18.05.2021
  317


Автор: Кәмел Жүністегі

Қазақтың тоғыз айы

Көне заман жұлдызшы – есепшілерінен бүгінгі бізге там тұмдап зорға жеткен есебінің бір түрі тоғыс айлары. Бұрынғы өткен жұлдызшылар өз білгенін хатқа түсірмеді деуге хақымыз жоқ, ХХ ғасырдағы ел шұбырған аумалы-төкпелі за- манда сан қазынаның түбірімен құрып кеткені анық.Аштықтан тірі қалып, сан белсендінің қитұрқысынан шошынған халық білгенін ұмытып қалған. Бір тайпа ел-дің бүгінгі тірі ақсақалдарынан тоғыс айлары туралы сұрағанымызда көбі естімеген, не «қарағым, есте не қалды дейсің» боп, мардым- ды ештеңе ести алмадық.


Өкіне отырып, халықтың өзі білген,өзі шығарған бұл жүйесін өзіне ұсынуды жөн көрдік. Өмір сүруінің негізгі тәсілі мал бағуда болған көшпелі ел ауа райын күні бұрын болжауды жақсы білген. Осы тұста айдың тууы, оның аспан әлеміндегі орыны,шоқ жұлдыздармен қиылыса өтуі қатты бақылауда болған. Осыдан келіп ай тоғысуы туралы жүйе қалыптасқан. Ай жылдың әр мезгілінде Үркер шоқ жұлдызымен қиылысып өтеді. Аспан әлемінде қозғалған жаңа айдың күн сайын біртіндеп Үркерге қарай жылжып, ақыры «түйісіп» өтетіндей шағын «тоғысу» деп атаған.


Ал, Үркердің де жұлдызшылардың есебінде алар ролі өте зор болған. Мысалы жазда өтетін 40 күндік шілде Үркердің Құралай (мамырдың 17-24 арасы) өткеннен кейін жерге кіруінен 10 күннен кейін басталған. Бұл 40 күнде Үркер аспан әлемінде көрінбейді. Шілде ыстығы – Сарша (июль) айының ортасында Үркердің тууымен бітеді.


Сол сияқты қыс шілдесі – Сары аяз. Текебұрқыл өткен соң басталып, Үркердің қаңтар айында (27-29 шамасы) төбеден ауған шағымен бітеді. Айдың 5 тоғысуы Наурыз күніне дәл келетіні де тегіннен болмаса керек. Бұл қазақтың көне жұлдызшыларының космостық түсінігінің аса білгір-лігін дәлелдей түсетін жағдай.


 














Ай аттары



Ай туатын күн



Айдың Үркермен тоғысу күні



 














































































1.



Қаңтар



20. I



9 тоғыс



2.



Үт



19. II



7 тоғыс



3.



Наурыз



19. III



5 тоғыс



4.



Сәуір



18. IY



3 тоғыс



5.



Мамыр



17. Y



1 тоғыс (айдың бір жаңасы)



6.



Шілде (июнь)



16. YI



23 тоғыс



7.



Сарша (июль)



15. YII



21 тоғыс



8.



Тамыз



14. YII



19 тоғыс



9.



Қыркүйек



13. IX



17 тоғыс



10.



Қазан



12. X



15 тоғыс



11.



Қараша



11. XI



11 тоғыс



12.



Ақпан (ақпан, желтоқсан)



10. XII



 



Кестеде көрсетілгеніндей, ай тууы біртіндеп ілгері қарай жылжып отырса, ай мен үркердің тоғысуы, керісінше, сағат тілінің бағытымен жүреді. Ертедегі жұлдызшы-есепшілер ауа райын болжағанда тоғыс есебін басшылыққа алып, 1-тоғыс мамыр (май) айын бірінші қойған. Әрі қарай жалғаса береді.


мамыр                    қазан


сәуір                       қараша


наурыз                   қыркүйек


Үт                          тамыз


қаңтар                   Сарша (июль)


ақпан                     шілде (июнь)


айларымен қабысып, әр айда өтетін күн амалдары жуық- тасады. Жыл он екі айда кездесетін амалдар туралы бұрын да жазған едік. Сөз реті келгенде айта кететін бір жағдай, кей оқушыларымыздың тым европашыл болғысы келіп, қадым заманнан бері аталып келе жатқан жұлдыздардың қазақша атауын шет тілден сөзбе сөз аударып, әдебиетке кіргізіп жіберді. Соның бірі Үркер шоқжұлдызы Бикеш боп шыға кел- ген. Орысша «Дева» болған соң «Үркер» аузына түспегеннің (не оның білгісі келмеген) қазақшасы солай болыпты.


Енді бір шоқжұлдыз Егіздер атына ие бопты. Орысшасы


 


«Близнецы» ғой. Мал баққан қазақ бұл жұлдызды «Қосақ» (кәдімгі сауатын қойды қосақтайтын «қосақ». Жұлдыздардың айқасуы соны көрсетіп тұр) дейтін де, жанындағы ромбы тәрізді жұлдыз тобын «Шетен» атаған. Жұлдызды әлемге сүйсіне білген көшпелі мал баққан қазақ жұлдыз әлемін өз тіршілік ыңғайына қарай атаған.


Ең бір қызығы кей әдебиетте осы «Близнецы» жұлдызын


«Босаға» деп атап жүр. Бұл қазақта әйтеуір бір жұлдыздың аты «босаға» еді дегеннен шыққан сөз. Иә, «Босаға» жұлдызы бар. Ол жаз жұлдызы шыға, яғни жаз шыға туып қара күздің соңын ала батып, қыс бойы көрінбейтін, шын мәнінде босаға тәрізді сегіз жұлдыз. Ол ең биік көтерілген шағы жаз ортасында оңтүстік көкжиектен маңдайға (зо- диак) жетпей, иық тұсында тұрады. Сонымен «Босаға» жұлдызы жаздың кірер босағасы, жазбен келіп, жазбен кететін шоқжұлдыз.


Қазақта бөлек туып, бірге батқан үш жұлдыз деген сөз бар. Бұл зодиактан орын алған Үркер, Таразы, Үш Арқар шоқ- жұлдыздары. Үркер Саршада (июльде), Таразы – тамызда, Үш Арқар – қыркүйекте туады да, күз, онан қыс бойы аспан әлемінде бірінен соң бірі тізбектеле ауады. Бұл жұлдыздар майдың алғашқы он күндігінде күн батыс көкжиекте бір қатарға тізіле бастайды. Мұны жұлдыз тоғысуы деп те атай- ды. Сол шамада (мамырдың 8-10) арасы күн бұзылады. Қыс


бойы бірінен соң бірі тізбектелген шоқжұлдыздар енді қатар тізіліп, Құралай өткен соң біржола бірге батады.


Зодиактың сол үш жұлдызының біреуінің орысша атауы


«Скорпион». Оны біздер білгіштер «Бүйі» деп атай салыпты. Орыстан бұрын да бұл қазақ сол жұлдызды «Үш Арқар» деп тамаша атау тапқан екен. Сонда бұл тілімізді шұбарлаған, өзіміздің әсем танымымызға бүйідей тиген қай «Бүйі».


«Қарақұртты» іздесе, оны әдебиетте Вега деп атайды. Ал, Лира шоқжұлдызын «Өрмекші» дейтінін осы күнгінің қайсысы білетініне күмәнім бар.


Атауы қазақ таным-нанымына үйлеспей жүрген жұлдыз


«Ешкі мүйіз» (козерог). Ешкіні «кебенек» деп сілейтіп қазақ сиқырлы да сұлу аспан әлеміне ешкінің мүйізін шығара қойды ма екен. Сұлуға сәнді ат таға білген көшпенді «Лақ сүмбіле» деп бір жұлдызға әсем атау бере білген. «Ешкімүйізде»


 


біздің шалағай оқымыстының шығарып жүргені. Ол жұлдыз шоғырын қазақ «Қамбар» деп атаған.


Аспан әлемінің сан жұлдызының қазақша атауы болған. Оны сол қылпына келтіру қажет. Қазақтың ақтаңдақ боп қалған тарихының, әдебиетінің, таным-нанымының бет- теріне өз бетінше зерттеу жүргізіп, үлес қосқан азаматтарға бүгінде ғылыми атақ беруді мықтап қолға алу керек. Онсыз зерттеу, тану, білу ілгері баспайды. Архивтік қорларды ғана ақтарып, бір қағаздан екіншіге көшіріп, кандидат не док- тор болу енді жеткіліксіз. Уақыт зерттеуді күттірмейді. Ол үшін бүгінгі таңда қанша қиын болса да бірен-саран жөн білетін қариялар таусылмай тұрғанда ел арасына шығу ғалымдардың парызы, «Айналайын» дегенді «кругом обхо- жу» деп жүре бергеніміз енді көшімізге лайықсыз екенін білсек керек.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу