18.05.2021
  396


Автор: Кәмел Жүністегі

Тіл және тағдыр

«Пой» деді поймадым. «Пой» деп қоймаған соң пой- дым. – Автобустағы осындай қазақшаны да естідік. Есті- ген құлақты жұлып тастағың да келген, бірақ ол сорлының жазығы жоқ қой. Тістенумен өткен күндерде сан жоқ еді. Радио, теле, газет дегендер ұлт мәдениетінің өсуі, тілдің да- муы туралы даңғаза шу көтеріп, бас айналдыратын. Бүгін біз


«----- » деп жүргендер әлі де аппарат басында отырғандар. Ол кезде бізге «ұлтшыл» деген айдар таққан.


Көп тілеуі көл деген, іштен жылаған ел тілегі қабыл болғандай, «өшті, сөнді» деген қазақ тілі мемлекеттік ста- тус алды деп малапқай атып-ақ жүрміз. Содан бері жарты жыл-дың мұғдары болып қалған екен,енді не өзгерді, енді бет қалай деп айналаңа үңіле бересің де.


Тап статус алған шақта 1-ші сентябрь күні «осы жұрттың беті қандай екен» деп мектептерге бардық. Қаршадай бала- ны 1-ші класқа сүйреген ата-ана орыс пен қазақ мектебінің екеуінде де баршылық. Жүрек лүпілдеп «қазағыма көбірек берген шығар» дейсің. Далада алғашқы қоңырау боп жатыр, үстел басында басшылар. Мұнысы бәз баяғы қалпы. Сонан соң қатар тұрған орыс мектебіне осы мен тәуірмін деген ин- телегенттер бәз баяғыдай балаларын сүйреп, шытыра тізіле қапты. Бір аймақтың басшылығын осыларға тапсырып отыр- мыз ғой, елдік «серкелерінің» жобасын көріп, түңілгендейсің.


«Оу, ағайын, қазақша бітірген Назарбаев Қазақстанды билеп отыр. Мына балаларды Ресейді билеуге дайында- саңдар Қазақстанда жүріп оңбайды. Орыс рухын сіңіру үшін РСФСР-ға ауғандарың жөн деген де сөз кетті. Әй, брондары мықты ғой (мәңгүрт болмаса) еститін құлақ болар ма.


Статус берілгеннен бері радио, теледидардан бір мезгіл


қазақша үйрену сабағы жүріп, газеттерде қазақ тілін иге- руге арналған материалдар басылып-ақ жатыр. Әр жерде жиналыста   қазақша ұялмай сөйлейтіндер де табылғанша


 


«пәленше сөйтті» деп қуаныса жаңалық айтысамыз. Де- генмен де қазақ тілінің келешегіне деген сенім жұрттың біраз бөлігінде аз. Молынан малтыққан батпақтан шығу, тереңдеп кеткен тіл тоқырауынан айыру оңай емесін еріксіз мойындайсың. Әлі де болса республикада жасалып жат- қан шаралар жетпей жатыр-ау деген ой еріксіз өткен уақытқа, тақпақтап жүріп тіл жойған мезгілге үңілтеді.


«Литеротурная газетінің» биылғы қаңтардағы номерінде В. Шаров халықтың өмір сүру тәсілімен, дәстүрімен санаспай оқуға әкетуге келгенде гукгалар балаларын тығып, верто- летке оқ атқандарын жазады. Өйткені, ол халық тек бала- сынан емес болашағынан айырылып бара жатыр еді.


Біздің сайын даламызды эрозияға ұшыратып, бүгінде экологиялық бүліншілікке душар еткен тың игеру кезеңі еліміздің мәдениеті мен қазағымның тіліне де қатер төн- дірген шақ. Сыңсып келген бөтен ұлттың ортасында ат төбеліндей азшыдық боп қалған халқымыздың «Қазағым құрыды-ау» деп жылағанын көз көріп, «ең болмаса табытқа салмаса екен» деген тілегін естігеміз. Сол шалдар халқының мәдениеті менен тіліне төнген қатерді жан-тәнімен сезген. Отыз екі қаусатып, соғысы естен тандырған елде қарсы тұрар дәрмен жоқ еді. Сол шалдар «ең болмаса өлмесінші» деп ұлы қызын орыс мектебіне тоғытқан. Осы қиянатты көріп, қарсылық айтқан талай жас 60-шы жылдары «анти-со- ветчик» боп итжеккенге кете берген.


Орыс тілінде оқу – ортасы қазақ   балаларына   оңайға


түскен жоқ. Жетінші класқа дейін орыс тілін игере алмай, білімнен мақұрым қалып жатқан талай жасты күні бүгінге дейін көріп жүрміз. Мәдениетпен рухтанбаған, санасына білім қонбаған осы жастар қылмысты жолға түсуі көбейсе оған кім кінәлі. Ауылдағы қазақ баласы орысша біле қоймады деп «үйлерінде қазақ тілінде сөйлеуге тиым салу керек» деп байбалам салған мұғалімге де қолымыз «жеткен». «Қате айтасың» деушілерге жұмыстан шығу қаупі төніп тұрса,онан да артық айтқысы келгендерге «псих-больницаның» есігі ашық еді.


Сол бір шақтарда мектептерде қазақ тілі сабағының берекесі әбден кетіп, ақша табудың үстемесі ретінде кім көрінгенге үлестіріп жатқан.Ол тілдің мұғалімі де кім көрінген,


 


жаны ашымас еді. Қазақ тілі сабағы нашар жүреді деген күңкілге қайран тілдің ендігі халіне жаны ашыған мектеп ди- ректоры «Нашар, нашар дейсіңдер,ана мұғалім есікті ашып қойып-ақ «мақ-мек, бақ-бек» деп азан-қазан қып жатыр ғой деп ащы мысқыл айтқан еді. Сол іш құсалық сан азамат- ты  арамыздан ертерек кетіп қалуға әкеліп соққан шығар. Әлі де  болса «маң-мен,  бақ-бектен» аспаған, не асқысы келмейтін оқытушыларды көргенде «еліміздің зиялсы, жоқты сақтаушы, жоғалғанды іздеуші» деуге аузың бармайды. Бір қысаны жатқа білмеген әдебиет мұғалімінен көптің күтері аз. Иә, аштықтан азайып, зобалаңнан сорлап қалған халық


«тың игеру» кезінде қазақ жеріне үсті-үстіне тоғытқан басқа


да ұлт арасында қадау-қадау қалып, әйтеуір өлмесіншінің далбасасымен баласын орысша оқытып, енді шала қазақтан туған шикілеу немересін туған тіліне қайтара алмай, мәде- ниетін ұғындыра алмайтын халге жетті.


Міне, тап осы кезеңде ұлт тіліміз мемлекеттік статус алғаны болашағынан үзе бастаған үмітке жылтыраған шоқ тастады. Қазақ тілі мемлекеттік тіл бола тұра орыс тілі ұлт аралық тіл болып жарияланды. Бір қарағанда бәрі тамаша, ұлт тілі үстем, орыс тілі ұмыт емес. Енді осының өңін сипасақ ар жағындағы келеңсіздікті көріп тағы ішің ашиды. Шынымен де орыс тілі ұлт аралық тіл болса қазақ тілінің қазақ жерін мекендеушілерге не қажеті бар? Қандай қажеттіліктен олар қазақ тілін үйренбекші? Осы біз «тамаша» идеяларға тойып болған жоқпыз ба.


Өз тілінен өзі үркіп жүрген қазақты қалыптасқан сте- ротиптен шығарудың жолы да өзгеше болуға тиіс.Бізге күштеп жүріп өз тілімізді ұмыттырған екен, ендеше бізде тізе көрсете отырып, сол тілді қалпына келтіруге тарих ал- дында міндеттіміз. Біз басқа халыққа зорлық көрсетпейміз, ал өзіміздің ұл-қызымызды болашақ үшін еріксіз өз тіліне


,мәдениетіне әкелуге тиіспіз. Мектептердегі оқытуды ата- ана еркіне беріп қойып, ана тілімізді қалпына келтіреміз деу фантазия. Оны биылғы сентябрь де   көрсетті. Қазақ бала- сы қалада да, селода да тек өз тілінде оқу керек деген заң шығару керек.


Ал қазіргі кезеңде ана тілінің рөліне көңіл бөлдіру үшін қазақ балалары барлық типтегі мектептер де қазақ тілінен


 


емтихан тапсыру мәселесі түбірлі шешілуге тиіс. Жоғарғы оқу орындарына түсетін қазақ жасы мектепті орысша, не қазақша бітіргеніне қарамастан мазмұндама, не шығарма жа- зуын талап етпесек қазақ тілі туралы талпынысымыз талай


«тамаша» идеяның бірі боп қала береді.


«Отаным» деп аңсап келген сонау Ағылшын жұр-тынан, Германиядан, Түрік елінен келген қазақ жастарының ал- дында көшеде шүлдірлеген, тәлім исі қазаққа ұқсамайтын әлдекімдер үшін есі түзу ел ұялады. Пәленше миллион ағылшын халқының арасында бірін-бірі зорға көретін қа- зақтар өз тілін, өз мәдениетін сақтап, Алматыдан шығатын газет-журнал, жаңа кітаптармен жете таныс екенін білгенде бүгінгі мешеу халіне қынжылмайтын азамат жоқ шығар.


Тіліміздің бүгінгі мүшкіл хапі азаматқа қасірет. Сол қасіреттен шығамыз деп күніне телерадиодан сабақ үй- ретіп-ақ жатырмыз. Біз   осының   қызғылықты   әдістерін де қолданса екен дейміз. Қазақ қай заманнан балаға тіл ұстарту жұмысын көңілден шығармаған. Соның ең өтімді, тиімді түрі жаңылтпаш. Теледидардан сүйкімді қыз, өнегелі ата жаңылтпаш айтып, бізді қоса қайталатып тұрса бала түгілі ата сақалы аузына біткен талай елітер еді. Жұмбақ айтып оның шешуін тіке телефонмен хабарлап жатса қандай ләзім.


Сол сияқты ұлт мәдениетіне, ұлттық өнегеге тәрбие- леудегі қыса айтудың маңызы барын біз біржола ұмыттық. Қыса айтушылардың неше түрлі сазы бар, естір құлақты жалықтырмас мақамы бар. Соны теледидардан дәріптей білу керек. Сөз ретінде айта кетейін, Мағ-жан Жұмабайұлының


«Батыр Баян» дастанын өз ба-сым осыдан жиырма жыл бұрын Ескей жыршыдан магнитофанға түсіріп алып, «сту- качтықтан» аулақ талай адамға тыңдатып, үлгі етіп ұсына ал- дым. Міне, сол Ескей жыршының орындау мәнері тіпті бөлек, ал қыса орындау өнерінің бір шыңы десе болар еді.


Міне, осы жерде тіл менен музыканың байланысы еріксіз ойға оралады. Тіл ғасырлар бойы қалыптасып, адам өмір сүрген орта мен табиғаттан, өмір сүрер тәсілінен шығар болса (метериалистер тұжырымы, тенстерше жаратушы сыйлығы) музыка сол тілмен қабыса дамыды, сол тілдің ырғағына му- зыка нақышының ішкі иірімі сай келмек. Тілсіз ұлттық музы-


 


ка болуы мүмкін емес. Міне, сондықтан дахалық музыкасы жүректен жылы орын табады, пендені мәңгі тербейді, мәңгі сүйеді, оның әр сөзі қастерлі, әр нақышы өмір бояуы.


Осы күнгі теледидардан не радиодан «қазақ» әні деп берілетін әннің қанша құлағыңды түрсең де бір сөзін ұқпайсың.Өйкені, ол тілден бөлек, өзінше дамыған әуен, тілдік базаға қондырған қолоба (настройка). Ол музыка- ны жазаушылар да ұлт мәдениетінен суарылмаған,тілімізді шала-пұла түсінсе де оның әуенділігінен (музыкальность) аулақ қалғандар. Болашақ тіл дамуы бұл мәселеден де аулақ қала алмасы даусыз.


Ана тіліміздің асыл қасиеттері жер-су аттарынан да көрінеді. Бүгінде кім көрінген өзінше өзгертіп алған ата- мекеннің бұрынғы қастерлі атауын беру сөз бұйдаға түсуде. Жер су аттарын өзгертуді тек жергілікті халық, ғасырлар бойы осы даланы мекен еткен халық қана шешуі керек.бүгінгі күнде әлдемір паспортистің ырқымен           аты теріс жазылған сан азамат елдің мазағы боп әлі жүр. Менің бір туысымның Сейфолла есімін Светолла қылып жазып бергеніне не дерсің. Мына уақытта ең болмаса ондай «кличка» алып жүрген сан ұл мен қыздың республика көлемінде есімін дұрыстауға жол беру керектігі анық. Бұған артық ақылдың керегі жоқ сияқты. Туған тіліміздің шын жанашыры болсақ республика азаматтығын қабылдап, оған туған тілін білгісі келмейтін- дерді енгізбеуді де ұсынар едім. Нигилизммен мүмкін күрес


те ширағырақ болар еді.


Туған тілдің өрбіп келе жатқан проблемалары бар аза- маттарды толғандыруда. Оның бүгін мен ертеңі бүгінгі тірі пенденің қолында десем сырттай қарар жанашыры емес, сайын даланың перзенті ретінде бел сыбанған жан-күйері, рухын көтеруші болатын кез де пісіп жетті.


1994 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу