18.05.2021
  435


Автор: Кәмел Жүністегі

ЖЫЛ ОН ЕКІ АЙДЫҢ ҚАУЫШУЫ

Ғасырлар бойы мал бағып, көшпелі өмір көшкен қазақ халқы туған өлкесі. Ұлы Даланың табиғатының қалт еткен көрінісін байқаусыз жібермеген. Қазақ табиғаттың нағыз төл баласы. Қазақ ай аттарының өзін табиғаттың көрінісіне лайықтап қойса, сол айда қандай жұлдыздардың туып, алма- суын да жіті бақылап, аспан әлемінің шамшырақтарына тағы да көшпелі өмір тұрмысынан туатын ат таққан.


Табиғаттың үнемі назарында ұстаған көшпелі ел жыл он екі айдың қысы мен жазында, күзі мен көктемінде қай айға қай айдың қауышып, табиғат құбылысы сай келетінін де қатты ескерген.


Ел ұғымында Самарқанның көк тасы еритін Наурыз жылдың басы. Бұл көктемгі түнімен күннің теңелу шағы болса, күзгі теңелу тұсы. Қыркүйектің 23 күніне дәл екен. Міне осыны негіздей отырып, ата-бабаларымыз он екі айдың қауышуын былайша кестелеген.


Қыркүйек – Наурыз Қараша – Сәуір Қазан – Мамыр Ақпан – Шілде Қаңтар – Сарша


Үт – Тамыз


Айлардың бұлайша қауышуы да тегіннен-тегін жа- салмаған. Жыл басынан кейін келер сәуір айы қарашамен қауышса, қарашада қошқарға 90 күн бойы тағылған күйек біржола алынып, аналық ұрықтанып, сәуір айында жаппай төлдейді. Міне, осы жағдай қатты ескеріліп, сол айлардың табиғат құбылысындағы ұқсастықтар есептелсе керек.


Қазан айын ертеде ақраб деп те атаған. Қыстың алты айының болжамы Ақраб кірген алғашқы алты күнде шығарылған. Ол үшін жұлдызшы-есепші сол алты күннің әр сағатын қалт жібермей күл ұшырып отырып желдің бағытын, күшін, бұлттың шығу ерекшелігін күннің суық-жылысын


 


анықтап отырған.


Егер Қыркүйек пен Қараша, Наурыз бен Сәуірдің ауа рай- ын анықтайтын болса шілде (июнь) желтоқсанға дәл келеді. Шілденің ыстығы қыста, қыс шілдесі – сары аяз. Сары аяздың бітуі де Үркердің төбеден аууына дәл келеді. Жаз шілдесі Үркердің жерге кіруімен мамыр айының соңғы күндерінен басталады. Июнь айын маусым деп, келесі айды шілде деу үлкен қателік. Маусым деген сөз «сезон» деген ұғымды беретінін білмеу де ұят.


Табиғат құбылысында Үркердің орны ерекше екенін халық жақсы пайымдаған. «Үркер түсе жер қызады», «Үркер туа сорпа ас болады», «Үркер көтеріле шөп көтеріліп, би- дай бас тартады» деген ұғым қалыптасқан. Үркердің та- биғаттағы орынын анықтау ерекше зерттеуді қажет етеді. Тіпті Американың көне халқы Ацтектердің жыл басын Үркерден бастауы тегін емес. Үркердің тууына байланысты


«Лақ сүмбіле туды, лақ пісті» деген де бар. Лақ сүмбілені кіші сүмбіле деп те атайды. Ол Үркер мен Таразының арасындағы кішірек бір шоқ жұлдыз.


Сарша айы (июль) григориан календары бойынша жыл басы боп тұрған қаңтарға сәйкес келсе, бұл айларда жазда күннің ұзару шегі бітіп, қыста кемуі шегі аяқталады, әрі жазда Үркер туса, қыста Үркер тас төбеден ауып, сары аяз тамамда- лады. Тамыз айы Үт (февраль) айына сәйкес деп есептеледі. Үтті-Балық десіп те жүр. Қазақ ұғымында үт осы айда тере- зеден түсетін күн сәулесі мен сол сәуледе көрі-нетін ақшыл тозаң. «Үт кірді, құт кірді» дейтіні де содан.


Жыл он екі айдың әр айында туатын жұлдыздар да бөлек. Күн жолындағы он екі шоқ жұлдызға да қазақ өз ұғымына тән, көшпелі шаруашылығына байланыстыра ат тапқан екен. Біз Наурызда туатын жұлдызды «тоқты» деп жүргенде Ж.Баласағұни өз кітабында оны қазақ ұғымына тән ерекше сүйкімділікпен «қозы» деп атапты. Осы айда қазақтың назарына айрықша түскен жұлдыз Босаға. Оның аспан әлеміндегі көрінісі мынадай. Маңдайшада   біреу, қос босағада екі-екіден тұр. Мәселе мұның тек кигіз үйдің босағасын еске түсіруінде емес. Оның туу-бату шағында. Бұл шоқ жұлдыз күн жолынан сәл төменіректе орналасқан.


«Жаз кірді» деп наурызда туады да «Жаз кетті» деп қарашада батыс көкжиекке барып келер жазға дейін көрінбей кетеді.


Төрт түлікті қастерлеген ел Зеңгі бабаны да ұмытпай сәуір айындағы жұлдыз шоғын Торпақ (біреуі жарық) деп атаған.


Мал баққан қазақ бүгінде орысша «Близнецы» дегеннен тікелей аударып, «Егіздер» деп атаған жұлдызды «Қосақ» деген. Шынында да екі қатар айқаса орналасқан жұлдыздар қойдың қосағын да еске түсіреді.


Қазақ ұғымынан алыс қалған бейшаралығымыздың бір көрінісі «Үркердің» атауы. Орыс оны «Дева» десе, біз оны


«Бикеш» деп жүрміз. Әйтеуір «Кәрі қыз» демегенімізге тәуба. Кезінде Әл-фараби Сүнбіл, Баласағұни «Бұғдай башы» атаған жұлдыз шоғына көшпелі ел «Үркер» деп әдемі ат таға білген. Біз ұлттық өнегемізді, өзіндік дүниетанымымызды қал- пына келтіріп, қазақ деген халықты өзінің асқақ ой-мен ХХІ ғасыр табалдырығынан әрі өткізгіміз келсе, әр құбылысқа, затқа деген өз ұғымымызды ұрпаққа сіңіре білуіміз қажет. Аты адасып жүрген бір жұлдыз шоғы «Үш Арқар». Оны басы ауырмаған, ұлтқа жаны ашымаған «Сары Шаян» деп бұрмалап жүр. Араб «Ақыраб» деп орыс «Скорпион» дегені үшін қазақ атауын бұра салғанымыз ұлттық намысқа тие ме, ал сол «Үш Арқарды» қозысының соңына түскен бір жарықтау


жұлдызды ел «Мергеннің шақпағы» дейтінін білеміз бе.


Қарашада туатын жұлдыз шоғын «мерген» дейміз. Оны- мыз орыстың «Стрелеці» Әйтеуір Петр Первыйдың стрелеці бар еді-ау деп жармасамыз-ай кеп. Бұл жұлдыз шоғын Әл- фараби «Қауыс» (садақ) деп ашық көрсеткен.


Иіліп, жебесін тартып тұрған жоқ па. Ал, ел болса аспаннан жата қалып, мылтығын көздеген «стрелецті» іздеп әуре.Желтоқсанда түн жарымда шығыс тұста анық көрінетін жұлдыз шоғының да атауы мал баққан елге жат. Оны бар газетіміз орысшасын «Козерог» деп, қазақшасын


«Ешкімүйіз», «Тауешкі» деп жатыр. Қазақ бұл жұлдыз шоғын


«Қамбар» дейтін еді. Бұлай атау қазақ малының қасиеттісі жылқыға, оның пірі Қамбар атаға негізделген. Осы айда Ұлы Далада жылқы тебінге түседі. Осының алдында бола- тын мұздақтан бұрын жылқы малының ішіндегі төл көлденең түсуге тиіс. Болмаса алғашқы мұздақты жұтқан мал іш та- стайды деп түйіндейді табиғат пен мал сырын көкірегіне түйген үлкендер..


Қаңтар жұлдызын «Су құюшы», «Су құйғыш» (орыс-ша- сы Водолейін дегеніміз де қазақ ұғымына қонымсыз. Бірде су құюшы кісіні іздеп, бірде қол жуғышты іздеп әлекпіз. Ж.Баласағұни өз кітабында бұл жұлдыз шоғын «Көнек» де- ген екен. Осы атаудан даланың исі аңқып тұрған жоқ па. Қатемізді неге түземеске деген ой келеді. Төрт түлік малының үшеуіне шоқ жұлдыздың атын берген қазақ «Ойсыл қараны» қалай ұмытты деген ой келеді. Мүмкін оны ұмытып, не ада- сып жүрген біз шығармыз.


Жаздың шығуын асыға күткен көшпелі ел қыстың ұзын қысқа болуына да жорамал жасаған. Жылма-жыл әр айда айдың тууы да әр күнге келе береді. Қыс түсе жаңа айдың туу мен жұлдыздың арасы (күн санауымызбен алшақ болса, қыс созылады деп түйіндейді екен.


Көңілді мазалар жүрген ойды «қағазға түсірдік», Әл- фараби бабамыз айтқандай қатесі болса кешіріп, оң сөзін айтқанға ризамыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу