Өлеңдер ✍️

  18.05.2021
  127


Автор: Қадыр Мырза Әли

Тыныштық

Тып-тыныш боп тұратындай әманда,
Тыныштықты ұқпай қалдым табанда.
Табиғатта дөңбекшу жоқ,
Діріл жоқ,
Суретке бір түсетұғын адамдай

Қайран дала көпті көрген кәртамыс
Қалғып-мүлгіп,
Қалғып-мүлгіп тұр, таныс!
Жаратылыс жаратылыс болғалы
Жер бетінде болмағандай арпалыс!

Тіршіліктің бітелген бе құлқыны?
Тым-тырыс-ау,
Тым-тырыс-ау бұл түні.
Тыныштықтың құрсағында осындай
Тентек дауыл, жатырсың ба бұлқынып?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу