13.05.2021
  606


Үш науқас

Бір күні ауруханаға жұмыс сапасын, адамдардың ауруынан айығуының қандай деңгейде екенін көру үшін арнайы тексеру үшін мамандар жіберіледі.Тексеріс кезінде науқастарға жауапты адам жол көрсетіп, бір бөлмеге кіреді. Бұл бөлмеде үш псих отырады.
-Міне, біздің ауруынан айығып келе жатқан науқастарымыз.
-Ал,енді бұны,қарап көрейік,қазір...- деп, отырған үш адамға бұрылады.Үшеуі де жан-жағына жалтақтап қарай береді. Біріншісіне сұрақ қойғалы жатып, сұрағын іштей ойланып: «Көбейтуден қойсам ба екен? Жо-жоқ, ең оңайы қосудан сұрақ қойып көрейін»,- деп:
-Екіге екіні қосқанда неше болады? - дейді. Сонда бірінші науқас:
-Он мың болады - дейді тістерін ақсита көрсетіп. Тексеруші:
-Аа, солай ма, әйтеуір, цифр айттың ғой. Ал енді сені көрейік. Екіге екіні қосқанда неше болады? - деп сұрағын қайталайды.
-Ол да сөз боп па, қазір, ы-ы-ы-ы...О,таптым!- «Сәрсенбі» шығады деп жауап береді.
-Иә, сіздерің емдеуде қандай дәрежеде екені және науқастардың халі де нашар екені көрініп тұр, оны айтпаса да белгілі! - деп сөзін қадап-қадап айтты. Жауапты адам:
-Енді, қолымыздан келгенше барлық амалын жасап жатырмыз.
-Жарайды, енді үшінші науқасымызды көрейік - деп оған да сұрағын қайталайды.
-Төрт шығады!- деп, бірден жауап береді. Бәрі таңырқай қарап, одан үміт күткендей, ауруынан айығып келе жатқанына көзі жеткендей қуанып кетеді.
-Оны сен қалай таптың?- дей бергенде, науқас теңселіп отырып:
-Енді дұрыс емес пе? Он мыңға сәрсенбі қосқанда төрт шықпай ма? - депті тексерушінің бетіне жымия қарап!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу