Өлеңдер ✍️

  14.05.2021
  236


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

Шомылып мөлдір өзенге...

Шомылып мөлдір өзенге,
Сергіп те қап ем оянып,
Жауапты бір кезеңге,
Келіп те қаппын таянып.

Ғажайып қырлар гүлденген,
Қызылды-жасыл боялып.
Бояуы кеппеген күндерден,
Қуанып қалдым ой алып.

Болмайтын сын-ды тоқталсам,
Жетпейді ақыл-қиялым:
Күйдірем нені – от болсам,
Су болсам – қайда құямын?

Уақыт қуып барады –
Асығып келем, асығып.
Сырындай мына даланың
Ашылып келем, ашылып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу