Өлеңдер ✍️

  14.05.2021
  166


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

Тамшы

Құм – жалаңаш жатыр еді, обал-ақ:
Қарауытып дір-дір етті дөң, алап.
Тамшы, тамшы келеді әне домалап,
Көк бұлтының бар сезімін тонап ап.
Мөлдір тамшы қонды құмға секпіл боп,
Жұрт шу етті: секпіл, секпіл деп тілдеп.
Мөлдір еді, мөлдір еді тамшы бұл –
Кеудесінен шыққан үндей әншінің.
Енді қалай болды қоңыр, қарала –
Қарамашы, қарама!..
Көмейіне түйдек бұлттар тек келіп,
Көкжиек тұр үндей алмай кептеліп.
Ал, сол тамшы сәуле болып туды да…
Ақырында құмға сіңді – кетті өліп.
...Тамшы тапты Жерді – мәңгі мекенін,
Мезгіл-ана тербетеді мекені мен екеуін.
Өкінбес ед, білмейді ғой сол тамшы
Жердің-дағы тамшыға ұқсас екенін?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу