Өлеңдер ✍️

  14.05.2021
  189


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

Жылжиды түнім, жылжиды...

Жылжиды түнім, жылжиды,
Бу-айдында гүл жүзді.
Көкжиек-обыр қылғиды
Төбемнен өткен жұлдызды;

Батады жұлдыз, кәрі аспан
Батысқа аунап түсті бір.
Қараңғы, жарық таласқан –
Төменде оттар, үсте іңір...

Кетеді ой кейде түңілтіп,
Алдайды кейде арманмен.
Бітірмесем бүгін түк,
Ұяламын-ау таңнан мен...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу