18.05.2021
  223


Автор: Кәмел Жүністегі

Көнеден жеткен хабар

Байтақ даланы мекендеген халқымыздың көне мәде- ниетінің бір үлгісін әйгілейтін тасқа басылған таңбалар, түрлі суреттер, жаяу үлгілері еліміздің түкпір-түкпірінде көптен кездеседі. Бұл таңба-суреттер сан мың жыл бұрын өмір сүрген ата-бабаларымыздың келер ұрпаққа өмір туралы та- стап кеткен хатсыз жазуы іспеттес.


Сондай бір таңба-суреттер тобы Жезқазған облысының Бетбақ даламен шектесіне орналасқан Тайатқан-Шұнақ де- ген тауындағы «Таңбалы тас» жартасы. Жалпы көлемі 150 метрге жуық жартас беті біздің жыл санауымыздан әлде қайда бұрын, қола дәуірінде сүрген адамдардың салып кет- кен сансыз суреттеріне толы. Бұл «Таңбалы тастың» ер- теден халық аузында екенін, ерте заманнан құлағы түрік, көкірегі ашық адамдардың көңіл аударған жері екенін ескер- сек, әйгілілігін түсінеміз. Өткен ғасырдың 1863 жыл шама- сында осы күнгі Жаңа-Арқа ауданы жеріндегі Жұбан-Ана мазарына келіп, оны алғаш суретке түсірген ұлы Шоқанның тап бұл жол осы «Таңбалы тасқа» соққаны жұртқа бұрыннан аян. Сөйтіп ел аузына ертеден іліккен «Таңбалы тас» ғалым Шоқанның назарынан тыс қалмаған. Әттең, ұлы Шоқанның


«Таңбалы тасты» толық зерттеуге ғұмыры жетпеді.


«Таңбалы тастағы» түрлі-түрлі суреттер мен таңбалар-ды фотоға түсіре отырып, ойлана үңілгенімізде бұл кес-кіндердің бір ғана ғасыр ішінде емес сан ғасыр бойы жасалғанына көзіміз жете түскендей. Аңдардың алғашқы кескіні тым ертеректе қарапайым сызықтар негізінде са-лынып, қарабайырлау кел- се, келесі суреттерде аңдардың өзіндік ерекшелігін бергісі келген талпынысқа ауыса береді. Міне киік текелерінің сүзуін реттейтін тастағы картина осындай өсудің бір көрінісі.


Уақыт өткен сайын адам баласының дүниетанымы молай- ып, құралы жетіле түскен сайын тас бетіне қашау да өрістеп, белгі-бір сюжетке қарай ауыса түскен тәрізді. Тас бетіндегі біреуі билеп, екіншісі оған үн қосып, қалғандары таңырқана бой созып, қошаметтеп тұрған ешкі суретін көргенде осы


 


күнгі қылқалам шеберлерінің әйгілі полотноларынан кем әсер қалдырмайтынына таңдана таңдай қағасың. Белгісіз суретші өмір қуанышын біз биші ешкілер атап кеткен осы көрініс арқылы жеткізе білген.



  • Мына бір ғажайып көріністі қараңыздар, – дейді Ерғалы Есімғалиев.

  • Тұра тұрыңыздар, әуелі суретке түсіріп алайық, – деп Дәулет пен Мұрат фотоаппараттарын әзірлеп жатыр.


Тік тұрған жартастың беті ию-қию араласқан тағы өгіз, киік, арқар, ешкі-қой, жылқы, түлкі, аю, құс суреттеріне толы. Бұл хайуанаттардың бәрі адамдардың қоршауында қалған. Кейбір аңдар қоршаудан жырыла қашып шығып жа- тыр. Адамдардың қолында белгілі қару да жоқ. Сірә, аңдарды топтап қоршап, тас ату әдісімен өлтіруді суреттеген алғашқы адамдардың аңшлығы тәрізді.


Алғашқы суретші «міне, біз осылай өмір сүрдік, өмір үшін күрестік» – дейтін сиықты. Ал, адамдардан ірі план да алынған, мұнысы «біз үстемдікке ие бодық, күштіміз» – дегенге саяды. Бұл сурет әлі де болса мамандардың үңіле зерттеуін қажетсінеді.


Адамзат көшінің өсуінің жаңа бір сатысы мал шаруа- шылығының пайда болуы да «Таңбалы таста» орын теп- кен. Кеше аңды қоршап аулаған адам бүгін ат үстінде бей- неленген. Қолындағы орамды нәрсе сілтеуге әзірленгеніне қарағанда бұғалық тәрізді.


«Таңбалы тастағы» суреттердің көпшілігі белгілі сю- жет-желіге құрылған. Біз 6-сурет деп белгілеген тастағы көрініс өмірдің белгілі бір сәтінен мағлұмат беретіндей. Көріністің сол жағында қашқан қасқыр, сонан соң шаңырақ таңба, төменіректе үрке қараған жылқылар,   әлденеге қос қолын бірдей көтерген адам бар дауысымен ышқына ай-қайлап тұрғандай әсер береді, ең төменде тоғыз ұя салынған. Тоғыз ұя тоғыз құмалақтың тасқа түскен көрінісі ме, әлде алқа қотан отырған тоғыз үй ме, ол арасы белгісіз. Тастың жоғарғы жағы бірде тоғысып, бірде алшақ кетіп жатқан штрих-сызықтармен толы. Суреттен қасқыр шауып, малы үркіп, берекесі кеткен ауылдың бейнесі көңілге орала береді.


«Таңбалы тасты» аралап көргенде көзге жиі ұшы-


 


расатыны «шаңырақ таңба» деп біз атаған ортасын айқұш- ұйқыш сызықпен қосқан тұйық шеңбер. Оның біразы уақыт зардабынан өше бастаған. Біз түсінетіндей белгілі жазу таңбасы болмаса да, жазу-сызудың алғашқы әпіл-тәпіл қадамын еске түсіретін сызба-таңбашықтар бар. Бір таста таңырқаған бұғыға садақ ұстап жақындаған кішірек адам бейнесі түсірілген.


«Таңбалы тастағы» әзірше қираудан аман жеткен жартас беттеріндегі қалғыған құлан, күйіс қайырған түйе, асықпай басып аяңдаған барыс, ырылдап шөккен аю тәріздес мақұ- лық, піл-мамонт, ондап кездесетін киік-арқарлардың табын- табын суреті, сүзіскен текелер, бұлан, тағы өгіз, бетін қына баса бастаған арқыраған айғыр, маң-маң басқан аю суреттері өткенімізді жете білу үшін, білімді қауымның бүгінгі биіктен өткен мәдениетті зерттеуі, түсінуі үшін өте қажет.


Су шайып, жел өбіп, бұзыла бастаған, фотоаппаратпен бейнесін алуға болмайтын суреттер де өте көпшілік.



  • Таңбалы тастың басында ұясы осы күнгі дойбыдай әлде қайлы көп дойбы тас бар, – деп еді бізге науқастығы себепті ілесе алмаған Серік Исмақов ақсақал. Өзіміз іздеп тап баса алмадық. Ал, мына 9 суреттегі тастың беті толған қашалған ұя. Тас құлағандығы себепті бір жақ бұрышы сынып қалған. Осншама ұяны тас бетіне не себепті қашап салды екен деген бір ауал көңілден кетпейді.


Бір кезде бір тұтас жартас болып тұрған «Таңбалы тастың» беті бүгінде айқұш-ұйқыш жарыққа толы. Бүгінгі күнге жеткен тастағы суреттердің де ендігі ғұмыры адамның аялы алақанына байланысты тәрізді. Қарттардың айтуына қарағанда бір кезде беті суретке толы бірінші жартас бүгінде дүрсілі жер сілкінгеннен кем емес қазіргі техниканың әсе- рінен тұтас-тұтас қалпымен аударылып етекте жатыр. Талай мың жыл тұрып бізге жеткен таңба суреттердің жойылып кетуіне бірен-саран барушылардың, сол маңдағы қойшы, шөпшілердің де әсері бар сияқты. Бір кезде ұлы Шоқан ар- найы соғып атын жазып кеткен, біз оны көп іздедік. Бір таста Вал деп басталған жазудың соңын әлде бір пәтшағар өзінше түзеп волки ғып жіберіпті. Астындағы жылын да өзгерткен. Сірә, Валиханов деген өз осы болса керек.


Мыңдаған жылдар бойы сақталып, бізге  келіп жеткен


 


«Таңбалы тастың» ендігі тағдыры бізді ойландырады, келер заман үшін аман сақтап қала аламыз ба деген ой жанымызды мазалайды. Ей, замандас, адамзат алдындағы борышымызды өтей білейік дегіміз келеді.


Қасиетімізді қадірлейік, жақсымызды аялайық, көненің көзін сақтай білейік, ағайын, деп бос үгіттегенімізше үлкен- кіші болып осы істі нақтылы қолға алатын уақыт жеткен сияқты.


1985 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу