Өлеңдер ✍️

  10.05.2021
  248


Автор: Белгісіз

Қанағат қыл

Қанағат қып, барыңды бағалаумен,
Шүкір еткін осынау жалғаншыға.
Жақсылығым қайтпады адамдардан,
Деп өкпелемегін, Алла куә.

Көп демегін, өмірден көргеніңді
Аллаға аян, сезбеуің сөнгеніңді.
Қайырымдылық жасасаң, өзің үшін
Жария қылып жар салма бергеніңді.

Маңайыңа мейіріммен төніп бір
Жетім сипап, мерейін шын көрік қыл
Өзгелерді бағалап ақшасымен,
Күлме жоққа, Алла бәрін көріп тұр...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу