Өлеңдер ✍️

  14.05.2021
  237


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

Шанада

Айнала аппақ, аппақ дала қар аппақ,
Ойнайды жел аппақ қарды парақтап.
Бір шанада екеу отыр құнысқан,
Шана артында үйіріледі күміс-шаң.

Тұяқтардан кесек-кесек ұшқан қар
Домаланып безіп барад - ұстаңдар!
Құрысқан қол көтерілген жағаны
Әлсін-әлсін ебедейсіздеу қағады.

Таяп қалды, таяп қалды екінді.
Боз аспанның батыс жағы кетілді.
Бірте-бірте қүн барады қызарып -
Жіберген-ау мынау өмір ыза ғып?!

Сұрғылт мұнар сайға қонып қалыңдап,
Көлеңке жүр жыраны өлшеп адымдап.
Көкжиектің сұп-сұр болған ернінен
Қып-қызыл күн сүйді-ау бір сәт жалындап!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу