Өлеңдер ✍️

  10.05.2021
  403


Автор: Белгісіз

Абай мәңгі ұлы тұлға! (Арнау)

Мәңгі тірі ұлы Абайы қазақтың,
Жыр жүрегі ұлы ақыным, кемеңгерім.
Ой қосып, жүрек қозғар өлеңдерін,
Қара сөздің қаламы Абай ата.
Есімі мойындатқан әлем елін,
Қалықтап қара өлең қанатыңда,
Ұлы Абай біздер үшін дара тұлға.
Еліктеп өлең жаздым бала ақын боп,
Болмасамда, ұқсап бағып дана ақынға.
Ұлы -Абай
Дара-Абай
Дана-Абай
Қара сөзі, өлеңі тәлімге бай.
Қалың елім қазағым Абай тілін,
Сөйлесе екен деймін шұбарламай.
Тәуелсізбін, мен бүгінде азатпын,
Тату елмін, мәңгілікпін, ғажаппын.
Ұлы сөздің ұлылығын ұқтырған,
Мәңгі тірі ұлы Абайы қазақтың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу