Өлеңдер ✍️

  17.05.2021
  201


Автор: Роза Сейілхан

ӨЛЕҢ, КЕШІР

Саудаға салсам, кешір
Сені өлеңім,
Сенімен деп ем,
Көктеп, көгеремін.
Өңменнен өтіп кетсе,
Шарам қайсы,
Киізі шұрық тесік
Керегемнің.
Өзіммен өзім жүргем
шықпай үнім,
Нөсерін төкті келіп
Бұлттай мұңым.
Туысың кінәлайды
Онан қалса,
Сендегі алапаттың
Ұқпай бірін.
Ол түгіл,
Жарың қойып кінә тағы,
Жаныңды
Жылатқанды ұнатады.
Ақынның мұң шекпеген
Кезі бар ма,
Күмәнмен атар ылғи
Сірә, таңы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу