Өлеңдер ✍️

  10.05.2021
  205


Автор: Ардақ Жолдыбаева

Осылай міне таң атқан...

Осылай міне таң атқан
Дұға етем Тəңір Жаратқан
Басталады тағы да
Жаңа өмір таза парақтан...

Дейді ғой мені сүрінсін
Жерге де біраз үңілсін
Сыртымнан пышақ сұғады
Өмірде мынау түңілсін

Қол жайып дұға етемін
Жақсылық тілеп бəріне
Алланың құлы екенмін
Нұрымыз жүрер төгіле

Дұшпанға таба қылмасын
Ісіміз болсын оңынан
Қол жайып дұға қылғасын
Ризығын берсін молынан




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу