Өлеңдер ✍️

  14.05.2021
  202


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

Көршіміз бен «қабаған ит»

(Мысқыл)

Иә, бұл төбет қой, көк төбет,
Мойнына көп салды шынжыр дақ.
Көрген жоқ өмірге ол өкпелеп,
Шынжыры тұрсын тек сыңғырлап!

Шынжыр ғой, о сорлы шынжыр-ай,
Иттерге шынжырдың шылдыры – музыка
үніндей.
Шынжырды берген соң бір «құдай»,
Тұрады иттің де иттігі білінбей.

Деме, дос, болып па сол да өлең,
Ит пенен ит болсаң күн жырла, түн жырла.
Әңгіме: ит ұстар қолменен,
Иттерді байлаған шынжырда.

Иті де...
көрші де жақсы адам,
Жақсы адам – айтсақ та не біліп
«Қабаған ит» деген сөзді оқып қақпадан
Кетті жұрт иттерше ырылдай шегініп.
Жақсы адам. Сондықтан жүреміз именіп,
Сыздап тұр жүзі әне.
Тілді ол адамнан үйреніп,
Иттерден алыпты ызаны.
Ол менің бұл сөзімді естісе – бас кетті,
Ант етем куә ғып күн, айды!!
Шынжырлы ит беріп «құдайым» жақсы етті,
Әйтпесе, өзіне қай шынжыр шыдайды?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу