Өлеңдер ✍️

  10.05.2021
  266


Автор: Ардақ Жолдыбаева

Мен білетін бұл күзден....

Мен білетін бұл күзден сиқыр көргем
Алтын түспен аптайтын сиқын білгем
Бір уақытта қойылымын аяқтай қап
Көрерменнің жасаураған жасын өрген


Мен білетін бұл күзден көрдім бəрін
Қайтпас қайсар булыққан ащы зарын
Бір жайдары, бір тікмінез болсадағы
Егіншілер шырқайтын шаттық əнін

Мен білетін бұл күзден жылу бартын
Қыс келместен басатын суық əрпін
Күннің көзі дəрумен боп шал кемпірге
Леп еседі аңда-саңда салқын, салқын...

Мен білетін бұл күзім суретші еді
Ойы түпсіз, тереңде барлық шегі
Қиялыма сыймаған дүниені
Табиғаттан көріп тұрмын тағы тегін

Мен білетін бұл күзге 18 жыл...
18 жыл жасарды кейбір ғұмыр...
Ал бірінде дəурен өтіп, шашы ағарып....
Білінеді əр жүрісте бəсең сырыл..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу