👈 қаріп өлшемі 👉

  18.05.2021
  167


Автор: Кәмел Жүністегі

Ұлы би - ер Едіге туралы

«Алтын Орданың» қас жауларын күйреткен батыры, ел бірлігінің ұйытқысы «Ұлы би» атанған Едіге Құтлы- қияұлы туралы аз жазылып жатқан жоқ. Ер Едіге туралы жыр-аңыздар татар, башқыр, қарашай, ноғай, қырым жұрт- тарында да кеңінен сақталған. Түркінің осы тармақтары да Едігені өзінің ұлт батыры санап, оның мүрдесі де өздерінде, сол елдерде деп есептейді. «Айғақ» газетінде шыққан бір   материалда ғана «Едігедей ерің бар, ей оңтүстік» деп исі қазаққа тән батырды бөле-жара иемденгені ыңғайсыз- ақ болыпты. «Түркістан» газетінде 8.VII.10 жылғы санын- да Ж.Айменовтың да Едіге батыр жөнінде жазғаны сол ыңғайымен кетіпті. Ж. Айменов тау мен төбені айыра алмай


«Едігенің басы төбе басында таспен бастырылып жатыр» де-


ген тіркес енгізіпті. Жас ғалым Е. Мағауин бұл туралы «Бұл кәзір Едіге тауы деп аталады. Теңіз деңгейінен есептегенде мың метрден астам, жолын білмеген адамның өрлеп шығу мүмкін емес деп жазады. Академик – автордың ең болмаса осыны білгені жөн еді.


Газеттің осы санында автор «Едігенің ...Баба түкті Шаш- ты Әзиз кесенесінде жатқандығы» деп бір ұстаным көрсетсе, келесі абзацта «Едіге жерленген төбе маңы» деп жалт береді. Зират пен төбені шатыстырғанына не дейміз? Әрі осы маңда жерленгені жөнінде «дерек бар» дейді. Бірақ ол деректі нақты көрсетпейді. Дерек деген не? Ол тарихи сақталған зираттар, тасқа қашалған сурет-жазулар, не сол заманда сол оқиға, іс туралы тарихшылардың, ғалымдардың жазып кеткен мұраралы. Пәлен ақсақал пәлен төбенің ба- сында отырып кешелі-бүгінді айтқаны дерекке жатпайды. Оның үстіне бүгінгі уақытта әйтеуір бір батырды, жырауды меншіктеп алуға тырысу, оған әйтеуір ішінде сүйек болса болды «зират» тауып беру үрдіс алған жағдайдың кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. Алладан қорқу, осы ісіміз үшін құдай алдында жауап береміз-ау дегенді де біржаққа ысырып қою


 


кей қаламгерге тән іс болып бара жатыр.


Бұл желөкпелік кімге қажет?


Шоқан Уәлиханов академик Шренкпен бірге болған са- парында «Ұлытау шыңдарының бірінен маңғұт (Ноғай К.Ж.) ордасының негізін салушы Едігенің моласын таптық. Оның мо- ласы тас үйіндісі. Оның құзыры өзі орналасқан тау қиясының биіктігімен сәтті ұштасып тұр» – деп жазады (тандамалы 105 бет). Міне, бұл нақты дерек. Шоқан Еді-генің мазарын ар- найы іздеп барған. Шыңның басына шығу шоқанға да, жол көрсетуші білгір шежіре-қарттарға да оңай болмаған. Ол қарттар бүгінгі біздің арамызда жүрген алжасып айта беретін компартияның тәрбиесімен өскен шалдар емес екенін де ескерген жөн.


Дерек, Мәшһүр Жүсіптің жазып кеткені. Дерек, ғасыр-лар


бойы Ұлытау маңын мекендеген исі қазақтың бала-сының шыңға жаны қиналып шықса да, ГПУ, КГБ ден қорықса да Ұлы Едігенің басына барып, тәуеп етіп келгені. Ол бүгінгінің жол-жөнекей әңгімесі емес.


Едігенің оңтүстүкте жерленгенін дәлелдеу үшін ол құрған Ноғай Ордасының жер көлемін, шекарасын өздерінше көр- сету де қисынсыз. «Ноғайлы жұрты Алтын Ордадан бастап Қаратаудың терістік бет Қызылкөлге дейін созылған» делінуі Ноғай ордасының жерінің үштен бір бөлігін ғана көрсету. Та- тар ғалымы М.Г. Сафаргалиев «Распад Золотой Орды» (Саран 1960 ж.) деген кітабында Ноғай Ордасының тұтас картасын берген. Онда Ноғай Ордасы Еділдің ар жағынан басталып Алтай тауларына барып тірелсе, терістігі Түмен, Құлынды даласына жеткен. Соның нақ ортасында Ұлытау жатыр емес пе. Хан тағын иемденбей, оны Шыңғыс ұрпақтарына беріп қойса да, өз ұлысымен қоса бүкіл Алтын Орданы уысында ұстаған Ер Едіге хан ордасы Сарайшыққа бармай ұлы дала- ны мекен етіп көшіп-қонып жүргені тарихтан белгілі. Сонда оның негізгі тұрағы Ұлытау болған, сол жерде күні бүгінге


«Едігенің майлы жұрты» атанған жер жатыр. Әлемге әйгілі Алтын Орда империясы да, сонан бір аймағы Ноғай ұлысы да қазақтың арғы ата-бабаларының мемлекеті. Автордың осы мақаладағыдай Алтын Ордадан басқа «Едіге түркілерден құрылған Ноғайлы ұлысы» деген түсінік беруі қателік, жансақ пікір қалыптастыру. Тарихи Едіге Алтын Орданың тұтастығын


 


көксеген, соның мұңын жоқтаған батыр. Бұл жөнінде акаде- мик Рахманқұл Бердібаев «Едігеге тағылған «айып» оның әлсіреген Алтын Орданы қалпына келтіруге әрекет жасағаны, өзіне қарсы шыққандарды жазалағаны» деп жазады. Бұл тұжырымға тағы бірдеме деп пікір қосу артықшылық етеді.


Батыр, жыраулардың ата-тегі туралы да ойдан шығар- ған дәлелсіз пікір айту тарихқа үлкен қиянат. Осы мақалада аспаннан түскендей етіп «Едігенің бабалары Жошы ханның әскер басылары» деген пікір бар. Ол әскер басы кім? Қандай тұлға еді, оған автор бас қатырып жатпайды. Дәлел қайда? Отыз жетінші жылы Сәкен, Ілияс, Бейімбеттерді «халық жауы» деп, саусақтан сорып жазып атып тастаған жайды еске түсіреді. Мұндай оқас ойлар ғылыммен айналысатын адамға жат жағдай екені әркімге де түсінікті.


Солай дей тұра (яғни, Едіге Моңғол тектес дей тұра) автор


«Баба Түкті Шашты Әзиз атам бар, соның қасына қойсын» деген кереғар пікірді тағы ұсынатына не дерсін. Сонымен Едіге Моңғол ма, әлде мың жыл бойы қазақпен қоса өрбіп өскен Баба Түкті Шашты Әзиз ұрпағы қазақ па?


Мақала иесі ең болмаса осыдан төрт жүз жылдан артық уақыт бұрын жазған Қадырғали Жалайырдың кітабына көз жүгіртсе болар еді. Қ.Жалайри «Шежілер жинағы» атты кітабында Едігенің әуелгі бабасы Әбу Бәкір Сыдық екенін жаза келе Едігенің әкесі Құтылқияға дейін санамалап береді. Әбу Бәкір Сыдықтың он үшінші ұрпағы Баба Түкті Шашты Әзиз болса, оның бесінші ұрпағы Едіге Батыр екеніне көз жеткіземіз. Едігенің тоғызыншы ұрпағы атақты Мөңке би екені тарихтан әбден белгілі.


Ғалым М.Г. Сафаргалиев те «Распад Золотой орды» атты кітабында Едігенің баласы Нұрадиннің де осы шежірені түгендеп бергенін жазады. Жаңсақ пікір қалыптаспас үшін түбегейлі зерттеу қажет. Тіпті Мәскеудегі әлденше папкадан тұратын «Ногайские деланы» ақтарып шыққан ләзім.


Тарихқа қиялдаудың қажеті жоқ. Тарих нақтылықты сүйеді. Қиялдау, фантазия көркем әдебиетке тән дүние. Осы мақаладағы   Білге қағанның екі ұлы жауласпағанда, ана хан менмына хан сөйтпегенде «жетім .... Шыңғыс хан әлемді билемес еді», хорезм шаһ шешесі Терке Хатунның тілін алмағанда заман бүйтпес еді дегеннің неге жазылғаны


 


да түсініксіз. Ендігі қиялдың қажеті қанша? Тарихта со- лай болды. Неге солай болды ол бір Аллаға аян, сонан соң тарихшылардың ісі.


Мұнан гөрі Едігенің атымен тікелей байланысты Тоқ- тамысқа тоқталған жөн. Тоқтамысты Алтын Орданың иесі еткен Әмір Темір еді. Бұл кезде Алтын Орда әлсіреген күй кешіп жатты. 1359-1379 ж. арасындағы жиырма жылда Алты Орда тағында бірін-бірі құртқан 25 хан ауысты. Жошы ұрпағы мемлекетті нығайтуды емес, қара басының қамын ойлап кетті. Алтын Ордадан Хорезм, Көк Орда бөлініп, Қырымда Генуя, Венеция көпестері иелік етіп, Литва князы Ольгерд Подоля, Чернигов, Рыльскіні алса, Поляктар Волын жерін иеленіп кетті. Бұрын Карпатқа барып тірелетін Ал- тын Орда шекарасы енді Днепр шоң-ғалдарымен шектеліп қалды., Көк Орданы иеленген Ұрыс хан бой ұсынбаған Маңғыстау билеушісі Тойқожаны өл-тірді. Ол Тоқтамыстың әкесі еді. Тоқтамыс жансауғалап Әмір Темірге келген. Ұлыс- ұлысқа бөлініп, ыдырап бара жатқан Алтын Орда жерін ба- сып алу Әмір Темір үшін күш жұмсамайтын уақиға еді. Бірақ Әмір Темір оған бармады, қайта Тоқтамысты көтеріп Алтын Орданы қалпына келтіру саясатын ұстады.


Темір Тоқтамысты Сауранда хан көтерді. Ол Ұрыс хан мен, Темір Мәлік пен қайта-қайта соғысында Тоқтамыс жеңіліп қалып жүрсе де, оған көмек етіп, ақыры Алтын Орда ханы етті. Осы тұста Тоқтамыс Едігенің әкесін өлтіреді. Едіге әлденше жағдайдан кейін Тоқтамысты тастап, Әмір Темір жағына өтеді. Ал, Тоқтамыс Темір басқа елдермен соғысып жүргенде Темірге қарсы Моғолстан әмірі Құмардинмен, Түрік Баязитпен одақ құрып, әлденше рет Әмір Темір жеріне басып кіріп, Қаршығадағы сарайын да өртейді. Мұның ақыры Әмір Темірдің 1391 жылы Сарсуды өрлеп әскерін бастап, Алтын Орда жеріне кіруіне әкеліп соққан. Осы жолы Едіге Ұлытау маңындағы елін сақтау үшін екі нөкерін хабаршыға жібергені де тарихтан мәлім. Осы жолғы Былғары жері Күндіршіде болған соғысты М.Сафаргалиев «Распад Золотой Орды» кітабында жеткізе жазған. Тоқтамыс жеңілді. Едіге мен Темір Құтлық Әмір Темірден бөлініп қалады да, Темір Құтлық


 


Сарайшық маңында хандығын көтерсе, Едіге ол маңнан алыс Ұлытау, Сібір жағында Ноғай ұлысын құра бастаған.


Әмір Темірден 1395 ж. Теректіде қирай жеңілген Тоқ-тамыс Литве-Польша жеріне өтіп, король Витовтан көмек сұраған. Осыған дейін Алтын орданың біраз жерін басып қалған. Ви- товит енді осыны пайдаланып иесіз қалғандай болған Алтын Орданы да Ресейді де біржола басып қалуды ойлаған. Қазақ елінің келешек үрім-бұтағына төнген бұл қатерге қарсы шыққан бірден-бір тұлға Едіге еді. Орыстар да Алтын Ор- даны біржолата құртуды көздеп Витовтқа қосылды. Сөйтіп Литва, Поляк, Орыс, Тевтон ордені қосылған төрттіктің (Е. Мағауин жазбасын қараңыз) мұздай құрсанған саны басым әскері баса-жаншып кірді. Едіге оларды Борсықты (Ворск- ло) өзенінде қарсы алды. Басы-аяғына дейін Көк Темір ки- ген күші басым жауды Едігенің қандай әдіс қолданып қирата жеңгенін «Распад Золотой Орды» кітабынан табасыз. Король Витовт азғантай ғана адамымен зорға қашып құтылған еді. Осы ұрыста Едіге жеңілсе қазақ ұлының болашағына біржола күмән туары даусыз.


Алтын Орданың жауымен бірге болған орыс княздерін


тәубаға келтіру үшін Едіге 1409 ж. жорыққа шығып, Колом- но, Ростов, Дмитров, Серпухов, Н. Новгород т.б қалаларын алды. Елін тастап қашқан Мәскеу князін Едігенің кенже ұлы Жақсыбай жер түбіне қуды. Тверь князі Иван Василиұлы Едігеге кешірім сұрап келді. Едіге осы жылы бір кезде Темір Мәлікке берген уәдесі бойынша Темірді хан етіп көтерді. Осы кезде хан тағы үшін Жошы ұрпағының бірін бірі өлтіруі етек алды. Едігеде есесі кеткен король Витовт Тоқтамыс ұлы Қадірбердіні Қырымда хан сайлаған. (Қадірбердіні Едігенің әйелі Жәнеке бір кезде арашалап алып қалған еді) Литва, Польша, т.б. әскеріне сүйенген Қадірберді ойда жоқта елге басып кірді. Жайық бойындағы қанды қырғында Қадірберді өлді де, Едіге ауыр жараланып, өзінің Ұлытаудағы Майлы жұртына жеткізіліп, сонда қаза болған.


Едіге қаза болған соң, тақ үшін ғана қырқысқан хан


әулетінің ұрпақтары тағы да бас көтеріп, ақыры Алтын Ор- даны біржолата титықтатты.


 


Едіге тек ел үшін қанын төккен батыр емес, ел намысын дипломатикалық жолмен де қорғай білген кеменгер тұлға. Оның сыртқы жауларды, оның ішінде Тоқтамыстың айдап салумен қатерін төккен Әмір Темірді де өз дегеніне осы ақылымен көндіргеніне тарих куә. Ол қандай хандыда ауы- стырып, не желкелеп қуып жіберу қолынан келіп тұрсада хан тағын иеленбей, хан тағына Жошы ұрпағын отырғызып, ел бірлігін сақтаған, көненің жолымен қазылық құрып, ел биле- ген Ұлы би атанған ірі тұлға.


Оның билік дәрежеге көтеріле алмаған ұрпақтары мыр- за атанған. Ж. Айменов Қазы мырза мен Наурыз мырза Мансұрдың туыстары деп жазған екен. Дұрысында бұл үшеуі де жәй ғана туыс емес, Едігенің бел балалары екенін білген жөн.


Едігенің заманы академик Р. Бердібаевтың сөзімен айт- қанда «Едіге дәурен сүрген заман Ноғай елінің (түбі қазақ елінің К.Ж) тарихындағы ең даңқты, бейбіт, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған кезең болып саналған». Ол өзі ар- паласып жүріп, халықтың тыныш өмір сүруін көздеген. Едіге адамды құл ретінде сатуға да тыйым салған. Халық Едігені ғасырлар бойы сүйсіне жырлап келген. Жырда:


Менменсіген мінездіні Тәубә қылған ер дүрмін. Досымның отын сөндірмен, Дұшпан отын жандырман. Өзім деген нәмартқа, Шаңқан боз ат міндірмін, –


делінуі де елінің Едігедей еріне деген мәңгі құрметі.


Едігенің балаларының қалай қайтыс болып, қайда жерленгені ғасырдан ғасырға ауысқан тарих беттерінде көмескіленіп, ел жадынан шығып кеткен. Тек сонау бір оқушы шағымда үлкендердің неге Нұра өзенінің екі саласы да Нұра атанады деп бас шайқасқандарын, сонан соң басын Кежектен алатын Нұраның бір кезде Талды еспе атанғанын естіген едім. Сонан, десті үлкендер, Едігенін баласы Нұралы (Нұридин К.Ж.) осы өзеннің бас жағына қойылып, «Қай еспе, қай еспе дескенде, әлгі Нұралы қойылған еспе ше» деліне келіп, бұл саланың да Нұра атанып кеткенін айтқан еді.


 


Нұралының жерленген жерін де мегзеген. Әттең, мен жігіт болып, онан саяси қылмыскер атанып, кесік мерзімін өтеп келгенде сол ақсақалдардың бірі де бұл жалғанда қалмапты. Нұралының зираты қайсы деген сауал ғана көңілде қалды.


Едігенің қайда жерленгені туралы өз пікірін білдірген ав- тор «Едігеге Шоқанның назар аударуы кездейсоқ емес» деп әрі Шоқан Едіге жырын жариялатқанын сөз етсе де, сол Шоқанның Едігенің мазарын арнайы барып көргені туралы ештеңе демеуі жұртты жаңылыстыру ма деген ой туғызады. Бұл, әрине, ғалымға тән әрекет емес. Мәселені қозғаған екенсің, Шоқанның Ер Едіге туралы не жазғанын, не көргенін түгелдей айту ғалымның міндеті.


Едігенің жерленуі туралы Мәшһүр Жүсіп Едіге өлерінде


«Мені жер қазып көмбеңдер, Қорған тас қалап қойыңдар» дей келіп баласы Нұралыға Баба Түкті Шашты Әзиз ата- сының басына апаруын аманат еткенін жазады.Сөйтіп Еді- генің сүйегін «Ұлытауға аманат қойған» екен дейді Мәшһүр Жүсіп. Едіге өлген соң өз басына әр қилы заман туған Нұралы әке аманатын орындай алмаған. Оның дәлелі деректің неше алуан көзін іздеген ғалым Шоқанның Ұлытау шыңынан Едіге зиратын келіп табуы. Бұл бас бұлтартпас айғақ.


Бұған сенгісі келмегендер құдайдан қорықпаса тас пи- рамиданы аршып Едігедей ұлы тұлғаның сүйегін көруіне де бас тіксін. Немесе осы күнгі көру технологиясын пай-даланып мүрдені сырттай да көруге боларын ескерсін.


Тіпті, Едіге сүйегім Баба Түкті Шашты Әзиз басына апа- рып қойындар деп аманат етті дегенге сену қиын. Ол діндар көптің бірі емес, жаумен арпалысқан батыр, саяси тұлға. Ол заманда ондай адамдар дүниеден өткен соң дұшпандары сүйегін қорлаған жағдай болған. Шыңғыс хан өзінің мүрдесін ешкім таппайтындай етуді тапрсырған. Едіге де өз сүйегінің Ұлытаудың адам бара алмас шыңына қойылуын тапсы- руы сондай әрекет. Қаракерей Қабанбай батыр да сүйегін қорлатпас үшін қазақ елінің төрт жерінен өзіне мәңгілік орын дайындатқан. Едіге де сол сияқты «аманат» деп тапсырса да, мәңгілік орынын Ұлытау шыңы деп белгілеген.


Қазақ халқының намысын қорғаған батырлардың ата-


 


тегін әркім өзінше бұрмалап, жөнсіз жармаса берудің де қажеті жоқ. Ең бастысы – ол қазақ.


Қаракерей Қабанбайды «ол Қаракерей болған соң Най- ман» деседі. Қабанбай батырдың тікелей ұрпағы жа-зушы, ғалым Зейнолла Сәнік «Хан батыр Қабанбай» атты кітабында Қабанбайдың Қаракерейге тек жиен екенін дәлелдеп жазған. Сол сияқты ұлы би Едіге батырды да маңғыт, маңғытай деу артықшылық. Шоқан Уәлихантегінің «маңғыт ордасы- ның негізін салушы Едігенің моласы»деуі де оның тегі маңғыт болғандықтан емес, сол елді көтеруші, билеушісі Едіге болғандықтан айтылған сөз екенін зерделі азаматтың


түсінері анық.


Қаламгер «Едігедей ерің бар, ей, оңтүстік» демей «ей, қазақ» десе қандай қуанар едік. Әттең, бір кемдүние-ай.


 


21.07.2010 жыл


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы