18.05.2021
  269


Автор: Кәмел Жүністегі

Құлагердің ажалы

«Астана ақшамы» газетінің биылғы жылы №20 санын- да (12.02.2000 ж) «Қарғыс пен кие» деген мақала шыққан екен. Әрине, ұлттық тарихымызға, мәдениетімізге байла- нысты қандай да болмасын, тіпті бүгінгі ұғымымызға сый- майтын дерек болса да жарық көргені өте құптарлық. Бұл жағдай зерттеуді тереңдете түсуге мәжбүр етеді. Мен осы Ақсу-Аюлы тумасы болсам да сол жылдары осы өңірдің газетінде істеген Жұмабай Есекеевпен жүздесе алмадым. Ол кезде мен саяси көз қарасымның терістігіне байланысты (белгірі «ЕСЕП» партиясы үшін) «орыстын ормандарын» ара- латып жіберген болатын. Бірақ, Жұмекеңе осы сөзді айту- шы Ескендір Тәженов марқұммен ол кісі 1973 ж. өмірдерек өткенше өте сыйлас, пікірлес болған едім. Сонымен Ескең марқұм Ақсу-Аюлыдағы «Құлагерді өлтірген» «жасы тоқ- санға кіріп қалған» «көшенің шер жағында балшықтан құйыл- ған жатаған там үйде» тұратын «жалданып, Батыраштың жұмсауымен солақай іс жасаған» «алысырақтан қосылатын жиендерінен туған жиеншерларының қолында қара жерге барар күнін тосып жатқан» ұрпақсыз адаммен Ж.Есекеевті кездестіреді. Оның бұл қарғыс атқан ісін (ол кім болса да исі қазақтың қарғысына қалған адам ғой) «ауданның елі бұрыннан біледі екен». Сөйтіп қарғыс атқан «киллер» табыл- ғандай тұжырым жасалған екен.


Жасымнан қалам ұстап, туған елімнің басынан кешкен


бар қияметін хатқа тізіп жүрсем де мына жағдай мен естіп- көрмеген іс екен. Мүлт кеткен бір жерім болды ма деп әзірге көз тірі алды тоқсанға жуықтаған Қасымбек, Жұматай, Дүйсен, Ынтықбек, Көшкінбай сияқты шежіредей қарттарды да, орта буынның талайын қайта аралап шықтым.


Сонымен Құлагердің өлімі туралы бұрын-соңғы дерек не дейді. Бізден гөрі сол қайғылы уақиғаға уақыт жағынан жуық Мағжан Жұмабаев «Ақанның өмірін» атты еңбегінде Аққашқар-Сайдаланың асында Барақбай дегеннің озып келе жатқан Құлагерді тізгінінен ұстап қалғанын, оған Ақанның


 


тілі тигенін, осыдан «Барақбайдың ішінде... кек қалғанын» айта келіп, енді Сағынайдың асында «Барақбай Құлагерді көлденеңінен соқтырар өлтіреді» деп жазады. Сол тұста Ақанның «жасы отыздың ішіне кіріп қалғанын ашық көрсетеді. Ал, белгілі ғалым Серік Қирабаев Ақан құсы Қараторғай, сырттан тазыларды Базаралы өліп, «жүргенде 1876 жылы атақты жүйрік аты Құлагерден айырылады» деп анық көрсетеді. Екі зерттеушінің еңбегінде де Ақанның жасы отыз- дан асқан. Ақан 1843 жылы туған. Сонымен Құлагер өлгенде


Ақан сері 33 жаста болып шығады.


«Өлік сүйегінің қанқасындай сұп-сұр» боп жатқан тоқ-сан жасқа келіп 1963 жылы Ж. Есекеев көрген «киллер» 1876 жылы үш-ақ жаста екен. Әлемнің Алпамысы болса да ол шоқпар көтере алды ма екен.


1963-64 жылдары шамасында жасы тоқсанды қусырған Ақсу-Аюлыдағы ең үлкен адам Жексенбі ақсақалдың да жас реті келмей-ақ тұр. Көнені терген шежіре қарттар Жексенбі ақсақалдың аса діндер, өте мәдениетті, есқан құмалақшы екенін де айтады. Әлде бір іске ренжіп көше жөнелген бал- дызына құшақ тартып тура осы уағында қайта көшіп келеді дегенін ел жыр қылып айтады.


Ұзақ жасаған қарияның бірі осы елге келіп өмір кешкен Батыраштың Жүнісінің баласы тырыш ақсақал. Ол кісі 1884 жылы туып, 1984 жылы дүние салды. Ол Құлагер уақиға- сынан 8 жыл кейін дүниеге келіпті.


Сонымен Ж. Есекеев айтқан «аудан елі бұрыннан біледі екен» деген кісіні осы ауданның ақсақалы-қарасақалдары- ның біреуі (ең болмаса) естіп көрмегеніне көз жеткіздік.


Бүгінде тоқсанға жуықтаған Қасымбек ақсақал Құла-герді өлтіруші Батыраштың Жүнісі деп, оны 1926 жылы көргенін айтады. Қасымбек ақсақал сол жылы Спасскі маңындағы Байқадам ауылында болған. Сол ауылдағы Бәйменнң қызы Зәуре Жүністің Садасының келіншегі екен, Батыраш ауылына туысқан Мүлік деген кісі жаздай мінген атының майын бере қоймады деп Жүніс оны әлденемен ұрған екен, ол сол жерде мерт болады да, Жүніс Ақмола түрмесіне қамалады. Ұлық-


 


мұлыққа пара беріп жүріп Жү-ністің босап, құдасына саққан бері екен. «Батыраштың Жүнісі денелі, қарулы, жетпісті жуықтап қалған адам көрінді, Құлагерді өлтірген осы десті»,



  • дейді Қасымбек ақсақал.


Осы әңгімені айтты дейтін Ескендір Тәженовпен ұзақ жыл- дар бірге істеген, кейіннен Қарағанды облыстық «Ор-талық Қазақстан» гезетінің редакторы болған осы Ақсу-Аюлының тумасы жазушы Рымқұл Сүлейменовке телефон шалған едік. Рекең Жұмабай Есекеевпен 1963-64 жылдары аудандық газетте бірге істегенін, бірақ мынадай әңгі-мені ешқашан құлағы шалмағанын айтты. Сол жылдары Ж.Есекеевпен бірге істеген Ақтоғайлық Қ.Қаленов та мұн-дай жағдайды ел білу керек екенін, бірақ өз басы естімегенін жеткізген. Сонда бұл әңгімені ауылының тумаларына айтпай Е. Тәженов Жүмекеңе қалай естірте қойды екен деген сауал еріксіз келеді. Ж. Есекеев Ескендір марқұмға Құлагерді өлтіруші «менің әкем Тәженмен түйдей құрдас» дегізеді. Шындығында Ескендірдің әкесі Бейсен ақсақал. Ол кісі баласы Ескендірден 40 күн кейін 1973 жылы 73 жастан аса қайтыс болды. Мұның сонда қай құрдас бола қалады. Мүмкін бір «ақылды» осының ретін та- бар.


Әрине, Құлагер сияқты тұлпарды өлтірген қараниеттің


ізделуі де, оның өз жөнімен табылғаны да дұрыс. Бұл біздің елдігіміз үшін керек жағдай. Ондай қараниеттен ел ішінде болуға тиіс емес. Кешегі КГБ-нің салпанқұлағы да, бүгінгі еліміздің жебір-обыр да қараниеттерден шығады. Бірақ Ж.Есекеев айтты деген сөз... бұл өзі көшелі сөз болмай шықты.


7.03.2000 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу