18.05.2021
  281


Автор: Кәмел Жүністегі

Ұлы едіге - Ұлытауда!

Ұлытау – исі қазақтың жүрегін ұлылыққа үндейтін ата ме- кен.


Ұлытау десе көкейге «хан ордасы», Домбауыл, Жошы, Әмір Темір, Едіге, Тоқтамыс, кешегі Кейкі, Амангелділер оралады. Ал Едігенің ерлігі туралы қаншама жырлар сақ- талған. Едігені халық батыр деп қана қоймайды, оны әділ би, кереметті әулие деп те жүрегінен орын берген. Осы сапарым- да да ол туралы талай әңгіме естідім.


1950 жылдың шамасы болар, бесінші кластың оқу- шысымын. Сонау Ұлытау жақтан әкеммен досжар екі адам келген. Әңгіме ауқымы Едігеге ауысты. Атжақты, самайы қасқалау үлкендеуі «Едігені бүлдірді ғой» деп күрсінді. Сонан соң әкемнің сауалына, «сонау Мәскеуден үш орыс келгенін, олардың мақсаты Едігені табу екенін айтты.Алғашқыда батырдың зиратын ешкім көрсете қоймапты. Келер жылы бәйге жарияласа да көрсетуші табылмапты. Үшінші жылы екі шал «мынау» деп көрсетіпті. Моланы ашқанда батырдың мүрдесі сол қалпында жатыр екен дейді. (Тау басының ерек- ше климатынан мүрде сақталғаны туралы дерек көп. К.Ж. ). Бұл әңгімені мектеп кезінде толтырған алты қалың дәптердің бірінде жазған едім. Айтушылардың, екі шалдың аты да бар еді. Қазір менің қолымда тек алтыншы дәптер ғана бар. Бес дәптер саяси көзқарасым үшін түрмеге түскен


мезгілде жойылып кетті.


Едігенің мүрдесін орыстар неге ашты? Мақсат не? Әлде қорлау үшін бе? Едіге 1410 жылы Мәскеуді тағы алып, тізе бүктірген ұлт батыры емес пе еді. Атақты батыр, қол- басылардың дұшпаны да көп. Өзі өлген соң сол дұшпан мүрдесін қорламасын деп Шыңғыс хан қабірінің үстінен мыңдаған жылқы айдатқан. Ұлы А. Македонскийдің де мо- ласы белгісіз. Қабанбай батыр «мүрдемді алыс Арқаға жерлеңдер» деп кетті деген сөз бар. Ал, Едіге балала-ры- на «мені Ұлытаудың сонау шыңына жерлеңдер» деп тап- сырыпты. Бұл туралы ғалым Шоқан Уәлиханов та жазған


 


екен. Ұлытаудың шыңы қорған болар деді-ау ел арысы Едіге батырға. Сөйтіп Едігенің басын орыстар ашып, шала-пыла жаба салған. Сол Едіге тауының басына Тоқтамыста жерлен- ген дейді халық. Едіге тауының басы жалтыр тас. Аса ірі тас зират ішін қуыстаған ерекше пирамидаға ұқсайды. Бұл да тас қалаудағы халық қол өнерінің ерекше үлгісі.


Иә, ол жағдай өтті ғой. Қазақтың «мынау менің ба-бам еді», «анам» еді деуге шамасы келмеген, аузын ашса тілін жұлған кер заман ғой ол. Сөйтсе де екінші рет қисынсыздыққа жол берілгеніне ішің аши ды. Мына еркіндік, тәуелсіздік қолға тиген тұста біреу барып, Едігенің моласын қопарыпты дегенге ешкімді сендіре алмай қор болдық. Оны айтамыз- ау, тіпті Едіге батырдың басын ала қашыпты дегенге сендіре алмадық. Ақыры архивтен Ғазиз ақын Ештанайұлы Жезқазған облысының «Сары-арқа» газетінің 1990 жылғы 2-ші қарашадағы санын тауып берді. «Қорлаушы бар, қорғаушы қайда» деп зар еңірейді журналист Батырбек Мырзабеков. Газеттен үзінді келтірейік «Өлкетанушы С.Бүкіров (Сүтемген Бүкіров К.Ж.) басқарған экспедицияның Ұлытауға Едігеге барғаны да рас...тау басындағы қатар-қатар жатқан үш тас үйіндіге қарап та-рихты бір сәт сол қалпында тамашалап тұрды. Сәлден соң Алматыдан келген ғалым Н.Көшекбаев экспедиция жетек-шісінен:



  • Едіге осының қайсысында жатыр? – деп сұрады. Бұдан бұрын да осында үш рет келіп-кеткен С. Бүкіров үш сұпының ортасындағысын.

  • Естуімізше, мынау бабамыздың бейіті, – деп көр-сетеді....


Әркім өзімен өзі болғандай біреуіне біреуі Едіге батыр тура- лы естігенін, білгенін шертіп тұрған сәтте аста-дан келген ғалым кісі ере шыққан екі-үш жас жігітке:


 



  • Кәне, мына үйінді тастарды аударып тастаңдар, – деп ... бұйрық райда сөз тастайды.


Газет онан әрі қарай жалаңдаған жігіттердің үйінді та- старды аударып тастағанын, ар жағынан діні бұзылмаған, еш жеріне ақау түспеген бас сүйектің де, дене сүйегінің де көзге түскенін жазады. Ал, ғалым кісі бас сүйекті шапанының шалғайына орап, баурына қыса орнынан түрегелгенін «Міне осылай бес ғасыр бойы орнынан қозғалмай, дене дене сүйегінен бөлінбей   жатқан Едіге батырдың басы тұңғыш рет таудан төмен шапанның шалғайына оралып түсті» – деп тәптіштеп жазған.


Газет Ұлытау аудандық Совет төрағасының орынбасары, осы экспедициямен бірге болған Төкен Ахановтың:



  • Басты алатынын білмедік, – деген пікірін де жазған екен. Бұл жағдайды естіп Ұлытаудың халқы көтеріледі. Ақыры халықтың тегеуріне    шыдамаған    ғалымы    мен    басқасы Едігенің басын орнына қояды. Бірақ үйінді мола қалпына келтірілмейді. Осыған қатысқан Ұлытау аудандық газетінің редакторы                  Мағзұмбек Машайықұлы Едіге батырдікі делін- ген бас сүйегі де, дене сүйегі де бір-ақ қабат тастың астында


жатқанын бізге жеткізген еді. Кеш естідік.


Қазақ ұлтының намысын қорғаған хас батырдың сүйегі шала жабылып жатыр дегеннен жанымыз түршікті. Бесінші жылдың сары күзінде Ұлытауға жетіп Едігенің шыңына өрледік. Терістік жақ беті еді. Ең қиын тұсы да осы екен. Бесеуміз. Төртеуі Ұлытау азаматтары. Біраз көтеріліп барып екеуі жолда қалды. Жолбасшымыз орта тұсқа жетіп жығылды. Жиырмаға жетпеген шофер бала екеуміз төрт сағат дегенде шың басына зорға жеттік. Қолымыздан дұға оқу ғана келді. Мынау деп көрсетер Мағзұмбек шыңға шығуға жарамады. Көргенімізді айтып келер жылдар қың-қылдап көріп едік,естір құлақ таппадық. Бәрі де күйбен тірліктің әуресінде.


Мәдениет жағы келген дөкейге концерт береді, шығарып салады.


Сегізінші жылы министрлікке жазғанымызға бір қыз- меткері жыл соңындағы 10.-02/ж-335 деген жауабында


 


«Едіге батыр басында шашылып жатқан сүйектер жоқ» деп жауап берді.


Тоғызыншы жылы жазғанымызға тағы да «Едіге батыр ба- сында шашылып жатқан сүйектер жоқ» екендігін айтып жа- уап алдық.


Сонан біз «шашылып жатқан сүйектер емес, Едіге батырдың қорлауға ұшырап жатқан сүйектері туралы жазып отырмыз» деп қайта жазуға мәжбүр болдық. Бір азаматтар өзімнің барып, өз көзімен көріп, дәлелдеп қайтуының да дұрыс екенін еске салды.


Едігенің шыңына көтерілудің қиынын көргенбіз. Жет- пістен асқанда енді қалай болар екен деген күдік пен се- кем де бойды билеген. Айға жуық әжептәуір дайындалдық. Саршаның 29-күні Ұлытауға кештете жеттік. Ертемен бізге биыл 36 жыл бойы редакторлық етіп келе жатқан Мағзұмбек Машайықұлы, музей бастығының орынбасары Сейтжан Өмірбаев, Музей қызметкері Ерлан Омаров, ҚарМУді биыл бітірген інім Жансерік ерген.


Едіге шыңының терістік тұсынан баруға қарсылық еттім. Өздері де түстік жағы қолайлылау десті. Екі сағаттың жо- басында Едіге тауының басына да көтерілдік. Шыңның басы жып-жылтыр гранит тас. Ұлытаудың бар биігі алақанға салғандай алдымызда созылып жатыр. Көз жетер жер айна- ла далаға сағым ойнап, шоқылары бас иіп табан асытымз- да қалған. Тау басында бір тас зират қана қираудан аман. С. Бүркіров көрсеткен үш үйінді тастан қалған осы. Қалған екуінің бірін ғалым Н. Көшекбаев қиратты. Үшіншісі қайда? Оны қиратқан кім? Бұған жауап жоқ. Бұзылмаған зираттың бір тұсынан әлдекімдер тізеден етіп ұзыншалап тастан қоршап қалап қойыпты.



  • Едіге қайда жатыр? – деп сұрадық Мағзұмбектен.

  • Міне, мұнда жатыр. Мына тастың астында, – деп жаңағы қоршауды көрсеткен.

  • Мына қоршауды біз жасадық. Батырдың бетін де осы таспен біз жаптық.

  • Ұзындығы елу, ені отыз сантиметрдей тастың бетінде ештеңе жоқ. Дұға қайырдық. Алладан медет, әруақтан кешірім сұрап бет тасты көтеріп қойдық. Арғы жағында он сантиметрдей жерде бас сүйек жатыр. Көргеніміздің


 


бәрін видикке түсіріп те жатырмыз. Ақылымен жұртқа үлгі айтқан, қаруымен исі қазақтың дұшпанын талқан еткен Едіге батырдың мәңгілік тұрағының жәйі осы. Көңіл құлазиды, көкірекке өксік тірелген, ытып шыққан жасты сілкіп тастадық. Кенесары хан дар алдында тұрып бүкіл қазақ даласын айтып қоштасып, бар қазақ ұлын атап жоқтау айтқан екен. Біз де жоқтау айтудың аз-ақ алдында тұрмыз.


Тағы да дұға қайырып батырдың басын да, жанында жатқан сүйектерді де қолға алдық. Жаңбыр өтіп, тастың қуыс- қуысынан андыздаған жел кеулеген бас сүйек семіп, үгілудің аз-ақ алдында тұр. Жақ сүйек бар, бет сүйегі көрінбейді.


Бас сүйекті арнайы алып келген ақ матаға орап қайта ор- нына жайғастырып, бұрынғы қалпындай етіп бетін таспен жаптық. Әзірше қолдан келгені осы.


Бірақ бір көңілімде қалды. Едіге осы ма, әлде қалай дейді іштегі бір түйткіл қолыммен ұстап, көзім көрген бас сүйекке қарап.


Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл Мұха-медтің ықпалымен Едіге мәселесін анықтау үшін арнайы комиссия құралған тағы да Едіге шыңына көтерілу керек. Едіге туралы кім не жазды, кім не деді дегенді саралап оқып, көңілдегі күдіктен арылуға тырыстым. Академик А.И. Шренкпен бірге болған сапарында Шоқан Уәлиханов «Ұлытау шыңдарының бірінен маңғыт ордасының негізін салушы Едігенің мола- сын таптық. Оның моласы тас үйіндісі. Оның құзыры өзі орналасқан тау қиясының биіктігімен сәтті ұштасып тұр» деп жазады (таңдамалы, 105-бет. Алматы, 1985 ж.) Ол заманда Ұлы би (хан емес) атанған Едігенің зиратын анық көрсетуші шежіре-қарттар барған. Олар қателеспейді. Міне, Шоқанның жазғаны – негізгі дәлел.


Қазақтың түгел сөзін түп-төркініне жеткізе зерттеп тер-


ген Мәшһүр Жүсіп те Едіге батырдың Ұлытауда шың басына қойылғанын жазады.


Тас зираттардың үшеу болғанын, соның ортаңғысын С.Бүкіров «Едігенікі» деп көрсеткенін журналист Б. Мыр- забеков жазады. Сол үш зираттың бәрінің биіктігі бірдей бол- ды ма екен деген ой мазалайды.


Аудан әкімі Жаңбырбай «Егемен Қазақстан»газетіне ашылып жатқан сүйекті ұстап отырып шыққан суреттің


 


теріс болғаннын айтып, әлдебіреудің «бұл менің әкем Тоқ- тамыс» деп жүргенін жеткізді. Әлгі пендеден сұрасақ ол сол шыңға соңғы пәленбай жылда шығып көрмепті. Бабам дейтін Тоқтамысты 1771 жылы туып, 1834 ж. өлген дейді. Оны қай- дан білесің дегенде «солай деп жүреміз ғой»-дан аспады. Хан Тоқтамыс 1406 жылы өлген еді. Ал, енді кімді жеңесің.


Іштегі түйтіктің бетін ашуға Қаракеңгір ауылының тұр- ғыны Молдабек ақсақалдың көмегі тиді. Молдекең кешегі жігіт-желең шағында 1956 жылы Едіге шыңына көтеріліп, сол тас зираттарды көрген екен. Шыңмен ұштасып тұрған тас зират аса биік еді дейді Молдекең. Онан басқа тағы екі тас зират болды, оларды биіктігі кісінің қара санына жете қоймайды деп түсіндіреді ақсақал.


Иә, сонда Молдекең көрген (күні бүгін сақталып тұр-ған) биік тас-зират ұлы Шоқан жазып-қалдырып кеткен «тау қиясының биігімен сәтті ұштасып тұрған». «Едігенің моласы» екеніне күмән қалмады. Ал ашық-шашық жатқан ана екі тас мола өте аласа, тіпті сол екеуіне қанша тас үйсе де Шоқан жазғандай шыңмен «сәтті ұштасы» кете алмайды.


Әрі Тоқтамысты да ел құрметтеп,соншама биік тас мазар салмас еді. Ол 1395 ж. Теректідегі соғыста жеңіліп, Литва королі Витовтқа қашып кеткен. Оның үстіне 1399 жылы Ал- тын орданы күйрету үшін Поляк, Литва, Орыс және Тевтон орденінің әскерін алып келген. Ворскла өзеніндегі ұрыста бұл төрттіктің әскерін Едіге қиратып салған. Мұнан кейін Тоқтамыс Әмір Темірді паналаған. Өз еліне жаудың жасағын алып келген, Қашқын ханға елдің тау шыңына аса биік тас мазар сала қоюы екі талай. Егер осы соғыста Едіге жеңілсе Алтын Орда біржола құрып, қазақ жерінің Ұлытауға дейінгі бөлігі жат иелігіне кетер еді де, қазақтың бүгінгі жер тұтастығы да болмас еді.


Сонау 50-жылдардың бас кезінде Едіге батырдың мо- ласын іздеп келген орыстарға Ұлытаудың екі ақсақалды да батырдың мүрдесін қорлатпау үшін Мәскеуліктерді қасақана жаңылыстырып, ортадағы моланы көрсеткен-ау деген ой келеді. Қазақтың иманы бұзылмаған қайран ақсақалдары деп іштей қуанасың. Анау өлкетанушы С.Бүкіровта сол ақ- сақалдардың ізімен кетсе керек. Оған да шүкіршілік.


Комиссияның бір мүшесі Ә. Марғұлан атындағы архео-


 


логиялық ғылыми-зерттеу институтының бөлім меңгерушісі Жұман Смайлов бұл шыңға алғаш рет 1983 жылы шық- қанын, сонда да сүйектердің көрініп жатқанын айтып өтті.Иә, бұл Мәскеулік орыстардың моланы жаңылысын ашып, шала жауып кеткенінің куәсі.


Тау шыңымен үйлесімді ұштасып биік тас-мазар-пира- мида тұр. Бұл ұлттың намысын қорғаған, Ұлы би атанған Баба Түкті Шашты Әзиздің ұрпағы Құтылқия ұлы Едіге батырдың мәңгілік орыны. Осы биіктен өзі сүйген,өзі қор-ғаған ұлты мен ұлы даласын бақылап жатқан сияқты.


Ғасырдан ғасырға ұлы тұлғаны мақтан тұтып, қас-терлеп, қорғап келген Ұлытау жұрты Едіге батырдың сау тұрған тас пирамидасының іргесіне «Құтылықия ұлы Ер Едіге» деп қара мрамордан тамаша ескерткіш орнатып көріп, көңіл қуанды.


Ал, ана шала ашылып жатқан екі мүрде кімдікі, қашан жерленген? Оны антропологтар зерттеп, Едігеге қатысын анықтауы қажетті жеке әңгіме.


Анау бір қонысты ел күні бүгін «Едігенің майлы жұрты» деп атайды, деп редактор М. Машайықұлы мен музей қызметкері С. Өмірбаев жарыса үн қосып алыстау жатқан манды көрсеткен.


Арғы заманда жатқан Едіге, беріректегі Қабанбай батыр кім еді деген сауал туындап жатады. Қаракерей Қабанбай. Атының өзі айтып тұр. Бұл Қаракерей, яғни найман деседі. Қабанбай батырдың тікелей ұрпағы жазушы, ғалым Зей- нолла Сәнік «Хан батыр Қабанбай» кітабында (Алматы 2005).


«Сейітқожа Шайбанилар Мұхаммед Пайғамбар әулеті. Яғни Мұхаммедтің қызы Батимадан туған Шәмші Ахмедтің бала- сы Шайбанидің ұрпақтары. Шайбани Иран жерінде әмірші болған. Шайбани хан Мауераннахр мен Қорасынды билеу- мен бірге Үні жерін өзіне қаратқан» дей келіп, Қабанбайдың арғы бабасы Тоқтар қожа осы әулеттен екенін, «Найман елі Арқа жеріне қоныс аударғанда Шайбани ханның ұрпағынан Тоқтар қожаны қожалыққа әкеледі» деп жазады. Осы Тоқтар қожадан Байжігіт, оның Мәмбетінен Қожақұл, онан Ерасыл (Қабанбай) туғанын дәлелдеп келтірген. Сонымен, Қабанбай батыр Қаракерей руының қожасының ұрпағы, сол елде туып өскен соң Қаракерей аталуы да түсінікті.


Едіге батырдың арғы тегі туралы да ойдан шығарылған,


 


дәлелсіз, тиянақсыз әңгімелер бар. Әсіресе бұған құдайдан қорықпайтын кешегі коммунистер әуес. Алланың алдына ба- рамыз, әр қылығымыз үшін, әр сөзіміз үшін жауап береміз деген ой олардың санасына кірмейтіні анық. Қорқыныш пен ұяттан ада адам не демейді.


Едіге батырдың шежіресін Қадырғали Жалайыри 1602 жылы жазған «Шежірелер жинағы» атты еңбегінде шегелеп көрсетіп кеткен. Кітапта «әуелгі бабасы Әмір әл Момын Әбу Бәкір әл Садық Разидың төрт ұлы бар еді деп басталады. Мұнда көрсетіліп отырған Әбу Бәкір әл Садық ұлы пайғамбар Мұхаммедтің төрт халифінің бірі жәнге пайғамбарды ізін басқан алғашқы мұрагері. Әбу Бәкір әл садықтан Мұхаммед, онан Сұлтан Қайып, онан Сұлтан Хамит, онан Сұлтан Халит, онан Сұлтан Қайдар, онан Сұлтан Мәулит, онан Әбу-л-фана, онан сұтан Сәлім, онан Сұлтан Садық, онан Сұлтан Әбу-л- хақ, онан Сұлтан Осман, онан Жалалладин, онан Баба Түкті шашты Әзиз (Туклас), Онан Тырма, онан Қарачи, онан Ис- лам Қия, онан Құтлу Қия, оның ұлы Едіге екені тәтпіштеп жазылған.


Бір атаны ұлықтап көрсету үшін шындыққа қиянат жа- сау келеңсіздің ісі. Ол елдің арасына от салу, жік-жікке бөлу екені кімге болса да түсінікті, әрі ешкімді риза ететін іс емес. Қазақ халқы үшін дұшпанымен арпалысып өткен, өзі тағын иеленуге ешқашан ұмтылмаған, Ұлы би атанған, Едіге


батырдың да шежіресі осы.


Шоқан Уәлихантегінің «маңғыт ордасының негізін салушы Едігенің моласы» деуі де оның тегі маңғыт бол-ғандықтан емес, сол елді көтеруші, билеушісі Едіге бол-ғандықтан айтылған сөз екенін зерделі азаматтың түсінері анық.


Ел Едігедей ерін құрметтейді, қасиет тұтады. Жұрттың ақпейіл ықыласы, елдің сүйіспеншілігі – ұлттың намысы. Ұлытау сонымен асқақтап, биіктеп көрінетін шығар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу