі жылқыға, оның пірі Қамбар атаға негізделген. Осы айда ұлы далада жылқы тебінге түседі. Осының алдында болатын мұздақтан бұрын жылқы малының ішіндегі төл көлденең түсуі тиіс. Болмаса алғашқы мұздақты жұтқан мал іш тастайды деп түйіндейді табиғат пен мал сырын көкірегіне түйген үлкендер.


Қаңтар жұлдызын «Су құюшы», «Су құйғыш» (орыс-шасы Водолейін дегеніміз де қазақ ұғымына қонымсыз. Білмеген жұрт қара көктен су құюшы кісіні, не қол жуғышты іздегендей жағдай. Ж.Баласағұни өз кітабында бұл шоқ жұлдызды


«Көнек» деп дала тұрмысына дәл атаған екен. Аттың тағасындай киілген шоқ жұлдыз көн шелектің «көнектің» ау- зын еске түсіріп ақ тұрған жоқ па. Даланың иісі аңқыған осы атау бізге неге жат болған. Қатемізді неге түземеске деген ой келеді.


Келесі айда Үт жұлдызы туады екен. Европа оны «Ба- лықтар» деседі. Біздің кей білгіштер үт парсының «хұды» деседі. Дей берсін. Ол қазақтық ақ «үті». Осы айда жабықтан, түңліктен, терезеден түсетін сәуледе бозамық ұшқын ұшып жүреді. Ақты «сүт» дейтін біздің халық сәуледегі ақ ұшқынды


«Үт» дейді. «Балықтар» деп атап жүрген жұлдыз тізбегі де осы «үттің еске түсіргендей.


Қасиетті халқымыздың рухы биік ата-бабаларының әруағы үшін көңілді мазалаған ойды қағазға түсірдік. Со- лар қалыптастырған ұғымды ұрпақ санасында сіңіре алсақ бізде арман жоқ. Жұлдызды әлемге көп қараймын. Сырлы әлемнің сан түрлі атаулары мен құпиясынан қапылыста айы- рылып қалғанымызға өкінемін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Нысанбай
Нысанбай 10.02.2023 16:32
Қазақ ұғымынан алыс қалған бейшаралығымыздың бір көрінісі «үркердің» атауы. Орыс оны «Дева» десе, біз «Би- кеш» деп аударып жүрміз. Әйтеуір «Кәріқыз» демегенімізге тәуба. Кезінде Ж.Баласағұни «Бұғдайбашы» атаған жұлдыз шоғына көшпелі ел «Үркер» деп әдемі ат таға білген. Қайдағы Үркер? Үркер грекше Pleiades, орысша ВисожарСтожар, алтайша Мешін. Ал Деваны Бикеш деп аударған Хасен Әбішев! Несі ұнамайды? Арабтар оны Әс-Сүмбілә деген, гректер Virgo, демек Қыз! Арабтар Қыз орнына масақ ал көне түркіге Бидай басы болып аударылды. Мәдени Антрополог

Пікір жазу