Өлеңдер ✍️

  10.05.2021
  253


Автор: Белгісіз

Ыбырай Алтынсарин туралы

Туылған 41-дің ақпанында,
Торғайдың тоғылатты қапталында.
Жас тайы әкесінен жетім қалып,
Нәр берген атасы жас жалынға
Есейді, келді бүркін Орынборға,
Қазаққа білім берер орын барма?
Сауат ашар сол қала мектебінен,
Қабылданды, төрінен орын ала.
Аяқтап, жеті жылда бұл оқуды
Үйренді ,көп оқуды, көпті оқуды.

Бір жыл жүрді ойланды, бұл қазаққа
Оқымаса қалады шын мазаққа,
Санасына ұлтымның сәуле шашып,
Қалады екен бұл ел мәңгі азапта.
Осы жылы арманға бұрды бетті,
Мектеп ашу ойына бекіп келді .
Төрт жыл жүріп ақыры дегені болып,
Он төрт қазақ баласын оқушы етті.
Содан бастап аямай жігер күшті,
Ұстаз болып дәм татты, ашты- тұшты

Еңбек еткен еліне біраз батыр
Сол мектептен ақыры түлеп ұшты.
Бұл күнде ұлы жанның басты арманы,
Орындалды,барша қазақ бос қалмады.
Тәуелсіздік- деп жырлап жүргеніміз,
Ыбырайдай алыптардың жол салғаны...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу