Өлеңдер ✍️

  14.05.2021
  155


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

Ұшқыр болсаң, қара бұлт..

Ұшқыр болсаң, қара бұлт,
Шың қабағын баспас ең!
Көк төсінде жаралып
Қалай қондың тасқа сен?

Қайсар десе сенем бе,
Ұялмайсың жылаудан.
Ірмелесің төбемде
Керуендей жүгі ауған.

Жүргізіп жел әмірін
Қойныңа енді кеуледі.
Берді-ау саған әуелден
Жүрегі жоқ кеудені!

Аттай алмай тау-қырдан
Шүйіліп кеп төнесің.
Өзің қашып дауылдан
Кімді қуып келесің?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу