Өлеңдер ✍️

  15.05.2021
  319


Автор: Қадыр Мырза Әли

Жайма-шуақ

Абайла
Күннің үкісін
Жіберер болсаң қозғап бір,
Сау етіп көктің күмісі
Төгіліп кете жаздап тұр.
Қажеті желдің жоқ тегі,
Үф — десең болды аздап бір,
Селдірлеу бұлттар көктегі
Сетінеп кете жаздап тұр!
Даусыңды — алмас қылышты —
Көтерер болсаң аздап бір,
Тырсиып піскен тыныштық
Жарылып кете жаздап тұр!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу