Өлеңдер ✍️

  10.05.2021
  43


Автор: Ардақ Жолдыбаева

Өзім туралы...

Өміріміз мәнді болса бақыт қандай?!
Əрбір таңда нұр шуағын шашқандай
Жетістігім баспалдығы өмірдің
Əр баспалдақ таңымдағы ақ арай

Көкте шолпан жерді қимай тұрғандай
Пəк көңілде үміт оты тұнғандай
Балалық шақ зулап өтті байқасам,
Уақыт шіркін, тоқтамайды зырлап -ай.

Оқу,білім болды тек бастағы ой.
Ойда тіпті болмапты бастаңғы, той.
Ілім іздеп, тура жолды таңдағанмын.
Мені бұған жетелеген арманым ғой.

Тек білсем деп ұмтыламын сұңқарлардай.
Қазақта Фариза мен Ұлпандардай.
Бойымда бар мінезім кернеп тұрса
Өр биікте болармын жол таңдамай!


 


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы