Өлеңдер ✍️

  14.05.2021
  165


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

Өз көзіммен

Жер,
Көк аспан,
Күн жанып тұр сұрапыл –
тіршіліктің үш негізі бұл берік.
Зырылдайды кинолента-уақыт –
Көре алсам-ау соның бәрін үлгеріп…
Мен анамды таныған ем ең алғаш
Осы көзбен – енді неге жаңылам!
Содан кейін...
туған жердің үстінде
аспанымды танығам.
Келе-келе кетті «ұсақтап» бұл көзім –
Көрер болдым көрші қыздың бұрымын.
Елеусіздеу алып өтті күн де өзін,
Екі бөліп көк аспанның күмбезін.
Соны көріп үйренген көз, міне енді
Көріп отыр кабинетті, кілемді.
Бұл жанарда қанша ай мен жыл өлді? –
Жоқ, өлген жоқ, бәрі маған тиелді.
Мен тірімін, жылдар тірі мен көрген!
Менің санам – естеліктер жинағы.
Бәрін де мен ұмытар ем,
Осы көзде тұрмаса
ана байғұс аспанымның дидары...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу