👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  10.05.2021
  69


Автор: Айжан Жарасбекова

Бақыт деген не?

Бақыт деген-ең алдымен сенің ата анаң,
Сен үшін дұғада болатын әрдайым.
Алыс жолдан ат терлетіп келгенде,
Құшақ жая қарсы алатын әрқашан.
Барғой сірә, бұғанда зәру адамдар
Ата -ананың қамқорлығын көрмеген.
Ал, екінші сенің отаның
Жерұйығы ерекше болған жақұтың
Иісіне топырақтың жетпейді,
Шашсақдағы әлем иіс суларын.
Табиғаттың тылсым күші ерекше
Таудан аққан таңғы кәусар бұлағың,
Сол ғой сірә, сенің нағыз бақытың...


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы