Өлеңдер ✍️

  18.05.2021
  359


Автор: Қадыр Мырза Әли

Теңеу

Көздері қанығы
Күдіксіз таныды:
Бабамыз болыпты
Даланың балығы.
Сағымда жүзіпті,
Торларды үзіпті.
Тартыпты азапты
Көрсем деп қызықты.
Не кінә тағасың!
Не пәле жабасың!
Көріпті балық боп,
Тағдырдың табасын!
Мың құрбан,
Жүз құрбан,
Ұл құрбан,
Қыз құрбан.
Балықтай қуырған,
Қуырған,
Шыжғырған.
Қармақты қапқаны
-
Қызыл қан аққаны,
Қиналып жағада
Қанатын қаққаны.
Бабамның
Балық боп
Міне, осы тапқаны!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу