Өлеңдер ✍️

  17.05.2021
  164


Автор: Роза Сейілхан

ЖҰМАБАЙ ШАШТАЙҰЛЫНА

Алматы қарсы алған жоқ
күліп мені,
Есімде үмітімді үгіткені.
Қаланың қатыгездеу тіршілігі,
шығарды қанша ма рет сілікпені.
Сол кезде дем бердіңіз
бауырымдай,
Көрсетіп сабырлылық,
Тау ұлындай.
Білсеңіз, содан бері,
бұл шаһарың,
боп кетті маған туған
Ауылымдай.
Жаныңыз жақсылықты
көксер білем,
Бізге ортақ, туған жердің
өскен гүлі ем.
Шимайлап қаламым мен
қағазымды.
Өзімше басып келем
өкшеңді мен.
Жаныңыз адал аға,
баладай-ақ,
Биіктен неге, тағы Ай
қарады аяп.
Тәңірім, кейде сізге
беретіндей
жақсының барлығын да
аямай-ақ.
Тұнықсыз, көк жайлаудың
бұлағындай,
Шыдам жоқ, аға, сенің
шыдамыңдай.
Жайқалып шыға келер
ексе болды,
Жер бар ма аға, сенің
құнарыңдай.
Қызылсай, сіз білетін,
мен білетін,
Ерекше бір арманға
сендіретін.
Қырғызбай, менің әкем
Айтжандарсыз.
ол мекен, қалған сынды
Енді жетім.
Қашанда серік еттің қаламыңды,
Жан аға, мұң шалмасын
жанарыңды.
Ұлтына берері көп
аман қылғай,
Пайымы бөлек туған
Саналы ұлды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу