Өлеңдер ✍️

  18.05.2021
  185


Автор: Қадыр Мырза Әли

Тағы да қазақтар қақында

Керегіне жұмсай алмас күшін де
Кемшілік бар үлкенімде, Кішімде.
Сәл ертерек ошағының оты өшкен:
Қазақтардың бір қайнауы ішінде!

Тауым биік, Көлім тұнық, Жерім кең,
Кім болса да бізге дос боп көрінген.
Бір жантайса тұру қиын, Жайылып
Жүрген малын қайыруға ерінген.

Қай заманда бұл даладан қашты мұң?!
Қыр тұрғынын шайпау тағдыр шашты мың.
Бабам қазақ бүгін тойса, Оп-оңай
Ұмыта салған кеше көрген аштығын.

Кейбір ері күдер үзіп жасықтан
Күрессе де қалғанынша қасық қан.
Жылдар бойы жауласудан жалығып,
Дұшпанымен тіл табуға асыққан.

Анықталып тарихтағы бағамыз,
Өзімізді қашан іздеп табамыз?!
Бар қонысын алмай әбден игеріп,
Жаңа қоныс армандаған бабамыз.

Керек жерде жұмсай алмас күшін де
Кемшілік бар үлкенімде,
Кішімде.
Сәл ертерек ошағының оты өшкен:
Қазағымның бір қайнауы ішінде!

Қарсы келмес бұл сөзіме жөнді ұққан.
Хандық емес,
Жеке-жеке болдық хан.
Бірде олай,
Бірде бұлай бұл халық,
Қазақ болу оңай емес сондықтан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу