Өлеңдер ✍️

  10.05.2021
  322


Автор: Белгісіз

Жетімдерді жылатпа

Бір жетімек қуанса,
Он періште той қылар.
Жетімдерді жылатып,
Байларың бар той құмар.

Миллиардтаған ақшадан,
Жоғалтып алса теңгесін.
Қасқырдай ашу танытқан,
Кедейден асып ол жылар.

Бір Аллам бар білсеңіз,
Байлықты беріп сынаған.
Бір күні байды көрсеңіз,
Биіктеп барып бір құлар.

Жетімдерді жұбатсаң,
Періште саған бақ сұрар.
Намысын таптап жылатсаң,
Тозақтан саған тақ сұрар.

Қуантсаң оны күлдіріп,
Шайтандар кеп зар жылар.
Көмек берсең жетімге,
Шайтандар тасқа бас ұрар.

Жетімдерді бауыр көр,
Айналайын қазағым.
Қолыңнан келсе көмек бер,
Қазағым сенің бауырың!

Жетімдерді жылатпайық ағайын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу