👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  10.05.2021
  110


Автор: Айжан Жарасбекова

Абай атама арнау

Абай - көктем,
Абай - жаз,
Абай - жаңбыр.
Тармағында жырланған сан мұң тағдыр.
Абай - бұлақ
Абай - су, тасып аққан.
Мызғымайтын, жылжымайтын көшкінсің,
Эвересттің мұздығын басып жатқан.
Қазағымның маңдайында дарасың,
Дәрменсізге қорған болған панасың.
Әрбір қазақ ақынымен мақтанар,
Абай сөзін ұран қылып атқа  алар.
Халық болып жырлайық біз Абайды,
Барша елдер ұлы адам деп санайды.
175 жыл толып отыр Абайға,
Таң қалдырған поэзиясы талайды.
Абай - дара, Абай - дана әлемде,
Арнаймыз біз жыр шашуды Абайға!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы