18.05.2021
  209


Автор: Кәмел Жүністегі

Зұлмат

XX ғасырда қазақ халқының басына төнген қатер, исі қазақтан ұрпақтың қалу-қалмауы деген мәселе өткен та- рихта осыншама күрт қойылмаған шығар. Қазақ халқының жерін бірте-бірте тартып алып, Америкадағы үндістер тәрізді тастақ пен шөлге қамап, құртуды ойлаған шовинистік сая- сат патша құлаған соң тоқталдыға санап, дала жұрты аз уақыт еркін демалып серпілгендей еді. Өз мұңын өзі жоқтап, мәдениетін көтеріп, ел болуға тырысып жатқан.


Оның ел болғанын көре алмады қаскөй жау. 1925 жылы қазақ даласын билеуге жіберілген Голощекин «Кі-ші октябрь» дегенді ойлап тапты. Компартияның билей-тін бүркенген қара ниет патша жасай алмаған істі асқан зұлымдықпен ұйымдастыра білді. Ол адам баласын «Нұр-лы болашақ» орнату идеясын жүзеге асырған болып, аңқау елді сендіріп, біртұтас елді өз ішінен бір-біріне қар-сы қойды. «Кіші ок- тябрь» тек қазақ елін қыруға шебер ұйымдастырылған шара еді.


Ауылға социализм негізін орнату үшін ғасырлар бойы қалыптасқан рулық, аталық ұсақ кооперативтік ұйымды қиратудың қажеті жоқ еді. Ол кооперативте жер мен бағын ортақ, мал әр түтіннің меншігі болатын. Кешегі Морган там- сана жазған бауырмалдық, мейірім, алаңсыз өмір, Маркс аңсаған коммунистік ячейка осындай-ақ емес пе. Сол қазақ қоғамның негізін талқандау, қазақты құрту жолындағы алғашқы қадам екені даусыз. Сондай кооперативке тап бүгін қолымыз жетпей отыр емес пе.


Казкрайкомның кезінде аса «құпия» саналған 19 ян- варь 1930 жыл қаулысында «что мероприятия»... в районах сплашной коллективизации казахского населения не со- всем достаточны и должна быть усилины» делініп, қазақты кооперативті, қазақ қоғамының негізін қиратуды тездетуді талап етеді. Осы қаулыда тас-талқан болған ауылды үлкен-


 


үлкен колхоз жасау үшін қуып әкелу керектігі айтылған. Жүздеген шақырым жерден осы босуға ұшыраған жұртқа көмек жоқтығын «что бюджетами как краевым, так и мест- ным не предусмотрены специальные средства на оседание» деп ашық айтылып, оны ұйымдастыру аты бар, заты жоқ әлде бір мерекелерге тапсырылған, яғни «не болса, ол бол- сын» дегенді анық ұғуға болады.


Қазақ жұртын мұндай талауға салуға қарсының бәрі халық жауы есептелді. Ахмет, Мағжан, Міржақып түгілі Голоще- кин саясаты момын қазақтың есі түзуін де тыныш қоймады. Қазақтың оқығаны түгілі есі барын да әз саясатын тезірек жүзеге асыру үшін о дүниеге аттандырып жіберуге тырысты.


«Көшпелі ел XX ғасырда өмір сүруге тиіс емес» деген теориямен қаруланған неше түрлі бас кесерлер мылтығын шошаңдатып дала кезіп, елге зорлық-зомбылық жасаумен болды. Олардың тірегі тым мықты еді. 20-жылдардың екінші жартысында-ақ Голощекин келген соң бір-екі жылдан соң, момын елдің қаны судай төгіле бастады.


«Ұрыларды атамыз» деген сылтаумен әрі «контралар ауыл-ауылды аралап жүр, солармен күресеміз» деп ел ішінен қарулы отрядтар шыға бастады. Соның бірі Шет ауданын мекен етуші іргелі рудың бірі. Шуаш ауылын қа- мап, жеті кісісін атып кетті. Оққа ұшқандардың ішінде атақты Жанқұтты шешеннің немересі Тәтібек ұлы Шәкен, Сейітқали, Сейітқамал, Аққасқа дегендер бар. Бір ауылдың ер азаматын қырып кетуге Аққасқа жөнді қонақ асын бер- меді деу, «ұрыны атады екен» деген қорқыныштан Кәкіштің тұра қашуы сылтау болған. Қашып кеткен «контра», ауыл сонымен сыбайлас деп есептелген. Сол жолы Үрпек Адай- да 40 адамның атылғанын Ескей жыршы айтып, құлаққа сіңірген. Әміржан Омаровтың айтуынша соның ішінде Са- рымнан Жаманбек Мекібасов, Сейітбек, Сейітқазы дегендер бар.


Дала жұртын дүрелеп, асып-атып ойына келгенін қылған отряд кеше патша үкіметіне бағынбай кеткен дала Көкжалы Боранқұлға у бергізсе, Майшора – Тәжібай ауылын, таң ата қоршап, пулеметпен атқылаған. Ауылдан ақбозатқа мінген жалғыз-ақ адам қашып шыға алған да, қалғаны мерт болған. Қырғынның лебін күні бұрын сезген Шәмшид пен Өскенбай


 


бір қыз, бір келіншекті ертіп сонау Көкшетау жақтан шығып, Абыздың қара талын мекен еткен. Соларға еріп осы елдің Шәріп деген жігіті де оңтүстік жаққа кетпек. Бұлардың сы- бысын білген 40 солдат ауылды басып қалып, бір бозбаланы торғайдай шырылдатып сабап, жатағын көр-сетуге мәжбүр еткен. Солдаттар оққа ұшқан Шәріптің басын найзаға іліп әкеліп, момын елдің зәресін ұшырған.


1930 жылы Шет ауданында әр үйге 100-ден 500 басқа дейін мал салығы түскен. 1931 жылы халық басына түскен қасіреттен есінен танғандай еді. Шет ауданы халқының қолында қалған 80 мың бас ірі қараға 120 мың бас мал тап- сыру жөнінде салық түсті. Әуелде салық мал басына түсіп, жұртты біржола сыпырса, кейін «тонна» мен түсетін болды. Айта кетерлік бір сөз бұл етті апарар жер, сақтар орын жоқ екенін біле тұра Голощекин тобы осыны істеді. 1932 жылы халық қырылып жатқанда бұрынғы Нілді руднигінде 100 (жүз) мың тонна ет өртелді. Сасып борсыған мыңдаған тонна етті жою Спасск, Бұрмада жүргізілді.


1931 жылы елге аштық кіре бастады. Тұқым-тұқымымен


«нұрлы болашаққа» жетпейтініне, құритынына кезі жеткен ел ішінде толқу болғаны шындық. Мұндай қатер төнгенде үнсіз мүлгіген ұлттың жер бетінде өмір сүруге хақысы жоқ дер едім. Қасқыр да ұрпағын сақтау үшін жанталасып кісіге шабады, ал қазақ елі өзін сақтау үшін толқыса несі айып.


Міне, осы кезде Шет ауданының ГПУ бастығы боп, ел ара- сына Шишов деген атпен белгілі, Н. Сычев та-ғайындалды. Сол Шишовты Шетке аттандырып тұрып оперсектор бастығы Бақ «билер мен дінбасылар, ақындар сөзін тыңдаған, халқы бас имейтін» ауданға барғанда аяусыз болуын, ойланбауын талап еткенін архив сақтаған. Сонымен Шишов барған жерін қанға бояуға міндетті болған. Шала сауатты Шишовқа осы да жеткілікті еді. Ол қанды ісіне аяусыз кірісіп берді.


Қазкрайкомның 1931 жылы 25 майдағы «Ерназаровтың баяндамасы бойынша аса құпия резолюциясында «в Аб- ралинского и Шубартауском, Кубыском и Каркаралинском районах... напряженное положение... продолжает оставать- ся» деп көрсетілген.


«В дело моблизации средств местные органы допуска- ли грубые администрированные, пытаясь путем облажение


 


насаления наполнить финплан, при этом имея в этих райо- нах безтоварье и отсутствие продолволствие» деп ашық көрсетіп, халықтың аштық-жалаңаштыққа ұшырағанын мой- ындай отырып, халықты толқытушы бай құлақ элементтер деп баяғыда қырылып біткен сорлы байға жабады. Ірі бай- ларды 1928 жылдары құрттық, орташаны 30-жылдардан асырған жоқпыз, сонда халыққа іріткі салатын қай бай деген сауал еріксіз келеді. Әлде қалған қайыршылар байи бастап па еді? Міне, мұны қазақ «ауру бастың сақинасын сау басқа жабу» дейді.


Резолюцияда белсенділердің биліктен айырылып қал- ғанын жаза келіп, «фактический передели власть кула- ком Шубартауский р-н» деп онан әрі «Коммунисты 6-аула Абралинского района совместно со своим родам прини- мали активтые участие в вступлениях» деп, дені қазақ, өз ұлты-ның тағдырынан бөліне алмаған коммунистерді сөгеді. Бұл жағдай қазақ коммунистеріне сол тұста тән сықылды. Шет ауданының алғашқы партия ячейкасын құрушы Дәл- мағанбеттің Тұңғышбегі, Бәйменнің Көпжаны, Сыдан, На- қыптың Алтыбайы секілді азаматтар 1928 жылы ірі байды конфискелеуге, онан соң қаптаған салыққа қарсы болып,


«бұл ашаршылыққа ұшыратады» деп сан рет жасырын кеңес өткізгені белгілі,


Ол құпия шешімге «еще поднять темпы скота загатовок» деген сөзін оқығанда аяушылықтың шегі болмайтынына көзі жетіп, Голощекин бастаған билеушілердің зұлымдығынан біржола түңілесің. Оқпен атып тауыса алмайтын қазақ халқын, ақымақ, үкіметке шын берілген белсендінің қо- лымен аштыққа айдап бара жатқанын көріп, тап бүгінде жаның шырқырайды,


Ашаршылық жаппай кіре бастаған , қырылатынына көзі жеткен ел резолюцияда көрсетілген аудандарда ғана емес, қазақ жерінің түкпір-түкпірінде толқу жасаған. Ондағы мақсат белсенді зорлығынан құтылу, тірі қалуға тырысу ғана еді. Көтерілген елдің бір орталығы Созақ болса, Арқа елі де қарап жатпады. Осы күнгі Жеңіс совхозының маңында құрылған бір аудан қазағы тік көтеріліп, оң-түстікке қашып кетті. Оньің тірі қалғаны қазір Сарысу ауданын құрап отыр. Арқадағы Боқты тауына бекініп, өзінше қарсылық көр-


 


сеткен ел ай бойы берілмей, үстінен ұшқан қос қанат «ку- крузник самолеті» атып түсірген.


Нұра ауданы жағында көтерілген жұрттың басында болған Әлсен қажы қолға түсіп, жендеттер іш құрылысын үзіп түсіру үшін қол аяғынан ұстап жерге ұрғылағанда да «иә, мен қазақтың ханымын» деген сөзінен танбай кеткен. Ел үшін азаппен өлсе де жанын қиған осындай ерлерге ұрпақ мәңгі бас иеді.


Ақтоғай ауданында тақымына ат тигендер аудан орта- лығынан шауып өтіп, белсенділердің зәресін алған. Қалған топ жаяу-жалпы жақындай берген. ГПУ Маклошин қарулы отряды екіге бөліп, таяқтан басқа қаруы жоқ топты оқпен қарсы алуға дайындалған. Жаяу-жалпы наразы топтың ал- дында, осы топтағы жалғыз қару, шалғы ұстаған Көшкін руы- нан шыққан Керкей деген жігітті Моклошин табан асты атқан. Екінші отрядта оқ жаудырған. Оқтың бірі РайПО бастығы Омар Адамбайды жаралаған. Мұндайды күтпеген наразы жұрт бет-бетімен қашып, таяуы аяусыз жазаланған.


Толқудың аса бір ширыққан жері Жезді, Қарсақпай маңы. Осы жылдардың авторы Ұлытау, ауданы, Ешкіөлмес ГРП-сінде болған кезінде Құрман-Дәулен деген жігіттердің әкесі Ысқақ қария осы уақиға туралы аса өкінішті әңгіме қозғаған еді. Бұл фактілер қазір архивте де бар. Толқудың басында әжептәуір оқыған Жұмағазы деген кісі болды. Ахмет ұста да басты рөлдегі кісінің бірі. Көтерілген жұрттың «та- лабын орындаймыз» деп қолға түсіріп, Жұмағазы баста-ған бес адамды атқан. Содан көтерілісті інісі Қабжан бастап, қыс бойы Бетбақтың бойында ұрысқан. Осы толқу барысында жүздеген адам атылып (сол ақсақалдың айтуы бойынша бес жүз адам) атылып, мыңдағаны сотталып кеткен.


Осындай оқиғалардың Жаңаарқа жерінде де болғанын 1961 жылы Қарағанды облыстық архивінен көрдім. Сол толқуларды басу үшін көршілес аудандардан отряд құрылған екен. Сонау Шыңғыстаудағы толқуды жазалау үшін Шет ау- данынан он шақты адам жіберілген. Олардың үшеуі қазір бізге белгілі: Адабек, Мұқыжан дегендер.


Голощекиннің «Кіші октябрь» идеясымен жігерленген сол кездегі крайком секретарының бірі Голюдов деген кол- лективизацияны қарқынды жүргізу үшін әр жерде топ– тобы-


 


мен кісі атып тастау керек деген ұран да көтерген. Ашығып қырылудың азақ алдында тұрған ашынған халық Голюдовтар үшін енді мылтық сынайтын ермекке айналды.


Топ-тобымен кісі атудан Шет ауданы да құр алақан емес. Соның салдарынан халық санының қалай кемігенін мына цифрлардан көруге болады. 1926 жылы Шет жерінде 48311 қазақ болса, 1932 жылдың басында 36568 адам қалған, яғни халық саны сол екі ортада 11743 адамға азайған. Сонан 1933 жылы 5021 адам ғана тірі қалғанын архив документтерімен дәлелдеп шықтық.


Тобымен кісі ату Шет ауданының әуелгі орталығы Қызылеспе маңында болған. Созақ оқиғасын естіп отырған жұртқа Боқтыдағы жағдайды көрген Шәріпов Орман деген келіп көзі көргенін айтқан екен. Ашығып та, ашынып та отырған ел 39 бөшке бензинді өртеп жіберіп, мұратына жет- кендей боп отырған. Онан соң қан құйлы белсенді Бабжанов Исаны ұстаған. Қаны біргеге аяушылық ететін ел оны ұрып соқпаған да.


Көтерілген ел арасында Марғазы мұғалімнің беделі үстем екен. Ол кісі «зорлық-зомбылық, ашығуды белсен- ділердің ісі, мұны жоғарғы жақ білмейді, толқу жасап қиын жағдайымызды білдірейік» деген бағыт ұстаған. Сол кез- де тап ретінде айдалып бара жатқан, ішінде Тәсібек пен Ысқақ молла бар, топтың соңынан келіні Сақай қуып жетіп, көтеріліс туралы хат берген. Айдалушылар екі милицияны байлап тастап, Ысқақ молладан басқасы кері қашқан. Ысқақ молла «жақсылық адамның алдынан келер болар, соңымнан жеткен хабарда бір шикілік болар», – деп ілеспей қалыпты.


Осы оқиғаны көзімен көрген, өзі бізге куәлік қолхат берген Зекен Бәкіровтің айтуынша жазалаушы отряд Тоқ- табек көңіндегі мал қораға жетпіске жақын адамды қамап қинаған. Соның бір тобын атуға алып шыққан. Ол кезде комсомол Зекен ақсақалды тау басына қарауылға қойған екен. Ажарбектің келіншегі Сақайды қайнысы Нұрлан екеуін тұтастай жалаңаш шешіндіріп, штыкпен түйрелеп, еріксіз құшақтастырып қойған. Сонан соң еріккен белсенділер «сен- дерге оқ та шығын» деп тізіп қойып атқан. Белсенділер ішінде ауатком төрағасы Қарағанды Тойбеков, Көдебек, Сарымсақ, М. Әмірин деген райком, комсомол секретары Құсайын есімді


 


селпо сатушысы бар еді.


Тізілген жұрттың алдында тұрған жігіт үңірейген мыл-тық аузына шыдай алмай есінен танып, қайта-қайта құлай бер- ген. Сонда Тәсібек:



  • Мына шірік ажалды да жөндел қарсы ала алмады ғой деп, оқ өтіне өзі келіп тұрған.


Оқиғаның бел ішіндегі қызыл отау соты Омар Тайбек бұл жөнінде өзіне ГПУ Шишов мылтық кезеп «ат аналар- ды, өйтпесең сен де жаусың дегенін, өзінің әдейі мылтықты далаға атқанын осы жолдар авторына айтқан еді. Иә, ол кез- де кісі аттырып, қолын қанға бояп, әркімді өзінің сенімді ада- мы ету Шишовтардың ыңғайлы тәсілі болса керек.


Жалаңаш құшақтасқан Нұрлан мен Сақайды бір оқпен атып құлатып, қансырап әлі тірі жатқан келіншектің төсін кесіп алып, күйеуі Ажарбектің үстіне тастаған Бабжановтың ісі жан түршігерлік.


Осы оқиғада қолға түскен – Шойынбекті бір белсенді өзі жеке атпақ болып алып шығады. Винтовканың жеті оғының біреуі де атылмай, кешінде Тоқтабек көңіне қайта әкеп қамаған. Түнде ескі қораның түкпіріндегі бос кірпішті суы- рып Шойынбек жалаңаш, жалаң бас жалғыз штанмен жаяу қашып ақыры Алматы жетіп, Қарсыбектің Ғайнолласына осы сұмдықты баяндаған. Ғайнолла астанада мәселе көтеріп, осы сұмдықты зорға  тоқтатқан.


Осы жолдардың авторы 1989 жылы 11 октябрь күні зұ- лымдықты көзімен көрген Зекен ақсақалды алып Найза кескендегі шейіт болғандардың жеткен жерін тауып, суретке түсіріп, тағзым етіп қайтты. Сол маңның есті азаматы Демесінге жазықсыз жапа шеккендердің бұл жалғандағы соңғы тұрағы, таспен бастырылған жалғыз апанға көз қырын сала жүруін, ел болып қамқорлық жасауын өтіндік. Тау арасындағы терең сайда мәйіттердің басына шыққан қурайды жел тербейді. Ал сенің көңілің қобалжып, тама-ғыңды өксік тіреп, не үшін деп еріксіз күбірлейсің.


Шет ауданының орталығы орналасқан маңдағы Қанды қара төбедегі топтасқан кісі ату 1931 жылдың август айының


 


орта кезінде өтті. Атылған адамдардың саны жиырмадан асады. Негізі Иманжолбарыс ауылының азаматтарынан тұр- ған бұл жағдайды көрсетуші де, тау арасындағы әлде бір ту мен бір бет қағазды тауып беруші де Төлеубай белсенді. Түлкілінің бетіндегі аударылып жатқан тасты көрсетіп «Ішім сезіп тұр, Ана тастың асты тегін емес» деп, өзі қолымен қойысқан қойманың үстінен Шишов бастаған ГПУ адамдарын түсірген.


Төлеубай сұмның жазықсыз көзі жойылған азаматтар- дың әйелдеріне жасаған қиянатын, бала-шағасына көрсеткен зорлық зомбылығын ел күні бүгін түршігіп еске алады. Халық қарғысына ұшыраған онан тұқым жоғы да ел көз жасының тегін кетпегені сияқты.


Ымырт жабылған шақта тұтқындарды осы күнгі Ақсу


бөлімшесінен түйеге мінгестіріп алып шыққан. Дәржібай- дың Қасені деген кісі «түсе қашайық, бәрібір өлдік» депті. Сонда елге сыйлы Талпақтың Ахметжаны «артымызды ойлайық, біз қашып құтылғанмен бала-шағамызды қырады бұл иттер. Құдай не салса да өзіміз көрейік», – деп тоқтам айтқан. Ахметжанның соңғы тілегі намазын оқу екен. Сәждаға бас ұрып отырған Ақаңды Семененко атқан. Жа-ралы ақсақал құлай қоймапты да осы елдің бір есалаңы қылышпен шауып өлтіріпті. Морозов деген «вам пули жал-ко» деп талайын бір оқпен жайпаған.


Сол кезде қызметке жаңа ілініп жүрген жігітті еріте шыққан Шишов оның қолына мылтық беріп, шекесіне тапан- шасын тіреп қойып, «ат әйтпесе» деп санай бастаған. Есі шыққан жігіт мылтық дауысымен бірге есінен тана құлаған. Әлдебіреулер «қан іш, есіңді жиясың» деп аузына қан жаққан екен. Сол жігіт (ол да зорлықтың құрбаны сол себепті атын атамадық) соғысқа кетерде «Мен қан жаладым, қан май- даннан қайтпаспын» деген екен, соғыста жоқ болып кетті.


Ермек іздеген белсенділердің бірі Ақбота Түсіпбекті қолын байлап, жалғыз өзін Аюлыға апарып атқан.


Жаралы Ақпанның Құдышы біраздан кейін есін жиып өзен жарын жағалай қашып шыққан. Жаралы Құдыш ұзай алмаған. Ертеңіне іздеушілер оны Данияр бейітінің қараған арасынан тауып, үркітіп жүріп қуалап атқан.


 


Қарт ұстаз, соғыс және еңбек ардагері Жұматай Құт- жанов берген куәлік қолхатында «Түнде дүрсілдеген мыл- тық дауысы естіліп жатты, «кісі атты» деп ертеңіне үлкендер біліп келуге жіберген. Өзеннің күнге 7 қарап тұрған биік ке- мерінің астына атыпты. Су қызыл ала қан. Біз балық аулаған болып бардық. Бізді мылтықты аттылы адам «кетіңдер» деп қуды. Оның милиция формасы бар еді» деп жазды Жұмекең. Жұмекең 1931 жылы 14 жаста екен.


Жұмекең сол оқиғаларды жақсы білетін Имағанбетов Төсбай деген ақсақалмен көп дәмдес болып, бұл жағдайды тәтпіштей сұраған. Төсбай ақсақал атылғандардың жатқан жерін жұрт біліп қалуы себепті, өзеннің атылғандардың үстіне құлатылған жары аршылып, біраз мәйітті осы күні біз ат шаптырып, той жасап жүрген Табан төбенің терістік жақ ішіне көмдіргенін, өзінің соған қатысқанын айтқан.


Жұматай ақсақал сол күні Дәржібайдың Қасені, Тал- пақтың


Ахметжаны, Иман-Жолбарыстан, Елубай, Аманбек, Шүленбайдың Тиышбек, Жексенбегі атылғанын еске алса, Жұмабай Тәкенов, Ақпанның Құдышы, Ақбота Түсіпбек, Сандыбай тұқымынан Сәдуақастың шейіт болғанын ай-тады. Ықсанов Мұқаш қария мәйіттер ішінде Тінекенің Қазанғабы, Қарақойлы Адайдың Ахметі, Шегірлі ұлы Қарсабек, Балта Құдайбергенұлы Қайырберлі, Бабас ақын-дар бар екенін құлаққа құйды. Сол жылы Әбди күйшінің де опат болғанын Жүніс Ыбышұлынан сан мәрте естідік.


Күн өткен сайын тежеусіз уақыттың көлеңкесінде қалып бара жатқан 1932 жылдың қырғын аштығы «неге, неге» де- ген сауалды қайта-қайта туғызып, қолдан жасаған траге- дияны түсіндіруді қажет етеді. Көз көргендерден жиналған естеліктерді оқығанда сол бір қайғыны бастан кешкендейсің, түршігесің.


Е. Мұхамеджанұлы белсенділердің бар малды сыпырып алғанын, шұбырған елдің жолшыбай қырылғанын, жүруге жарамай қалған бойжеткен қыз алдында жанып тұрған отқа құларман боп теңселіп отырғанын жазса, К. Жанасылов Бетқайыңдағы қорадан адам сүйегін кейін күреп шығаруға тура келгенін, Сарыөзекте шашылған мүрде талай жылдар шөп шаптырмағанын айтады.


 


Қарт ұстаз С. Әбдрайымов Бөгілінің 1930 жылдары 150 үйінен әр түтінде бірер адамы ғана бар 37 үй қалға-нын. Қайша шешей екі үй тола қаттап жиналған өлікті ұраға көмдірген совхоздың директоры Соловьевтің тірі қалғандарды қапқа салып, суға лақтырытқанын айтқанда, жауыздықтың шегі жоғына еріксіз иланасың.


Қарт ұстаз Қ.Ыбырайтегі босыған елмен бірге Сібір асып кеткенін, Қ.Аяпбергенұлы адамзат басына бермес аштықта кісінің кісіні жегенін жазғанда, сасқаныңнан өкі-меті қайда, партиясы қайда деп қаңға сіңген әдетпен ойлап қаласың.


Өткеннің кегін қууға қарсымын. Біреу «Нұрлы болашақ» дегенге алданды. Кейбірін ГПУ-КГП өзіне еріксіз зорлап жұмыс істетті. Надандықтың баққұмар, дәреже құмарлығы да кенде қалған жоқ. Бірақ соның барлығы да түрлі-түрлі біздің де, шет елдің де архивтерінде сақтаулы. Әркім бұл жалғандағы өзінің ісі мен сөзі үшін құдай мен келер ұрпақтың алдында жауапты. Ақырғы сарапшылар да осылар.


Тегінде Геноцид аталып жүрген бұл аштыққа бірден-бір кінәлі адам «Қу» жақ атанған Голошекин сияқты. Жар-ғыз әмірші осыны істегенде айналасы қайда деген сұрақ еріксіз келеді. Елінің қырылуға бет алғанын көрген бір азаматтың халқы үшін жанын шүберек түйіп, Голощекинді жалғыз оқпен жайғай салмағаны миға кірмейтін іс. Ендеше оның айнала- сы да қылмыскерлер. Сол тұстың өзінде коммунизмнің улы идеясын жамылған жауыздар ел билігін қолға түсірген. Голощекиннің айтқанына жұрттың бәрі көне берді десек әруақ алдында кінәлі болармыз. Сол кәмпеске басталған 1928 жылы Шет ауданының елдің бүтіндігін көксеген азаматта- ры Көпжан Бәйменұлы, Тұңғышбек Дәлмағанбетұлы бастап Қойкел өзені жағасында коммунистердің жасырын жиналы- сын өткізіп, байларды тәркілеуге бермеске серт беріскен.


«Қызылтауизм» деген айдар тағылған бұл азаматтар, кезінде қуғынға түскені анық.


Дегенмен де осы тұстағы «Қу жақтың» бірер қадамын байқап көрейікші. Қазақ елінің тұрмысын түсінде де көр- меген, ең болмаса бір кигіз үйдің есігін ашпаған, мал баққан


 


елдің ерекшелігі бары есіне де кірмеген Голошекин өткізген Қазақрайкомның қаулылары да пәле іздеп шапқылап жүр- ау. Жер жыртып егін салуға не соқасы, не тұқымы жоқ миллиондаған қазақты колхозға қуып тықпақ. Оның жолы малын тартып алу болса керек. Қазрайкомның 19.01.1930 жылға қаулысында «Громадное количество кочевого и полу кочевого казахского населения» деп көрсетіліп онан әрі


«коллективизации казахского население должны быть уси- лены» деп қорытындылайды. Ол үшін халыққа мынандай жағдай жасалу керек деген бір ауыз сөз болсайшы.


Осы қаулыда «потребует передвижу насления в хо- зяиственные центры» деп көрсетіліп, малы талауға түскен ұлы даланың қазағын қуып әкеліп, шоғырландырып, кигіз үйлі қалалар жасауға жол ашады. Сол ішінде тірі пен- де қалмаған кигіз үйлі қалалар 1934 жылға дейін желмен теңселіп тұрған еді.


Сол қаулыда қуып әкелінген қазақтарға үй салынсын дейді де, оған қаржы «бюджетами, как краевым, так и местным не предусмотрены специальные средства» деп атап көрсетіп, қай-қайдағы бір көк тиыны жоқ мекемелерге сілтеме жа- салады. Сонымен қуып әкелінген жұрт азып-тозуға, ауруға ұшырауға, суықтан бүрсектеуге үкім етіледі.


Ол аздай 1931 жылы 25 май күні қазрайком бюросының қаулысы «еще поднять темпы выпопнения скотозаготовок» деп сорлы халықты тұрса басқа, отырса аяққа ұрып, 1932 жыл аштығына қуалай түседі.


Бұл аштық қалай болды деген ой талайды мазалаған. Қанша едік? Қаншамыз қырылдық? Кешегі үлкендер біл-генін айтуға батпай, жүзін жасыратын. Әкем Ыбыштың Жүнісі бұл мәселе туралы осы 1990 жылы ғана тіс жарды. Ол кісінің ай- туына қарағанда Шет ауданында аштық алдында 54 мың адам болған. Біз сан жағынан Қарқаралыдан ілгері едік» – дейді. Ал, тек қана қой 700 мың, жылқы 60 мың шамасында болса керек.


60-жылдардың соңында саяси лагерге біраз жыл дә- рігер көрмей жөндеуді тілеген денсаулығымды байқатып, Қарағанды аурухана кезегінде отырып, Қарқаралылық Теміржан Қайыров деген кісімен кездестім. (Ұрпақтары болса менімен хабарласуын тілер едім). Ол кісі 1932–33 жылдары


 


Шетте почта бастығы болып істеген екен. Әңгіме жүйесін 32 мәселесіне бұрып, суыртпақтап сұрай бастадым. Аштық өтіп, 1933 жылы үкімет тірі қалғанның есебін алуға жұмсапты. Сонда Шет ауданында екі не үш адамнан тұратын түтін саны 298 үй, жетім бала, жесір қатынды жеке отбасы деп санағанда 309 түңлік болғанын айтқанда Темекең көзіне жас алды. Өмірден таяқ жеп қалған басым бұл фактіні өзім ғана оқи алатын етіп ұзақ жылдар тығып ұстауыма тура келді.


1988 жылы Шет ауданының құрылғанына 60 жылдығы қарсаңында баяндамада елдің басынан өткен қиындықты айтуға тырыстық. Сонда райкомның белді бір қызметкері 1930 жылы Шет ауданының халқының саны ері – 7116, әйелі – 6658 адам дегенді архивтен әкелді. Бұл барлығы 13772 ғана адам. Бұған сенбеуге тура келді. Себебі ғалым М.С. Мұқановтың «Этнический состав и расселения казахов средного жуза» деген кітабында 1824 жылғы санақта:


Қояншытағай: 1632 ер, 2176 әйел.


Кәрсөн-Керней: 3243 ер, 4324 әйел.


Әлтеке-Сарым: 3144 ер, 4192 әйел.


Барлығы: 18711 адам адам екені анық керсетілген. Қарағанды архивінің бастығы не іздеп келгенімді есті-


сімен суық қабақ танытып, ондай " материалдың жоқтығын айтып салған. Партархив, КРБ-нің архиві деген жабық. Сон- да да Госархивтен жүзге жуық папканы алып, әлденеше күн сарсылғам. Ақыры іздегенімді өліп-талып таптым. Бұл мәлімет таблица толтырған адамның көз жасына жуылған. Әбден сарғайған қағаздың өртеніп кетуі де ықтимал еді. Сақталуына бірінші себеп «мал басы туралы мәлімет» делінуі, екіншісі ла- тын әріпімен жазылуы сияқты. Әлденеше күн сарғая іздеп отырған менің өзім аттап өтіп кетіп барып «ең болмаса мал санын алайын» деп қайта оралдым. Жылаған баланың өксігіне, еңіреген үлкеннің көз жасына толы осы бір мәлімет



  • таблицаны жұртшылыққа толық ұсынып, таныстырғанды жөн санадым.


 


Мәлімет


(Шет ауданының 1930–31–32–33 жылдардағы мал басы)


 
























































Жыл реті



 


Барлық үй саны



Барлық жан саны



 


Жылқы



 


Сиыр



 


Түйе



 


Қой-ешкі



Барлық саны



1930


жай шаруа бай құлақ Бар- лығы:



 


 


6663


 


76


 


6739



 


 


29069


 


387


 


29456



 


 


15319


 


5023


 


20392



 


 


20751


 


689


 


21640



 


 


10062


 


1196


 


11278



 


 


116192


 


28380


 


144572



 


 


162344


 


35488


 


197832



1931


жай шаруа бай құлақ Бәрі:



 


 


6828


 


325


7153



 


 


32857


 


1789


34646



 


 


20561


 


2196


22757



 


 


22746


 


254


23000



 


 


11263


 


520


11763



 


 


125171


 


11866


131687



 


 


179741


14836


194577



1932


жай шаруа бай құлақ колхоз- дарда Бәрі:



 


 


5115


 


400


 


2360


7475



 


 


21460


 


1687


 


13421


36568



 


 


10710


 


119


 


5865


16694



 


 


5780


 


29


 


5247


11056



 


 


4784


 


31


 


1456


6274



 


 


21167


 


102


 


6170


27379



 


 


42384


 


281


 


18738


61403



1933


жай шаруа серік- тес- терде Бәрі:



 


 


108


 


 


1336


1444



 


 


358


 


 


445


5021



 


 


45


 


 


494


563



 


 


15


 


 


531


546



 


 


21


 


 


78


111



 


 


11


 


 


521


532



 


 


92


 


 


1642


1766



 


Атсыз бір тармақ: онда 24 жылқы, 12 түйе көрсетілген. Сол графада адам саны жоқ. Ол басқаруда жүрген бел- сенділер, млиция, сот, прокурор, мұғалім т.б. болса керек.


Ал мұнан кейін табылған тағы бір деректе 1926 жылы Шет ауданының қазағы 48311 адам екені айтылған. Сонан 1930 жылға дейін кәмпескелеп қудалап 36568 адамға дейін азайтылған.


 


Сөйтіп 1932 жылдың басында Шеттегі 36568 қазақтан, 1933 жылы 5021 адамы ғана тірі қалған.197832 бас малдан 1768 басы ғана бар. 1928 жылы кәмпескеден кейін мал басының 10-15 есе азайып кеткенін үлкендердің бәрі ай- тады. Сол азайған 197832 бастың енді 1933 жылы жұрнағы ғана қалыпты.


Адамды атуды да, айдауды да жоспарлаған үкімет жос- парын орындау үшін жер-жерде дәреже қуғандар аянбай еңбек етіпті. 1930 жылы бай-құлақ саны 76 болса, 1931 жылы 325,1932 жылы 400 боп шыға келіп, тап жауын құрту жоспа- ры асыра орындалып, елдің жаппай қуғын сүргінге түскені көзге ұрып тұр.


Әр үйге 150-ден 500 басқа дейін мал тапсыру салығы түсіп, барынан жұрдай боп, күзді күнгі шыбындай боп қырылып жатқанда аудан бойынша егін егуді 12 күнге бі- тіруді, бесжылдықты төрт жылда орындауды жопарлап, ұрандап жатқанына сау адамның миы жетуі мүмкін емес.


1930 жыл документтерінде Шет ауданының халқының саны дұрыс есептелмей, кем көрсетіліп отырғаны өте жиі айтылады. Тіпті басшыларына сөгіс те берілген. Мұны фонд


№1, опис №1, дело №10, көруге болады. Бұл жағдай әрі қарай зерттеуді қажет етті. Жойып жібермесе жазылғанынан жазылмайтын архив статистикасы 1926 жылы Шет ауданын- да 48311 адам болғанын дәлелдеп отыр. Сонымен осыншама елдің 1933 жылы 5021 адам қалғаны шырқыраған шындық.


Осы күнгі Шетке көршілес аудандар халқының басына түскен қызыл дозақтың тауқыметі де кем емес. Сол Қара- ғанды архивіндегі Р-2, оп 1:4 «материалы о работе 1-ого окружного съезда советов Каркаралинского округа, на- селение Каркаралинского округа 1934 на 11» деген мате- риалда мына факті көрсетілген:


Қу (Егіндібұлақ) ауданында – 3545 адам Шет ауданында – 6467 адам


Жаңаарқа ауданында – 5960 адам Қоңырат ауданында – 8111 адам Қарқаралы ауданында – 10564 адам


 


Баянауыл ауданында – 10504 адам


Зұлматтан кейінгі өткен жылда ауданда халқы бір, не екі мыңға өсіп қалған. Оның көбі иесіз жерге ие боп қалу үшін қалған, орыс, шүршіт т.б сияқты келімсектер, совхоздарды нығайту үшін жіберілген европалықтар еді. Біразы аштықтан бас сауғалап тірі қалып, енді қайта оралғандар болатын. Шет халқы 5021 адамнан 6497 кісіге өскен. Қарқаралы, Баянауыл- да соның өзінде 10 жарым мың адам ғана.


Аштан қырылғандардың жаппай жерленген жерін табу бүгінгі ұрпақтың ісі. Шетте аудан орталығының төменгі тұсында, Бақай бәйбішенің зиратының жанына жерлен- ген 400-ге тарта адамның мүрдесі жатыр. 70-жылдары бұл зұлматты елдің есінен шығарып жіберу үшін сол жерге ав- тобаза салып, жыпырлаған қабірдің үстінен машина жүргізіп қойды. Қазір ол жерді қоршап, қорғауға алған боп жатыр- мыз. Сол сияқты ГПУ-дің ескі үйінің артындағы сайға өте көп адам жерленген. Бұл жерде атылғандар да болса керек. 60-жылдардың орта кезінде ол жерді егін екпесе де қасақана жыртып тастады. Осы күнгі көп бейіттің дәл ортасында бір шұңқырға 525 адамды көмгенін Ыбыштың Жүнісі, Құтжантегі Жұматай, Шәукей Жұқанұлы ақсақалдар бүгінде көрсетіп отыр. Осы күнгі сауда қоғамының (РайПО) кеңсесі 1932 жылы Детдом болған. Сол жердің іргесіндегі үй орнындай шұңқыр 1955-56 жылдарға дейін өлген балалардың сүйегіне толы бо- латын.


Просторный совхозының маңына осы ғасырдың басын- да келген Лакман деген неміс қазақтармен қатты достасып кеткен. Ол кісі 1933 жылы талай таныс адамның, не оның отбасының қай жерде аштан қырылғанын айтып, сүйектерін тауып, өзі жерлескен екен.


Осы күнгі Жарық станциясында темір жол тартамыз деп жұмыскер ретінде – көп қазақты жинаған. Жағдай ауыр- лағанда басшылар жұмыскерлерді тастап, тайып отырған. Осы жерде 200 ден аса адам өлгенін Ә. Маясарұлы айтып отыр.


 


М. Күзгібеков 30-жылдардың бас кезінде Жаңаарқада қызмет еткен.Сол кісі ауданның ескі орталығы тұрған Ап- паз өзенінің бойындағы кірпіш күйген жерде М. Ағыбаевтың үйінен 200 қадамдай жерге 200-ге жуық адамды бір, ұраға көмген айтады.


«Дружба» совхозындағы қарт ұстаз Зәрубай Тәжитов сол жиын деген жердегі мешіт маңында кырылғандарды жазда қалай көмгендердің көзі тірі куәсі.


Қазақтың аштан қырылуы 1932 жылмен біткен жоқ. Ол 50-ші жылға дейін созылып келді. Зейнеткер Нұрмұханов Төлеутай 1948 жылы Сәтбаев (Никольск) қаласында ФЗО- да болғанын, өзін еріксіз жетім деп салып жібергенін айта келіп, сол ФЗО-да қазақ жетімдерінің февраль, март, апрель- де 60-тан астам баласының аштан өлгенін хабар етеді. Ол осы жерден Байқожаның Смағұлының қызы Күленмен бірге кеткенін, сол қыз асын Төлеутайға беріп асырап, өзі аштан өлгенін бізге жеткізген.


Ел ашығып жатқанда үкімет құлақ естімеген қылмыс істеді. Жылқыны маңқа деп жаппай атып, тартып алынған малдың етін тау-тау қылып үйді, белсенділер «ет планы» деп үй-үйді тінтіп, ең соңғы талшық азығын тартып алды. Тау-тау ет 1932 жылдың жазында сасыды. Тіпті сасыған еттерді де аштарға бермеді. Сейтіп бір ғана Нілдеде 100 мың тонна ет өртелді. Мұндай жағдай Бұрма,Спаскіде болған еді.


Халық аштан қырылып жатқанда ел басына кездейсоқ келген көрсоқыр басшылар той тойлап жүрді. Шет ауданы- ның ауатком төрағасы Қуанышев үкімет жәрдемін әкелуді де ұйымдастырмай күнде мас болып, детдомдағы орыс бикешімен әуей боп жүрді. Ауданның партия басшысы М.Байбоқышев жұмысын тастап қашып кетті. Сөйтіп, про- курор, милиция бастық дегендер іс түзсіз жоғалды.


Аштық тым ұзаққа созылды. 1932 жылы шыңына жеткен аштық 1933-34 жылдары ішінде де жалғасып жатты. Архив (фонд 5, опис №1) 1934 жылы Шет совхозының жұмыскері М.Мұқабаевтың нан сұрағаны үшін сабалғанын айтады. Өзінің өзегі талып, көзі аштықтан қарауытқан, бала-шағасы үшін нан сұрауға правосы болмаған. Қайран халқымның


 


бейшара болған күндері есімізге келген күні бүгінде түнімен дөңбекшіп, жүрек сыздап шығады.


Архив /Р5, оп №3; 70/ 1934 жылы Жылқы 840


Сиыр 1593


Қой 2186


Түйе 125


Райзо Жексенбаев деп салқын мәлімет береді. Өзегі талған ел ес жия алмаса да (есін жию 1990 жылға дейін бол- мады ғой) тырбана бастағандай.


Осы күнгі өскен елдің көбі зұлмат қырғынын ұмыт-қандай, не шала білетіндей. Ол қалай деген заңды сұрақ туады. Оның жауабы да архивте жатыр. Р2/1/211/ отчеты, а, я/со- ветов перед избирателями за 1936 г/о.


 


















































































 


Р/с



 


Ауыл аттары



Бар саны



Тәртіпке шақырылғаны



Ер



Әйел



Ер



Әйел



1



Қызылтау



676



482





1



2



Аққоян



489



314





2



3



Тағылы



1301



804



1



1



4



Ақшоқы



391



193



1



1



5



Түлкілі



918



716



1



1



6



Қорғантас



251



211







7



Нұра



321



234







8



Ақшатау



669



509



1



1



Сөйтіп еркін сайлау есін жиғызбай, басқа көзге төпе- леп әр ауылдың естиярын Сібірге ала жөнелді. Бұл долы алдындағы репитиция еді. Халықты «кімдер тәртіпке шақыруға көмектесті, оны ел де, архив те біледі.Мұнан соңғы оқиғалардың «Геройларының» аты-жөні де жазулы, сақтаулы, тек тірі жүргендері кешірім сұрай білулері керек қой, «мешкей» деген жақсы ат емес дегендей, «стукач- салпаң құлақ» дегеннің несі оңды.


Міне осы сұрапылдар халықты жадын «ұмыттырғандай» еді. Бірақ ел ұмытпапты.


1930 жылғы зұлмат кешегі Совет елінің талай жерінде


 


болған-ақ шығар. Бірақ қазақ халқындай орасан ойранға ұшыраған, халқының 70-80 проценті құрыған жағдай ешбір республикада болған емес. Бұл геноцид еді. Бүгінгі тірі ұрпақ ажалдың аузынан қалғандар. Ел басынан қаншама өкініш өтеді. Алла қазақ даласының халқының алдын оңдасын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу