Өлеңдер ✍️

  13.05.2021
  194


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

Жартас

Баяғы мүсін бір қалып,
Тапжылмайсың орныңнан.
Кектендің кімге сұрланып,
Кім екен сені қор қылған.
Түнердің мұнша сен неге?
Аспан тұр ғой мөлдіреп.
Әлде өкіндің: «кеудеме
Жапалақ кеп қонды» – деп.
...Ызғар кетпес жүзіңнен,
Ізі қалмас жыл айдың.
Көлді көріп күліп ем,
Сені көріп мұңайдым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу