Өлеңдер ✍️

  17.05.2021
  473


Автор: Роза Сейілхан

ДӨҢГЕЛЕК

Дөңгелек Ай көктегі дөңгелек күн,
Төніп тұрар үстінен дөңгелектің.
Дөңгелек көз ішінде дөңгелек жас,
Мен де сені неше рет дөңгелеттім.
Дөп-дөңгелек әлемнің дөңдерінен,
Бара жатыр көңілсіз дөңгелеп түн.
Дөңгелейді бәрі де, дөңгелесін,
Солар білер өмірдің өр, белесін.
Дөңгелетіп өрмекші тор салады,
Кейбіреулер көңіл де бөлмегесін.
Дөңгелейді бәрі де, дөңгелесін,
Дүние ыстық, өмір сол өлмегесін.
Таусылғанда талқаның пенде ғұмыр,
Дөңге қарап жалған деп көрге енесің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу