Өлеңдер ✍️

  10.05.2021
  307


Автор: Белгісіз

Мұқағалиға арнау

Ақиық ақын өлең жыр мұзбалағы
Сізге арнап жас балаң жыр  жазады
Тартылмайды мәңгілік өзің құйған,
Маржандай мөлдір таза жыр аралы.

Ақын ата кемеңгер дара тұлғам,
Өзгеше басқалардан сенің тұлғаң.
Мұхит болып Мұқаңдай жыр жазамын,
Мен өзіңдей ақындыққа белді буғам.

Мұқағали мәңгі өшпес ұлы ақын,
Ұрпағымын жалғастырар мұрасын.
Дауыл тұрып ,қарсы шығып жатса да,
Шамшырақ болып мәңгі жанып тұрасың .

Жерде жүріп көкті аңсаған  аққу қаз,
Іздеп сізді тұратындай қарасаз.
Білмеймін сырға толы  жырларыңды,
Ұрпағыңның бүгінде қарасы аз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу