Өлеңдер ✍️

  10.05.2021
  203


Автор: Ардақ Жолдыбаева

Біреулер бар..

Бiреулер бар баймын деп шалқақтаған,
Маған кiм жетедi деп асқақтаған.
Бiреулер бар қарапайым тақыр кедей,
Бiр түйiр нанға зар боп жалтақтаған.

Бiреулер бар нағыз суайт, балпақтаған,
Өтiрiкпен өмiр сүрiп, ант аттаған.
Бiреулер шындыfымен жаға алмай,
Ащы тұздай сөздерiн салмактаған.
 
Бiреу бар қара ниет, өр көкiрек,
Көп нарсеге қызғанышпен тұр жекiрiп
Бiреу бар ашық мiнез, сабыр қылған,
Бар ашуын кететiн үгітiлiп.

Адамның қадiрi мен қасиетi.
Бабалардың тастап кеткен өсиетi.
Адамдар жаксылыққа ұмтылайык,
Сақтайық ақ бақыттың көзi етiп...

Ойдан туындаған ойлар...
23.02.17 2:41




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу