Өлеңдер ✍️

  10.05.2021
  199


Автор: Ардақ Жолдыбаева

Сара Тоқтамысоваға...

Естігенде көңілім көп толқиды.
Көзімдегі тамшыны да жұлқиды.
Сара əпкемнің "Ақеркесін" естісем
Күйге түсем ойламаған сан қилы.

Айтыстарда көре қалсам қуанам
Елге ақыл айтқанында құп алам
Қолға қалам алысымен бір сəтте
Шын көңілмен сіз туралы жырлаған

Ізгілердің сонау жолын жалғаған
Құлағымда құюлы екен салған əн
Бұл Ардақтың кішігірім өлеңі
Тоқтамыстың Сарасына жолдаған




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу